И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Еңбектестіктің әрекетке ықпалының жалпы сипаттамасы



бет145/188
Дата03.12.2023
өлшемі2.28 Mb.
#485251
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   188
Педагогикалык психология китабы толык Зимняя - копия

Еңбектестіктің әрекетке ықпалының жалпы сипаттамасы

Оқу процесін ұйымдастырудың түрлі формаларының (фронтал-дық, даралық, бәсекелестік, әріптестік) тиімділігін салыстырмалы зерртеулердің басым көпшілігі еңбектестік формасындағы арнайы ұйымдастырылған оқу процесінің оған қатысушалардың іс-әрекетіне жағымды әсерін растайды. Бұл, еңбектестік жағдайында күрделі ақыл-ой тапсырмасы табыстырақ орындалатынынан (Г.С. Костюк, В. Янтос және т.б.), жаңа материалды жақсы меңгеруден көрінеді (В.А. Кольцова және т.б.). Х.И. Лийметс жұмыстарында, мысалы, оқушылардың топтық жұмыстарының олардың коммуникативтік іскерліктері деңгейлерінің жоғарылауына белсендіруші және мотивтендіруші ықпалы көрсетілген [114].


«Мұғалім-оқушы» схемасы бойынша даралық жұмыспен салыстырғанда топішілік еңбектестік тура сол міндеттерді орындау тиімділігін кем дегенде 10%-ға жоғарлататыны дәлелденген. Зерттеулер, еңбектестікке түсуші топтар құрамының біртектілігі (гомогендік) немесе әр тектілігі (гетерогендік) мәселесінің бір мағыналы еместігін және топ ішілік еңбектестікті диадалық, триадалық немесе жалпы топтық принцип бойынша ұйымдастырудың артықшылығын көрсетеді. Алайда, көптеген зерттеулер мәліметтері бойынша, триада диададан (Л.В. Путляева, Р.Т. Сверчкова, Я.А. Гольдштейн, Т.К. Цветкова) және жалпы топтық (7-12 адам) өзара әрекетке қарағанда өнімдірек (Я.А. Гольдштейн) екені, бірақ топтың ұжым құраушы артықшылығын асыра бағалау қиын (Л.А. Карпенко) екені анықталды. Бірақ еңбектестікті ұйымдастырудың кез-келген нұсқасында ол даралық жұмыстан тиімдірек.
Триаданың артықшылығын сипаттай отырып, Л.В. Путляева және Р.Т. Сверчкова топтың неғұрлым үлкен алқалылығын, үлкен дәлелділігін (диадаға қарағанда пайда болатын ойлар санының көптілігінің есебінен), неғұрлым үлкен контакттылығы мен лабильділігін белгілейді. Маңыздысы, қарым-қатынас жүйесінде үшінші жақтың пайда болуы оған жаңа сапа – рефлексивтілікті береді. Атап өтілген триаданың артықшылықтарын білім беру процесін ұйымдастыруда есепке алу маңызды, өйткені оқыту практикасында даралық және диадалық (жұппен жұмыс істеу) жұмыс формалары, фондық, көбінесе сыныптың нақты басқарылмайтын, фронталды жұмысында әлі де болса кең тараған.
Жалпы топтық еңбектестікті ұйымдастыру, әрине, әлі көп қиындықтарды көрсетеді (триадалық ұйымдастырумен салыстырғанда), бірақ тек сол ғана топтың, ұжымдық іс-әрекет қалыптасатын, мұғаліммен теңсеріктес еңбектестік үшін ұжымдық субъект жиынтығы ретінде қалыптасуын дайындай алады. Бұл жерде ұжымдық іс-әрекет принципі үш тұрғыдан жүзеге асады: үйренушілердің ұжымдық шығармашылыққа деген ұстанымымен, әр шәкірттің қойылған міндетті орындауға белсенді қатынасуымен және әр шәкірттің іс-әрекет тұлғалық-мәнді пәнін таңдауымен, яғни осы пәнді белгілеу құралдарын, оның көріну және оны артық көру тәсілдерін білу мағынасында, мұның өзі оқу процесінің дараландырылуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет