И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Проблемалық ситуациядағы міндеттерді орындау кезеңдері



бет87/188
Дата03.12.2023
өлшемі2.28 Mb.
#485251
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   188
Педагогикалык психология китабы толык Зимняя - копия

Проблемалық ситуациядағы міндеттерді орындау кезеңдері

Оқу проблемалық жағдайындағы міндеттерді орындау бірнеше кезеңдерді ұйғарады. Бірінші кезең – дайын түрде оқытушы тұжырымдаған немесе үйренушілердің өзі анықтаған міндетті түсіну. Соңғысы - міндет проблемалықтың қай деңгейінде орналасуына және үйренушінің оны шеше алу қабілетіне байланысты.


Екінші кезең – үйренушінің міндетті «қабылдауы», үйренуші үшін ол тұлғалық мәнді болып, өзі үшін орындалуы тиіс, тек содан кейін ғана түсініліп және шешімге алынуы тиіс.
Үшінші кезең міндетті орындау эмоционалдық уайым (өкініш пен өзіне риза болмаудан көрі қанағаттану дұрыс) және өз міндетін қою мен орындау тілегін тудыруы тиіс. Міндетті дұрыс түсіну үшін тапсырманы тұжырымдаудың рөлін атап өту маңызды. Егерде міндет «талдаңыз», «себебін түсіндіріңіз», «сіздің ойыңызша себебі неде» деген тапсырмалар формасында тұжырымдалған болса, онда оқушы жасырын, латентті байланыстарды анықтайды, міндетті орындаудың белгілі бір логикалық бірізділігін іздейді. Егерде тапсырма «сипаттаңыз», «айтып беріңіз» формасында берілсе, онда студент міндетті түсіну мен қабылдау үшін, орындау үшін қажетті эксплициттік берілгенді мазмұндаумен шектеледі (К. Дункер, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Н.С. Мансуров). В.А. Малахова жүргізген зерттеулерде көрсетілгендей, «түсіндіріңіз» және «сипаттаңыз» сияқты міндет формалары іс жүзінде баланың ойлауы мен оның сөздік білдіруін белгілі бір жолмен бағыттайтын түрлі міндеттер болып табылады. Сонымен қатар, түрлі жас топтарында тапсырманың императивті және императивті емес формаларының әсері біршама түрліше болып келеді.


Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет

Іс әрекеттің құрылымдық компоненттерінің бірі әрекет болып табылады – кез-келген іс-әрекеттің морфологиялық бірлігі. Бұл адамзат іс-әрекетінің маңызды «құраушысы». «Адамзаттық іс-әрекет әрекет формасы немесе әрекеттер қатарынан өзгеше түрде бола алмайды, ... іс-әрекет әдетте ортақ мақсаттан бөлінген жеке мақсаттарға бағынатын әрекеттердің қандай да бір жиынтығымен іске асырылады» [112, 154-155 б.]. А.Н. Леонтьев бойынша, «әрекет –түрткісі оның затымен сәйкес келмейтін (яғни, өзі бағытталған нәрсемен), керісінше осы әрекетті қамтитын іс-әрекетте жататын процесс [111, 289 б.]. Сонымен қатар, «әрекет заты оның тікелей, түсінілген мақсаты болып табылады» [111, 290 б.]. Басқаша айтқанда, егерде түрткі тұтастай іс-әрекетпен байланыстырылса, онда әрекет белгілі бір мақсатқа жауап береді. Іс-әрекеттің өзі әрекеттерден көрінсе, ол мотивтенген және мақсатты болса, онда әрекет ретінде тек мақсатқа жауап береді.


А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясында көрсетілгендей «іс-әрекет пен әрекет арасында ерекше бір қатынас бар. Іс-әрекет түрткісі жылжи отырып әрекет затына (мақсатына) айналуы мүмкін. Нәтижесінде әрекет іс-әрекетке айналады... Дәл осы жолмен жаңа іс-әрекеттер туындайды, шындыққа деген жаңа қатынастар пайда болады» [111, 290 б.]. Мұндай айналуды А.Н. Леонтьев келтірген мысалмен көрсетейік: бала тапсырманы орындап отыр, оның әрекеттері шешім табу мен оны жазу болып табылады. Егер бұл оқушы болса және оның әрекеттерін мұғалім бағалайтын болса, және де ол оларды орындай бастаса, себебі шешім табу мен нәтиже алудың өзі оған қызықты, онда бұл әрекеттер іс-әрекетке, берілген жағдайда – оқушының іс-әрекетіне «айналады». Егерде бұл мектепке дейінгі жастағы бала болса және оның тапсырманы орындауы, нәтижесінде баланың ойнауға баратыны не бармайтынымен мотивтендірілсе, онда тапсырманы орындау тек әрекет болып қалады. Осылайша, кез-келген, соның ішінде оқу іс-әрекеті де әрекеттерден тұрады және де оларсыз іс-әрекет мүмкін емес, ал әрекеттер болса іс-әрекеттен тыс бола алады. Оқу іс-әрекетін осылайша қарастыруда тек оған енетін түрлі оқу әрекеттері ғана талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет