И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет7/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Гештальт психология (М. Вертгеймер, В. Келер, К. Коффка – 
ХІХ ғ. басы), К. Левиннің мінез-қҧлықтың динамикалық жҥйесі 
тҧжырымдамасы немесе алаң теориясы, Ж. Пиаженің генетикалық 
эпистемиологиясы 
немесе 
интеллектің 
кезеңдеп 
дамуы
тҧжырымдамасы, ол инсайт, мотивация, интеллектуалды даму 
сатылары, интериоризация, тҥсініктерінің қалыптасуына ҥлес қосқан 
(оларды сондай-ақ, әлеуметтік бағытта жҧмыс істейтін француз 
психологтары А. Валлон, П. Жане қарастырған).
Ж. Пиаженің операционалды тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 20-
шы жылдарынан бастап ойлау мен интеллект дамуының негізгі 
дҥниежҥзілік теорияларының бірі болуда. Бҧл тҧжырымдаманың 
контекстінде 
әлеуметтану, 
центрация-децентрация, 
бейімделу 


15 
ӛзгешелігі, әрекеттердің қайтымдылығы, интеллектуалды даму 
сатылары сияқты тҥсініктер зерттелуде. Ескере кететін жағдай, Ж. 
Пиаже ХХ ғасыр ғылымына «психиканы зерттеудегі синтетикалық 
ықпалдың» ерекше ӛкілдерінің бірі ретінде кірген [104, 26 б.]. 
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Г.У. Найссер, М. Бродбент, 
Д.Норман, Дж. Брунердің және басқалардың когнитивті психологиясы 
білімге, хабардар болуға, семантикалық есті ҧйымдастыруға, 
болжаушылыққа, хабарды қабылдау және қайта ӛңдеуге, оқу және 
тҥсіну процесіне, когнитивтік стилдерге аса кӛңіл бӛлген.
А. Маслоу, К. Роджерстің ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы
гуманистік 
психологиясы 
«клиентке 
негізделгену» 
терапия 
тҧжырымдамасын, ӛзін-ӛзі ӛзектендіру, адамзат қажеттіліктерінің 
пирамидасы (бағыныстылығы), фасилитация (жеңілдету немесе 
белсенділеу) категорияларына алға ҧсынып, шәкіртке негізделген, 
оқытуға деген гуманистік кӛзқарасты қалыптастырған.
Педагогикалық психологияның дамуына И.М. Сеченов, И.П. 
Павлов, К.Д. Ушинский. А.Ф. Лазурский, П.Ф. Лесгафт, Л.С. 
Выготский, П.П. Блонский сияқты және т.б. отандық ойшылдар
педагогтар, жаратылыстанушылардың жҧмыстары ҥлкен ықпалын 
тигізді. Барлық отандық педагогикалық тҧжырымдамаларға негіз болған 
– К.Д. Ушинскийдің (1824-1870) педагогикалық антропологиясы. Онда 
оқытудың тәрбиелік сипаты, адамның іс-әрекеттік табиғаты бекітілген. 
Оқытудың әдістері мен мазмҧны категориясын зерттеу К.Д. 
Ушинскийдің еншісі.
Л.С. Выготскийдің (1896-1934) мәдени-тарихи теориясы – 
психиканың, тілдің, тҥсініктік ойлаудың даму теориясы, оқыту мен 
дамытудың байланысы, мҧнда біріншісі алға озып, екіншісін артынан
ілестіреді, даму деңгейлері тҥсінігі, «жақын даму аймағы» және де 
кӛптеген басқа да фундаменталды мәселелер қандай да бір дәрежеде 
соңғы онжылдықтағы педагогика-психологиялық тҧжырымдамасының 
негізіне енді. Мысалы, М.Я. Басовтың іс-әрекет тҧжырымдамасы, А.Н. 
Леонтьевтің іс-әрекет теориясы, С.Л. Рубинштейннің іс-әрекеттің ӛзінің 
категорясының жалпы әдістемелік зерттеулері (әсіресе субъектілік 
тҧрғыда), психикаға жалпы ықпалдасуына ыңғай таныту, оның 
ересектік кезеңдегі даму ӛзгешелігін анықтау, Б.Г. Ананьевтің және 
тағы басқалардың ерекше жас кезеңі – студенттік кезді бӛліп қарауы 
білім 
беру 
процесін 
психологтық-педагогикалық 
ҧғынуға, 
педагогикалық психологияның дамуына сӛзсіз әсер етті.
ХХ ғасырдың ортасында отандық психологияда қалыптасқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет