И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет169/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1996. Разд. ІІ. 
Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В 2 т. М., 
1983. Т. 1. 


297 
2 тарау. Оқу-педагогикалық еңбектестік 
 
§ 1. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы 
 
Еңбектестік қазіргі күннің беталысы ретінде 
 
Ресейдегі бҥкіл білім беру жҥйесі, соның ішінде жоғарғы білім 
беру де қазіргі кҥні идеялардың ықпалында болып отыр, бҧл идеялар 
жалпы және педагогикалық психология теоретиктері (Л.С. Выготский, 
А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Ш.А. Амонашвили және 
т.б.) мен бҥгінгі кҥнгі мектептердің алдыңғы қатарлы практиктерінің 
жҧмыстарында тҧжырымдалған (А.С. Макаренко, А.В. Сухомлинский 
және т.б.). Бҧл идеялар, жекелеп алғанда, еңбектестіктің қазіргі кҥнгі 
білім берудің анықтаушы негіздерінің бірі ретінде мақҧлдануынан 
кӛрініс тауып отыр. «Еңбектестік – бұл балалар мен үлкендердің бір-
бірінің рухани ӛміріне ӛзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы 
әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бекітілген
бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы.... 
Еңбектестік стратегиясының негізінде педагогтың оқушылары-
ның танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен бағыттау 
идеясы жатыр» [94, 16-17 б.].
Оқытуды ҧйымдастырудың осы формасының мәнінің ҧлылығы 
сонша, бҥкіл педагогикалық процесті еңбектестік педагогикасы ретінде 
қарастыру беталысы бар.
Оқудағы 
еңбектестік 
проблемасы 
(жҧмыстың 
ҧжымдық, 
кооперативтік, топтық формаларын) соңғы он жылдықтарда біздің 
еліміз бен шет елде белсенді және жан-жақты дамытылуда (Х.Й. 
Лийметс, В. Дойз, С.Г. Якобсон, Г.Г. Кравцов, А.В. Петровский, Т.А. 
Матис, Л.И. Айдарова, В.П. Панюшкин, Г.Магин, В.Я. Ляудис, Г.А. 
Цукерман, В.В. Рубцов, А.А. Тюков, А.И. Донцов, Д.И. Фельдштейн, Й. 
Ломпшер, А.К. Маркова және т.б.).
Оқушылардың  тікелей ӛзара әрекетіне негізделген, оқу жҧмысын 
белгілеу ҥшін, зерттеушілер «топтық жҧмыс», «бірлескен оқу іс-
әрекеті», «бірлесе бӛліскен оқу іс-әрекеті», «ҧжымдық-бӛліскен оқу іс-
әрекеті», «оқудағы еңбектестік» сияқты және т.б. атауларды қолданады. 
Қазіргі кҥні отандық педагогикалық психологияда кӛбінесе басқа 
терминдерге қатысты неғҧрлым сиымды, іс-әрекетке-бағытталған және 
басқа 
терминдерге 
ортақ 
«оқудағы 
еңбектестік» 
термині 
пайдаланылады, ол сонымен бірге, оқу тобының ішіндегі кӛп жақты 
ӛзара әрекетті және мҧғалімнің топпен ӛзара әрекетін білдіреді.


298 
Еңбектестік 
біріккен 
іс-әрекет 
ретінде, 
ӛзара 
әрекеттесуші 
субъекттердің 
белсенділігін 
ҧйымдастырушы 
жҥйе 
ретінде 
сипатталады: 1) кеңістік және уақыттық қатар болумен, 2) мақсаттардың 
бірлігімен 3) іс-әрекетті ҧйымдастыру және басқарумен, 4) 
функцияларды, әрекеттерді, операцияларды бӛлісумен 5) позитивті 
тҧлға аралық қатынастардың болуымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет