И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет189/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Қиындықтар анықтамасы 
Қарым-қатынастағы қиындықтар (іс-әрекеттегі) – адамның 
болжанған (жоспарланған) қарым-қатынасты жҥзеге асырудағы 
«іркілісті» субъективті бастан кешіру кҥйі, яғни қарым-қатынас 
серігінің оның әрекеттерін қабылдамауы салдарынан, мәтінді тҥсінбеу 
(хабарды), серігінің тҥсінбеуі, комммуникативтік ситуацияның, ӛзінің 
психикалық кҥйінің ӛзгеруі және т.б. салдарынан болатын «іркілістер». 
Қиындықтар іс-әрекетттің, қарым-қатынастың тоқталуы, ҥзілуі, оларды 
жалғастыру мҥмкін болмау формасынан айқындалады (А.К. Маркова).
Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы 
тҥсіну, 
объектілендіру 
проблемалық 
жағдайдың 
пайда 
болу 
шарттарының бірі екенін, мҧның ӛзі ойдың (С.Л. Рубинштейн) пайда 
болуы мен алға жҥруінің алғышарты мен негізі болып табылатынын 
есепке ала отырып, ол педагогикалық психологияда адамның интеллек-
туалдық іс-әрекетін белсендендіру факторы, қалыптасқан «қиын» 
жағдайдан шығудың жаңа тәсілдері мен қҧралдарын табуды ынталан-
дыру факторы ретінде де қарастырылуы мҥмкін. Осыған байланысты 
педагогикалық қарым-қатынас процесіндегі қиындықтардың позитивті 
және негативті
функцияларын бӛледі.
Қиындықтар функциясы 
 
Қиындықтардың позитивті функциясы (А.К. Маркова бойынша) 
«... екі мәнге ие: а) индикаторлық (мұғалімнің назарын аудару; мысалы, 
зейінді мұғалім ӛзінің қиындықтарын оқушыларының қателіктерінен
кӛреді); б) ынталандырушы, жұмылдырушы (мұғалімнің іс-әрекетін 
қиындықтарды талдау мен оларды жеңуде белсендендіру, тәжірибе 
жинақтау)» [129, 84 б.]. Осы тҧрғыдан мҧғалімнің кҥрделі 
педагогикалық немесе коммуникативтік міндеттерді сәйкес шешпеу 
салдарынан туатын қателіктерге қатысты мҧғалім позициясының 
екіжақтылығы кӛрнекті. Біреулері мҧндай іс-әрекетте қате жіберуге 
болмайды десе, басқалары оларды қажетті және міндетті тҥрде болатын
элемент ретінде қарастырады.
Сонымен бірге, А.К. Маркова қиындықтардың негативті 
функцияларын да бӛледі, олар да екі мәнге ие: «а) тежеуші 
(қиындықтарды жеңу жағдайының болмауы кезінде немесе ӛз-ӛзіне 
қанағаттанбау болған жағдайда мысалы, ӛзін-ӛзі бағалаудың тӛмен
болуы) және б) деструктивті, қиратушы (қиындықтар іс-әрекеттің 


332 
тоқталуына, ыдырауына, мектептен немесе кәсіптен бас тартуға
әкеледі)» [129, 84 б.].
Әдетте іс-әрекетте, қарым-қатынаста адам тек осы процестердің 
ары қарай қалыпты іске асуына кедергі келтіретін жағдайларды ғана 
белгілеп отырса, мҧғалім ҥшін ӛз басынан ӛтетін қиындықтарды да, 
оларды ҥнемі қиындықтар ретінде саналы тҥсінбесе де білу маңызды. 
Іс-әрекет субъекттері оны қиындықтар, кедергілер ретінде тҥсінетін 
бірлескен іс-әрекетте, қарым-қатынаста кездесетін ауыртпалықтар мен 
кедергілер, зерттеу (Е.В. Цуканова) нәтижелерінің кӛрсетуінше, іс-
әрекеттің сипаты мен қарым-қатынастың жағдайына сәйкес келмейтін 
мінез-қҧлықтан, контакт орнату мен оны сақтау ерекшеліктерінен
қарым-қатынасқа тҥскен адамдардың психологиялық жайлылығының 
деңгейінен, олардың эмоционалдық кӛңіл-кҥйлерінен байқалады. 
Қиындықтар осы жағдайлардың біреуінде байқалынуы мҥмкін, алайда
кӛп жағдайда олардың бірнешеуінде бір мезгілде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет