2 тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің
субъекті ретінде
§1. Педагог - кәсіби қызметінің саласында
Педагогикалық мамандық
Педагогикалық психология дәстҥрлі тҥрде арнайы бӛлім –
«мҧғалім психологиясын» қамтиды, мҧнда мҧғалімнің кәсіби рӛлінің
маңыздылығы атап кӛрсетіледі, оның функциялары, қабілеттері,
ептіліктері қарастырылады, оған қойылған талаптар мен қоғамда оған
қатысты қалыптасқан әлеуметтік кҥтулер талданады. А.К. Маркованың
айтуынша: «мамандықтар - бұл қоғамға қажетті, тарихи
қалыптасқан іс-әрекет формалары, оны орындау үшін адам білімдер
мен дағдылар қосындысына сәйкес, қабілеттер мен кәсіби маңызды
сапаларға ие болуы керек» [130, 15 б.].
Мҧғалім, Педагог мамандығы, дәрігер мамандығы сияқты, – ең
кӛне мамандықтардың бірі. Онда ҧрпақтар сабақтастығының
мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог – бҧл
ҧрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи
тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тҧтастығы, жалпы
ӛркениет, ҧрпақтардың мираскерлігі кӛп жағынан Мектеп - Мҧғалім
рӛлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын,
Мҧғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмҧны, еңбек жағдайлары,
сандық және сапалық қҧрамы ӛзгергенмен де, кәсіптердің ӛзгермелі
дҥниесінде айнымас болып қалады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулердің
кӛрсетуінше, мҧғалімдердің сандық қҧрамы 1980 жылдан 1994 жыл
аралығындағы жылдар бойынша тең емес мӛлшерде қалады да және
ауылдық жерлерде де ӛзгере отырып, 1993 жылға дейін ӛсу беталысына
ие болған [203]. Педагог мамандығының бҥкіл дҥние жҥзінде
феминизациялану фактісі ӛзіне назар аудартады, әсіресе Ресейде әйел-
мҧғалімдердің саны 80% артық [203, 10 б.], мҧның ӛзі ер адамның
ықпалын талап ететін, ҧлдарды, жасӛспірімдерді тәрбиелеу сипатына
әсер етпей қоймайды.
Педагогикалық іс-әрекеттің даралық субъекті ретінде бола
отырып, педагог сонымен бірге, қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер
мен қҧныдылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай,
педагогтың субъективті сипаттамасында ҥнемі аксиологиялық
(қҧндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бҧл
жерде екіншісі, сонымен қатар жалпы мәдениеттік және пәндік–кәсіби
127
білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагог әр қашан,
даралық-психологиялық,
мінез-қҧлықтық
және
коммуникативтік
сапалардың алуан тҥрлігі тҧсында да тҧлға болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |