165
ырықтылығының қалыптасуы, ережелер жҥйесіне бағдарлану іскерлігі
және т.б. Мектепте
оқуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген
жаңаны ашуға қуану, жаңа дҥниеге, ҥлкендер дҥниесіне ену ретіндегі
қатынасын білдіреді. Бҧл жаңа міндеттерге, мектеп, мҧғалімдер, сынып
алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу, оған қызығу кіші
мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр. Дәл осы
қызығушылыққа танымдық қажеттілікті эмоционалдық бастан кешіру
ретінде, яғни кіші мектеп оқушысының танымдық қажеттілігі осы
қажеттілікке жауап беретін оқыту мазмҧнымен «кездескен» кезде оқу
іс-әрекетінің ішкі мотивациясы негізделеді.
Тосулар (экспектациялар) жҥйесі, тҥсініктік,
ғылыми ойлау
алғышарттарының қалыптасқандығы сияқты дайындық негізінде жатыр.
Бҧл дайындық бҥкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы
ретінде, отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың
бҥкіл жҥйесінің нәтижесі ретінде тҥсініледі. Баланың мектепке
дайындығы бірқатар талаптардың қанағаттандырылуымен анықталады.
Оларға жататындар: баланың жалпы физикалық дамуы, жеткілікті
білімдер кӛлемінің болуы, ӛзін-ӛзі кҥтудің, мінез-қҧлық мәдениетінің,
қарым-қатынастың, қарапайым еңбектің, «тҧрмыстық»
дағдыларының
болуы; тілдің дамуы; жазудың алғышарттарының болуы (қол
саусақтарының ҧсақ бҧлшық еттерінің дамуы); ынтымақтастық
іскерлігі; оқуға ниеттену. Оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде оқушыға
қажетті интеллектуалдық, тҧлғалық, іс-әрекеттік сапалар тіпті дҥниеге
келген сәттен бастап қалыптасады. Олардың қалыптасқандық
деңгейінен елеулі мӛлшерде баланың мектеп ӛміріне енуі, оның
мектепке деген қатынасы және оқудың табыстылығы, оқу іс-әрекетіне
қосылғандығы тәуелді [143].
Бастауыш мектепте кіші мектеп
оқушысында осы кезеңдегі
жетекші іс-әрекеттің негізгі элементтері, қажетті оқу дағдылары мен
іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар
ары қарайғы ғылыми білімдер жҥйесін меңгеруді, ғылыми,
теоретикалық ойлаудың дамуын қамтамасыз етеді. Мҧндай оқуда,
кҥнделікті
ӛмірде
ӛз бетінше
бағдарланудың
алғышарттары
қалыптасады. Осы кезеңде
«баладан тек елеулі ақыл-ой жұмсауды ғана
емес, сондай-ақ үлкен физикалық тӛзімділікті талап ететін»
психологиялық қайта қҧру жҥреді [43, 71 б.]. Кіші мектеп оқушысы
сыртқы немесе, А.А. Люблинская терминдеріндегі, практикалық
белсенділіктің ҥстемдігімен сипатталады және де бҧл
белсенділіктің
кҥші орасан зор [122, 56-57 б.]. Зерттеушілер кіші мектеп оқушысы,
яғни жаңа позицияға, субъект ретінде оқушы позициясына ие болғанда
166
кездесетін бірқатар қиындықтарды анықтайды. Бҧл жаңа тәртіп
қиындықтары, мҧғаліммен жаңа қатынастар қиындықтары [143]. Осы
кезде бастапқы мектеппен танысу қуанышы жиі осы қиындықтардан ӛту
дәрменсіздігінен туындайтын енжарлықпен, селқостықпен алмасады.
Мҧғалімнің осы жас кезеңінің негізгі психикалық жаңа қҧрылымдарын
есепке алуы ӛте маңызды – кез-келген оқу пәнін меңгеруде кӛрінетін
әрекеттердің ішкі жоспары, ырықтылығы және рефлексия. Осы жаста
ӛзін оқу субъекті ретінде саналы тҥсіну басталады.
Тҥрлі міндеттерді орындау іскерліктерін, жаңа білімдерді игеруді,
оқудағы ынтымақтастық қуанышын, мҧғалім беделін қабылдауды
қамтитын оқу іс-әрекеті білім беру жҥйесіндегі адамның дамуының осы
кезеңінде жетекші болып табылады (А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В.
Давыдов). А.Н. Леонтьев бойынша, жетекші іс-әрекет ҧзақ кезеңді алып
қана
қоймайды, сондай-ақ оның арнасында: а) іс-әрекеттің басқа, жеке
тҥрлері қалыптасады; б) сенсорлық-перцептивті, мнемологиялық және
атенциондық функциялардың жиынтығы ретінде интеллект дамиды
және в) іс-әрекет субъекті тҧлғасының ӛзі қалыптасады. Кіші мектеп
оқушысының оқу іс-әрекетінде жазу, оқу, компьютермен жҧмыс істеу,
таңдамалы іс-әрекет тҥрлері қалыптасады.
Жетекші іс-әрекеттің
толықтай сипаттамасын Г.А. Цукерман келтіреді (қосымшаны қараңыз).
Кіші мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде ӛзі де осы
іс-әрекетте дамиды және қалыптасады, талдаудың, синтездің,
жалпылауды, жіктеудің жаңа тәсілдерін меңгереді. В.В. Давыдов
бойынша мақсатты дамыта оқыту жағдайында бҧл қалыптасу білімдерді
игерудің жҥйелігі мен жалпылығы есебінен жылдамырақ және
тиімдірек іске асырылады.
«Оқу іс-әрекеті мектеп жасында жетекші
болатын себебі, біріншіден, оқу іс-әрекеті арқылы баланың қоғаммен
негізгі қатынастары іске асады; екіншіден, оқу –іс-әрекетінде мектеп
жасындағы бала тұлғасының негізгі сапаларының да, сондай-ақ
жекеленген психикалық процестердің қалыптасуы іске асады», - деп
Д.Б. Эльконин кӛрсетеді [237, 84 б.]. Кіші мектеп оқушысының оқу іс-
әрекетінде ӛзіне, дҥниеге, қоғамға, басқа ададарға деген қатынасы
қалыптасады және ең бастысы бҧл қатынас, оқытудың мазмҧны мен
әдісіне, мҧғалімге, сыныпқа, мектепке және т.б. деген қатынас ретінде
негізінен осы іс-әрекет арқылы жҥзеге асырылады.
Ӛмір жағдайының ӛзгеруімін, отбасынан немесе бала бақшадан
мектепке ауысумен байланысты кіші мектеп оқушысында ҥстем
беделдер біршама ӛзгереді. Ата-ана беделімен қатар мҧғалім беделі де
пайда болады. «Ал мҧғалім былай айтты» - деп бала шешесінің
айтқанына қарсы шығады. Бастауыш мектептің соңына қарай, дамудың
167
макрофазасы ретінде негізгі бейімделу кезеңі (А.В. Петровский
бойынша)
аяқталғанда, оқушы тек қана оқу іс-әрекетінің ғана емес,
сондай-ақ, белсенді тҧлғааралық ӛзара әрекеттесудің де субъекті бола
бастайды, оның ӛзі ӛте маңызды. Кіші мектеп оқушысы жеткіншек бола
бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: