Ы. Алтынсарин атындағы №19 орта мектебі кмм



Дата27.06.2016
өлшемі55.74 Kb.
Ы. Алтынсарин атындағы № 19 орта мектебі КММ.

А Ш Ы Қ С А Б А Қ


Тақырыбы :

Сандақ дайындау жұмыстары .



Дайындаған мұғалім : Тлеубергенов С.Е.


Сатпаев қаласы .

2009 – 2010 оқу жылы .

«___»______ 200_ ж. « Бекітемін »

Технология мұғалімі : Директор № 19

Тлеубергенов С.Е. Жандарбекова Б.А.

Тақырыбы : Сандық дайындау жұмыстары .

1. Мақсаты : Оқушыларға ағашпен жұмыс істеу әдістерін, жолдарын үйрету, оқыған білімдерін одан әрі жетілдіру .Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға, әсіресе станокта, қол құралдарымен жұмыс барысында ұқыптылықты сақтап тәртіпті оқушы болуға талпыну керек .
2. Дамушылығы : Сандық дайындауға қажетті материалдарды таңдауға үйрету, таныстыра отырып құрал-саймандарды тиімді пайдалануға, жұмыс тәртібімен оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тәрбиелеу .

3. Тәрбиелік мақсаты : Оқушының жұмыс істеу қабілетін арттыру, жұмысқа арналған құрал-саймандарды жұмыс алдында жөндеуге, күте білуге тәрбиелеу .


Құрал – жабдықтар : Сызғыш, қарандаш, балға, тістеуік түрлері, ара, шапошот, шеге, шуруптар,жиналмалы өлшеуіш құралдар .
Көрнекілігі : Жұқа тақтайлар, брусок –рейкалар, фанера-оргалит, краска-лактар , қалың сымдар, қаңылтыр, клей түрлері. Сандық дайындау нұсқау картасы, құрал – саймандар түрлері, плакаттар .
Сабақтың түрі : Теориялық, сандық жасау үлгісі – тәртібі . 40-45 минут.
Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Бүгінгі сабаққа кезекші тағайындау, дәптер-қаламсаптарын түгендеу .
Кіріспе инструктаж : Өткен тақырыпты пысықтай отырып, жаңа сабақты

тұсіндіру .



Жаңа сабақ : Оқушылар , бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы : « Ағаштан сандық дайындау « . Яғни, бүгін тоқталатынымыз сандақ жасауға қандай ағаштар қажет, оның өлшемдерін анықтаймыз. Сандық қабырғаларына бірдей қалыңдық тағы да төрт қырлы рейка 22-27 данасын дайындаймыз, содае кейін әрбір қабырғасына бірдей қылып оргалитті өлшеп арамен кесіп аламыз. 10 қабырғаны тік бұрышты қылып арамен кесеміз . Ағаш кесуге арналған қандай ара түрлерін білеміз ?Кескен ағаштардан өлшемдерін бірдей қылып бес қабырға етіп құрастырамыз. Ол үшін шеттеріне, ортасына рейканы қойып шегемен қағамыз . Қағылған дайын қабырғалардың шеттерін егеу, зүлпарамен тазалап, тегістейміз . Екінші жұмыс, осы сандықтың қақпағын дайындауға кірісеміз. Ол үшін алдыңғы қабырғаға бірдей қылып қалыңдықта рейка дайындаймыз. Екі жақтауы орта қабырғасы биік, дөңес болуы керек . Қабырғаларын құрастырғасын қақпақтың бетін оргалит ДВП мен қаптаймыз. Артық жақтауларын арамен кесіп, шеттерін егеу-зілпарамен тегістейміз . Келесі жұмыс, сандыққа топса, құлып ілгіші, тұтқасын қалың сымнан, жұқа қаңылтырдан дайындап орындарына орналастырамыз .
Оларды жұқа қаңылтырдан, 8 мм. Қара сымнан формасына сәйкес жасап, сандық қақпағына, сандық жақтауына орналастырамыз. Сандық құрастырып біткесін шеттерін оргалиттен, жұқа қаңылтырдан ою-өрнек кесіп шегелеп жапсырамыз. Жұмыс аяғында ою-өрнек күйдіріп, жұқа бояулармен көркемдеу жұмыстарымен аяқтаймыз .
Сарамандық жұмыстар :Оқушылар бүгінгі сабаққа сандықтың бөлшектерін бөлек дайындауға кіріседі . Оқушыларды топ-топқа бөліп, жұмыс барысында сырттай оқушы жұмыстарын бақылау, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға көңіл бөлулерін естеріне салып отыру . Сандықтың төрт қабырғасын жинастырып біріктіреміз, сосын астыңғы қабатын дайындаймыз .Сандықтың қақпағын дөңес формада құрастырамыз. Қақпақтың өлшемі, сандықтың өлшемімен бірдей размерде болуы шарт . Жұқа қаңылтырдан сандықтың ілмешегін дайындаймыз, қара сымнан тұтқасын дайындаймыз. Дайын тұтқа, ілмегін сандыққа орналастырамыз. Оқушылардың жұмыстарын бағалай отырып, оқушы бір-бірінің жұмыстарын толықтырып отыруына жағдай туғызу керек . Әрбір топта 2-3 баладан болғаны абзал, шағын топ бір-біріне кедергі жасамау үшін .
Ағаш бөлшектерін құрастыру жолдары : Оқушылар дайындаған сандық бөлшектерін құрастыра бастацды .Біріншіден сандықтың төрт қабырғасын шеге немесе шуруп арқылы бір-біріне біріктіреміз, келесі жұмыс сандақтың астыңғы қабатын төрт жағынан шегемен біріктіреміз, сонда сандық мықты болуы керек. Дайын болған сандықтың бетіне сандық қақпағын топса арқылы орналастырамыз, қақпақ алдына ілмегін шуруп арқылы бекітеміз. Сандықтың екі жанына ортасына қарай ұстайтын тұтқаны бекітеміз. Міне сандық дайын болды . Келесі жұмыс: оргалит немесе жұқа қаңылтырдан ою-өрнек қиып сандықтың бетіне, бұрыштарына шегемен немесе клеймен орналастырамыз. Соңғы жұмысымыз, сандықтың астыңғы бұрыштарына шағын түрде аяқтарын бекітеміз. Дайын болған сандықты лакпен көмкеру немесе жеңіл түрде ашық түсте бояуымызға да болады .
Қорытынды бөлім : Дайын бұйымның сапасын тексеріп, аяқталған жұмыстарды верстак үстіне қойып ажарлап жеңіл түсте бояса немесе лакпен көмкерсе, сандығымыз жақсы көрінеді . Оқушыға дайындаған жұмыстары бойынша сұрақтар қойылып, соған және сандықтың сапасына қарай бағаланады . Оқушыларға топ-тобына қарай бағалап, марапаттап мақтау граматаны беруге болады.
Бекіту сұрақтары : 1. Сабақтың тақырыбы неге байланысты .

2. Сандықтың шығу тарихы және тұрмыста қолдану жолдары . 3. Сандықтың құрастыру жолдарын атап өт .


Үй тапсырмасы : Сандықтың басқа да түрлерін білесің бе ?

Сандықтың суретін салып кел .


Қолданылған кітаптар : Еңбек технологиясы , « Ата-мұра » 2003 ж. « Кітап »

2010 ж. Журнал : Қазақтың қол өнері , Дидактические

материалы ,2000 ж.

Сандық дайындаудың нұсқау картасы .

Пайдаланатын материалдар : Фанера, оргалит ДВП,

рейкалар , шеге-шуруптар,

қалың қара сым, жұқа

қаңылтыр, клей-лак-бояулар .



Рет.саны.

Жұмыстар түрлері .

Қолданатын материалдар .

Долбары, суреттері .

1.

Біркелкі размерда жұқа рейка дайындау : алдыңғы,артқы қабырға 10 дана. Екі жанындағы қабырға 10 дана.Астынғы қабырға 5 дана .

Карандаш, жиналмалы линейка, ара, сүргі , қалың ағаш,брусоктар.

Сандықтың алдыңғы,жанындағы ,астыңғы қабырғаны рейканы шегелеп құрастыру жұмысы.

2.

Фанера,оргалиттен сандық қабырғасын дайындау : артқы,алдыңғы қабырға 4 дана. Астыңғы қабырға 2 дана .

Карандаш, жиналмалы линейка, фанера, оргалит, ара, егеу,зілпара .

Дайын рейкаға фанера, оргалитті шегелеу жұмысы.

3.

Сандықтың қақпағын дайындау : рейка 2 дана, доғал тақтай 3 дана, оргалит,фанера.

Карандаш,жиналмалы линейка, брусок,тақтай, фанера,оргалит, ара, егеу, зілпара .

Рейка,тақтайды шегелеу, фанера, оргалитпен қаптау жұмысы .

4.

Жұқа қаңылтырдан : ілмешек, топса дайындау.Қара сымнан тұтқа жасау .

Сызғыш, кескіш,балға, темір қысқыш (тиска),жұқа қаңылтыр, қара сым, қайшы .

Топса жасау, ілмешек жасау, тұтқа жасау, оны орынына орналастыру .

5.

Дайын бөлшектерді құрастыру: сандықтың қабырғасын, сандықтың астын, сандық қақпағын біріктіру .

Шеге,шуруп, балға, отвертка, егеу,зілпараны пайдалану.

Құрастыру . Бояу, лакпен көмкеру жұмыстары.

Каталог: olderfiles
olderfiles -> Это должен знать каждый собственник жилья: Как правильно читать и понимать квитанцию по оплате жилищных и коммунальных услуг
olderfiles -> Отчет доходов и расходов по родительской плате, поступившей в декабре 2011 года
olderfiles -> Рефрактометрия. Градуировочный график. Алгоритм обработки данных. Линейная функция
olderfiles -> Гражданское право по Судебникам 1497 и 1550гг. Право собственности
olderfiles -> А1 ано а= 6А16 b=1548. Какое из чисел c, записанных в двоичной системе, отвечают условию a
olderfiles -> Про дату заснування «сторожі Бахмутовської» та міста Бахмут
olderfiles -> Глава Общая характеристика Соборного уложения
olderfiles -> ГенПрокуратура, интернет-приемная, «борьба с коррупцией»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет