Мағынасы жуық бірнеше одағай, не бір одағай салаластарша тізбектеледі; Бір
не бірнеше одағай мағына жағынан өзімен тығыз
байланысы бар сөйлемнің не
басында, не аяғында, не ортасында тұрады.
Тізбектеліп, бірін-бірі толықтырып тұрған одағайды салалас дейміз,
арасында кіші тыныс (үтір) қойылады. Кейінгі
сөйлемнен оқшауланып тұрса, не
ноқат, не сұрау, не леп белгісі жазылады (Одағай
көбінесе ойды салалас болып
аяқтайды):
Па, шіркін! Уа, бәрекелде! Ә-ә-әй, жоқ! Қап, ойбай-ай! Қап, әттеген-
ай! Оу, шы-рағым! Па, деген! Ой, алақай-ой! Әттең, қап! Әйт, боразна! Әй,
білмеймін! Тек, әй! Пай, сабаз-ай! (бұлар – салалас одағайлар; қайталақтаса да үтір
жазылады:
бай-бай-бай! Жоқ, жоқ, жоқ!).
– Ай, әй, ей, ой, өй, ау – дейтін шақыру одағайлары басқа одағайлардан бұрын
келсе, бөлек жазылады және бір-бірінен кейбір тыныс белгілері арқылы айрылады;
ал басқа одағайлардан кейін келсе, қосылып жазылады. Мысалы,
– Әй, шырағым –
шырағымай; ай, жоқ – жоғау; о, бәрекелде – обалдағай.
Қаратпа болып тұрған таптасқан сөздің аяғында шақыру одағайы келсе, ол
бөлек
жазылады; араларына ешбір белгі қойлмайды (
солай ау!? Үсен ау, келіпті-
ау).
Достарыңызбен бөлісу: