І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет149/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
. Қазақ тілі грамматикасының

Қолғап деген де осы сияқты, қап деген сөздің бөлек тұрған уақытта екі 
мағынасы бар: бірі – орыс тіліндегі мешок деген сөздің мағынасы; екіншісі – бір 
нәрсенің сыртынан кигізілген ыдысты атауы. Егер де қолғап дегендегі қап оңаша 
тұрғандағы мағынасынан айырылмаған болса, онда осы екі мағынаның екеуі де 
мұнда болған болар еді. Бірақ, қолғап дегендегі қап та мешок мағынасы қалмаған, 
тек екінші мағынасы чехол мағынасы ғана қалған. Олай болса, мұндағы қаптың 
мағынасы оңаша тұрғандағы қап сөздің мағынасымен бірдей емес, оның 
бірқатарын жойған, кеміген, жұқарған. Сөйтіп, қолғап-тағы қол деген сөз өз 
мағынасында тұрса да, қап деген сөз өз мағынасын өзгерткен. Өйткені, қап деп 
астық, жүн т.т. осындай заттарды салып қоятын белгілі бір ыдысты атайтын 
болсақ, қолғап дегендегі қапта бұл мағына қалмаған. Сондықтан, қолғап дегендегі 
қап бөлек тұрғандағы қап деген сөздің дәл өзі емес, мағынасы бірқатары өзгерген 
сөз болып шығады. Сондықтан, ол қол сөзімен бірігіп барып, бір-ақ сөз болып 
кірігіп, орыс тілінде рукавицыперчатка дейтін бір-ақ нәрсенің аты болып кеткен.
Кіріккен сөздердің ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысының өз алдына жеке 
мағынасы болмай, бәрі бірігіп барып, бір-ақ мағына береді деп осындайды 
айтамыз. 


Тағы да бірер мысал алып көрейік: сармай деген сөз кіріккен бір сөз бе, жоқ, 
сарысы өз алдына бір сөз де, майы өз алдына бір сөз бе? Мұны білу үшін сары 
деген сөз бұл арада өзінің әншейіндегі түс мағынасында тұр ма, жоқ, одан өзгерген 
бе? Осыны ашып алу керек. Егерде сармай деп аталатын заттың түсі әр уақытта да 
сары болатын болса, онда мұндағы сары сөзі өз мағынасында дер едік. Олай емес: 
сармайдың сары емесі де – ағы да, көгілдірі де болады. Сондықтан, «мынау сармай 
сары екен, мынау сармай ақ екен» деп айта аламыз. Міне, мұнда сармай дегендегі 
сары түстің аты емес екендігін, бір кезде майдың түсін көрсету үшін жұмсалғанмен 
де, бүгінде майдың түсін ашу үшін емес, тегін ашу үшін – қаймақтан жасалған 
май екендігін ашу үшін жұмсалатын кіріккен сөздің бір бөлшегі екенін көреміз. 
Өйткені, түсі сары емес майды да (түсі ақ, көгілдір майларды да) сармай дейтін 
болсақ, мұндағы сары түс мағынасында болмағаны болады. Сондықтан, мұндағы 
сарыны сары, cарырақ дегендегі сары мағынасынан айырылған деп тану керек 
болады. Олай болса, сармай деген кіріккен сөз болып шығады. 
Біздің сым темір деген сөзімізді татар тілінде тимір шыбық дейді. Әрине, 
әуелде мұндағы тимір (темір) деген сөз шыбықтың ағаш шыбық емес, темірден 
жасалған екендігін көрсету үшін қосылған. Бірақ, бүгінде татардың тимір шыбық 
дегендегі тимір деген сөзі темір мағынасында емес. Өйткені, сымның қандай 
металдан жасалған екендігін ашып айтқысы келсе, татарлар: «бұсы бақыр тимір 
шыбық, бұсы тимір тимір шыбық» деп айырады. Тимір шыбық дегендегі темір өз 
мағынасында тұрған болса, бақырдан жасалған сымды бақыр шыбық дер еді де 
қояр еді. Тимір шыбық деген сөзге бақыр деген сөзді әкеліп анықтауыш қоймас еді. 
Өйткені, бұл нәрсе әрі темір, әрі бақыр болуы мүмкін емес қой. Таяқты не ағаш 
таяқ деп, не темір таяқ деп қана айта аламыз ғой, «бұл таяқ – ағаш темір таяқ» 
деп айта аламыз ба? Оның үстіне, темір деген сөздің өзін екі қайтара айтып, темір 
темір шыбық демес еді. Темір деген сөзді мұндай екі қайтара айтып отырғаны екі 
темірдің біреуі темір мағынасынан айырылып қалғандықтан.
Осылай болып, екі сөзден, немесе үш сөзден құралған тіркестегі бір сөздің, 
не барлық сөздің мағынасы өзгеріп, бұрынғы мағынасынан шығысқан болса, ондай 
тіркестің бәрі жиналып, бір мағынаны көрсетеді де, бір-ақ сөз болады. Сондықтан, 
сөйлемде де бәрі жиналып барып бір-ақ мүше болады.
Үшінші, кіріккен сөздердің қайсы біреулерінде біреуінің не екеуінің де 
формасы жай қалпындағыдан өзгеріп, басқа түрге түседі. Мысалы, ашудасбелбеу 
т.т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет