І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет47/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   151
. Қазақ тілі грамматикасының

Түбір мүшенің таптары 
Шылау: (анықтамасы берілген сияқты ... Е. Ж.). 
Демек шылаулардың бір түрі түбірге тек мағына үстеу қызметімен 
қанағаттанбай, оны басқа түбірлермен байланыстыру қызметін де атқарады.
Тапқа бөлуде: әр сөз табының өзіне арнаулы қосымша болады, басқалардың 
қосымшасын жолатпайды. Бұл сөздердің бірінен-бірін айыруға себеп болады. 
Демек, әр сөз табының морфологиялық қосымшасы бар дейміз.


Барлық сөз табы сөз арқылы хабар беру үшін жасалған. Етістіктер тек 
баяндауыш, зат есім сөйлемнің қай мүшесі де бола алады, әсіресе, толықтауыш 
болуға ыңғайланып жасалған. Себебі: басқа сөз таптары толықтауыш болса, зат 
есім мағынасына ие болып қана толықтауыш бола алады.
Сипат есімдер тегінде анықтауыш болу үшін жасалған. Басқа мүше болу 
үшін ол сипаттан басқа мағына қосып алуы қажет. Демек, сөз таптарының кейбірі 
белгілі бір сөйлем мүшесі болады. Алайда мүше бола алмайтыны да бар; белгілі 
орында тұратыны да, тұрмайтыны да бар; зат есім сөйлемнің қай мүшесі де бола 
алады, етістік таза тұлғасында тұрып анықтауыш бола алмайды. Сөздің қай сөз 
табына жататындығын сөйлем құрылысындағы қызметі мен тұрған орнына қарай 
айту керек. Сондықтан сөз таптарының синтаксистік қасиетін ескеру керек. Оны әр 
сөз табының арнаулы қасиеті деу керек.
Тапқа айырғанда үш түрлі негізге сүйенеміз: 
1) лексикалық қасиеттеріне қарай;
2) морфологиялық қасиеттеріне қарай: қандай қосымша, қандай қосалқы 
ерітетіндігіне қарай; 
3) сөйлемде қай мүше болатындығына, қай орында тұратындығына қарай.
Осы үш сипаттың үшеуі бірдей табылса, сонда ғана түбірді белгілі бір сөз 
табы деп санауға болады. Енді сөз таптарын жекелейміз... 
Тіл және дыбыстың шығуы 
Қол бір кезде аяқ міндетін атқарып, кейін ол міндеттен босаған. Бірақ бұл 
босауы қоғамдық мақсаттан емес. Акад. Н. Я. Марр бұрынғы кезде дыбыс тілінің 
алдында ым тілі (қол тілі) болғандығын айтады. Бірақ ол тіл де еңбектен 
ажырамаған, сондықтан ол өндіріс тілі болған. Марр дыбыс болмады дегенді қай 
тілдің басымырақ қолданылу, қолданылмауы ретінде айтады. Әйтпесе ол заманда 
да дыбыс тілі болған. Бірақ ол дыбыстар пайдаға асырылмаған. Қурайды кейінгі 
заманда сыбызғы қылдық қой, тіл дыбыстарын да кейінірек пайдаландық. 
Дыбыстарды қатынас құралы еткенде де алғашында дефузды түрде 
пайдаланғанбыз. Дыбыстар дауысты, дауыссыз болып тапқа бөлінген кезде 
дауыстыларды соңырақ пайдаланғанбыз. Дене мүшелеріміздің ішіндегі ең алдымен 
біздің дегенімізге көнген мүше – қол. Қол бәрін істейді, бұл мүше бәрінен бұрын 
жетіледі. Сондықтан қол сөйлеу құралы да болды. Сөйлеу тілінің кеш шыққандығы 
соншалық, адам баласы қару істеп үйренгеннің өзінде де жақсы сөйлесе алмаған. 
Ол кезеңде сөйлеудің пайдасынан қолдың пайдасы көп болған. Адам табиғатты 
арбаған: ысқырса жел келеді (шығады); Ежелгі қауым мүшелері табиғаттың 
жасырын сырымен астарласып, оны жеңем деген; айқайласаң киік қашады екен деп 
түсінген (магическое действие). Ол күнде дыбысты тіл ретінде емес, дабыл, 
шақыру есебінде, келе-келе дұғаға пайдаланған. 
Осы заманда Африкада да, Австралияда да қол тілі бар, сонымен бірге сөйлеу 
тілі де қолданылады. Сондықтан бір ауыл әрі қол тілін, әрі сөйлеу тілін 
пайдаланады; Екі тіл қатар жүреді. Олардың айырмасы сол – қол тіл ауыл-ауылға 
ортақ болса, дыбыс тілі әр ауылдың өзінде ғана түсінікті. Әуел қол тілімен 
түсініскендігі осы күнгі дыбыс тілінен де көрінеді. Мәселен, орыста сказать пен 


указать сөздерінің түбірлес болуы – көрсету мен айтудың бір функция міндетін 
атқарғанына дәлел болады.
Дыбыс тілі шығып сараланғаннан кейін де, кейбір дыбыстар бірінің орнына 
бірі жүре берген, көп заманға шейін олар дефузды болған (бұған ч-дж құбылысы 
дәлел, сондықтан суға «жүз» деп те, «дүз» деп те атаймыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет