Мен: «дауыссыз – бұрын, дауысты соң туған» демеймін.
* * *
Тілінде африкат дыбыс бар тілдердің өскелең (ведущий)
жағына көз
салмастан, оларды артта қалған тіл деуге болмайды; дұрысы – африкат дегеніміз
диффуздың әлжуазданған түрі. Егер африкаттар дара дыбыстан айырып тану үшін
жасалса, ол оның артықшылығы. Бұрын қолымыздан басқа музыканы істеу
келмесе, қазір келе тұрып, басқа тембр беру үшін әдейі істейміз.
* * *
Алтай мен Шувашта «с» пен «з» екі дыбыс болғанымен, бір фонема (
кес –
кезер, пуз; пузи – басы). «
Баба»
сөзіндегі соңғы б басқаша естіледі, сонда да
бұндағы екі
б – бір фонема. Сондай-ақ
қайыр – хайыр дегендегі
қ мен
х екі дыбыс
болғанымен бір фонема.
Файзолла мен
Пайзолла да солай.
П мен
Ф бір сөзді екінші
сөзден айыру үшін тұрмағандықтан, оларды дербес фонема демейміз.
* * *
Бұрын дауысты да дауыссыз да болмаған (болған). Дауыстыларды кейіннен
пайдаланғанбыз (қурай бұрыннан бар, бірақ адам оны сыбызғы ретінде кейін
пайдаланды ғой; дыбыстар да осы сияқты). Сондықтан бұрын ым тілі болды.
* * *
Қатаң
қ мен
к әрпінен ң пайда болған;
жаздық > йаздығыз // йаздыңыз;
жалбақта > жалбаңда;
қаз.
қақпа; тат.
қапқа; жалпы түрік.
қапағ-қапуғ – қапық;
Достарыңызбен бөлісу: