Бақылау сұрақтары:
Автоматикалық қондырғы дегеніміз не?
Логика алгебрасын кім және қай жылы жасап шығарды?
Пікір дегеніміз не және түрлері болуы мүмкін ? Пікірлер түрлеріне анықтама беріңіз.
Логикалық айнымалыға анықтама беріңіз.
Қарапайым және күрделі логикалық пікірлерге мысал келтіріңіз.
Логикалық функциясы дегеніміз не?
Шындық кестелер қалай құрылады?
Теріске шығару функциясының қандай қасиеттері бар?
Пікірлерінің конъюнкциясы, дизъюнкциясы, импликациясы, эквиваленциясы дегеніміз не? Олар қалай белгіленеді?
Конъюнкцияның, дизъюнкцияның, импликацияның және эквиваленциясын шындық кестелерін көрсетіңіз.
Кері импликация дегеніміз не? Ол қалай белгіленеді?
Логикалық элементтердегі ақпарат өңдейтін күрделі схемалар немен жинастырылады?
Буль алгебрасының ең маңызды теоремаларын атап шығыңыз.
Үйлесу схемасы дегеніміз не? Құрастыру схемасы дегеніміз не?
Интегралдық схема ол...
Конъюнктордың және дизъюнктордың схемалық белгіленуін көрсетіңіз.
7.1 Ақпараттық модельдеу туралы ұғым
XX ғасырда модель түсінігі нақты және идеалдық модельдерді қатар камтитындай болып жалпыланды. Абстрактылы модель түсінігі математикалық модельдер шеңберінен шығып, әлем туралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. Модель түсінігінін айналасындағы кең талқылаудың қазіргі кезде де жалғасып отырғандығын естен шығармау қажет. Бастапқыда акпараттық, кибернетикалық бағыттардағы ғылыми пәндер аясында, содан соң ғылымның басқа да салаларында түрлі тәсілдермен іске асырылатын модель ретінде танылды. Негізінде модель білімнің мәнін нақтылау тәсілі ретінде карастырылады. Жалпы түрдегі "модель" түсінігі төмендегідей негізде анықталады.
Модель - модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің құбылыстың кейбір жақтарын ұқсастырып бейнелейтін жаңа объект. Ол материалдық объект түрінде, математикалық байланыстар жүйесі ретінде немесе құрылымды имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін зерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап - оның қасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы.
Модельдеу - кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардын үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан кұрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында (моделінде) объектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі.
Модельдеудегі ең бастысы модельдеуші объекті мен оның моделі арасындағы өзара ұқсас қатысы болып табылады. Барлық модельдердің көп бейнелілігі негізінен үш топқа белінеді:
материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілген/ұлғайтылған көшірмелері;
бейнеленуші модельдер (геометриялык нүктелер, математикалык маятник, идеал газ, шексіздік);
ақпараттық модельдер - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінін бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).
Информатика курсында негізінен ақпараттық модельдер қарастырылады.
Ақпараттық модель 1) басқару жүйесінде – автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну; 2) мәліметтер базасында тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау.
Сурет 31. Ақпараттық модельдер түрлері
Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға -яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі "физикалық" тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық тендеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық тендеу формуласы болып қала береді.
Ақпараттарды модельдеу түрлерін тандауда және құруда (31-сурет) зерттеушінің маман ретіндегі танымы мен біліктілік деңгейі, эстетикалық талғамы көрінеді. Дұрыс таңдалған және өз дәрежесінде тиімді құрылған модель түрлерін зерттеу жұмыстары жеңілдетіп, объект туралы толығырақ мәлімет алуға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |