Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері



бет4/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары:

  1. Информатиканың қандай анықтамаларын білесіз?


  2. Информатиканың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып беріңіз.


  3. Ғылымдар жүйесінде информатика қандай орын алады?


  4. Қазіргі кездегі информатиканың құрылымы қандай? Ол қай бөлімдерден және бөліктерден тұрады?


  5. Кибернетика мен информатика арасындағы айырмашылық неде?



2 Ақпарат және оның қасиеттері

2.1 Ақпарат философиялық категория ретінде. Aқпаратты түрлендіру


Ақпарат түсінігі информатика үшін базалық және қазіргі ғылымда іргелі түсініктің бірі болып саналады. Ақпаратты бiз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрде бере аламыз. Күнделiктi бiздiң оқыған газетiмiз, радиодан естiген хабарымыз, теледидардан алған мәлiметтерiмiз, естiген жаңалықтарымыз жалпы көпшілiкке арналған ақпарат құралы болып табылады.


Ақпарат алу дегенiмiз - бiздi қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы мен олардың бiр-бiрiне қатысуы жөнiнде нақты мағлұматтар мен мәлiметтер алу деген сөз. Философиялық түсiнiк бойынша ақпарат дегенiмiз нақты әлемдi (өмiрдi, қоршаған ортаны) мәлiметтер және хабарламалардың көмегiмен көрсету. Бұл хабарламалар тiл, бейнелеу, цифрлық мәлiметтер, кестелер және т.б. түрiнде болады. Жалпы мағынада ақпарат алмастыру - бұл адамдар арасында мәлiметтер алмастыру, тiрi және өлi табиғат, адамдар мен құрылымдар арасындағы берiлетiн белгiлер алмастыру.
Мысалы, сабақ үстiнде мұғалiм жаңа ақпаратты оқушыларға жеткiзедi, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсiнiп, естерiне сақтайды және жауап бередi. Ақпарат хабар түрінде беріледі. Жалпы, хабар туралы сөз қозғағанда оның жіберушісі және кабылдаушысы болады. Олар адамдар немесе техникалық құрылғылар болуы мүмкін. Мысалы, қабылдағыш адам болса, онда ол хабарды өзінің сезім органдары арқылы қабылдайды. Ал, техникалық құрылғыларда ол үшін әр түрлі құралдар қолданылады.

Хабар жіберушіден қабылдаушыға, байланыс арнасы деген, белгілі орта арқылы жіберіледі. Мысалы, дыбыстық хабардың осындай ортасы ретінде дыбыс толқындары тарай алатын ауаны алуға болады, ал жазбаша хабардың байланыс арнасы мәтін жазылған қағаз болады. Хабарды жіберу схемасы 2- суретте көрсетілген.



Сурет 2. Хабарды жіберу схемасы
Хабарды қабылдау кезінде қабылдағыштың жағдайы уақытқа байланысты өзгереді. Сондықтан, хабарды қабылдағыштың материалдық-энергетикалық жағдайын сипаттайтын уақытқа байланысты х(t) функциясы (мұнда t - уақыт) деп қарастыруға болады. Бұл х(і) функциясы үздіксіз болуы да, дискретті (үздікті) болуы да мүмкін. Соған байланысты үздіксіз ақпарат немесе дискретті ақпарат болады. Мысалы, үздіксіз ақпаратқа уақытқа байланысты өзгеріп отыратын ортаның температурасын, ал дискретті ақпаратқа хабардың белгілі бір қатынас тілінің таңбалары арқылы берілуін (жоғарыда келтірілген мысалдар) жатқызуға болады.
Кез келген үздіксіз хабарды дискретті хабарға айналдыруға болады, ол дискреттеу деп аталады. Функцияны дискреттеу үшін оның шексіз көп мәндерінің ішінен саны шектеулі және қалған мәндерді жуықтап сипаттай алатын мәндерді алады. Осындай бір әдістің мағынасы мынада:
1) функция графигінің абцисса өсі (функцияның анықталу облысы) саны шектеулі t1,t2,,…,tn нүктелер арқылы ұзындықтары бірдей кесінділерге бөлінеді және әрбір кесіндіде функцияның мәні тұрақты, мысалы, осы кесіндідегі орта мәнге тең болады деп есептелінеді;
2) әрбір кесіндідегі функцияның мәнін функция графигінің ордината өсіне (өзгеру облысына) проекциялап х1, х2, ..., хn нүктелерін табу керек.

Осылай табылған х1, х2, ..., хn нүктелері үздіксіз х(t) функциясының дискретті жуықтап бейнеленуі болып есептелінеді. Оның дәлдігін анықталу облысындағы қесінділерді кішірейте отырып қажетті талапты қанағаттандырғанша шексіз жақсарта беруге болады. Үздіксіз х(t) функциясын дискреттеу 3-суретте көрсетілген



Сурет 3. Үздіксіз х(t) функциясын дискреттеу
Үздіксіз хабарды дискреттеу осы хабарды қандайда бір тілдің әліпби таңбалары арқылы бейнелеуге мүмкіндік береді. Бұл хабарды компьютер арқылы қабылдау, бейнелеу, сақтау, өңдеу және жіберу үшін аса маңызды.

Информатика көзқарасынан кез келген қажет дәлдікпен (дәлдікті көбейту үшін қадамды азайтса жеткілікті) үздіксіз сигналды дискреттеу мүмкіншілігі өте маңызды. Компьютер – цифрлық машина, яғни онда ақпаратты ішкі ұсынуы дискретті. Кіріс ақпаратты дискреттеу (егер ол үздіксіз болса) компьютерлік өңдеу үшін жарамды етіп істеуге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет