Ақпарат әрқашанда кейбір физикалық ортамен жіберілетін хабар түрінде беріледі. Ақпарат тасушысы кез келген пән саласы болуы мүмкін ол өз жағдайын жіберілетін хабарға байланысты өзгертіп отырады. Ақпарат не таңба, не арнайы белгілер арқылы бейнеленетін қағаз (мысалы, перфорация), жағдайы магнит көмегімен өзгеретін магнитті материал (таспа, диск және т.б.) болуы мүмкін.
Ақпаратты өрнектеудің екі формасы бар: статикалық (сур. 4.а) және динамикалық (сур 4.б).
Сурет 4. Ақпаратты өрнектеу формалары
Жоғарыда айтылғандай, электр сигналдар көмегімен хабарды жіберу мүмкіншілігі ақпарат жіберуші мен қабылдауышты біріктіретін байланыс арнасы арқылы жүзеге асады. Ақпаратты жіберу үшін ең алдымен оны түрлендіру керек. Кодтау — хабарды арна бойынша жіберу үшін ыңғайлы түрге келтіру. Мысал ретінде телеграмма түрінде жіберілген хабарды қарастыруға болады. Барлық символдар телеграфтық код түрінде кодталады. Декодтау — қабылданған хабарды қайтадан қалпына келтіру операциясы.
Байланыс жүйесіне ақпаратты кодтау және декодтау үшін құрылғы енгізу қажет. Ондай құрылғыларды кодтаушы және декодтаушы деп атаймыз. Мұндай жүйелердің теориялық дәлелдеуін К. Шеннон өз жұмысында ұсынды.
5-суретте қайта кодтау кезінде хабарды жіберу процесі, сонымен қатар кедергілердің әсері келтірілген .
Сурет 5. Жіберушіден қабылдағышқа дейін хабарды жіберу процесі
Ақпаратты тарату және түрлендіру теориясындағы маңызды мәселе - ақпараттың өлшемін, мөлшерін, сапасын анықтау.
Ақпараттық өлшемдер әдетте, үш тұрғыда: құрылымдық, статистикалық және семантикалық тұрғыда қарастырылады.
Құрылымдық тұрғыда ақпарат жиымдардың құрылымы және оларды жәй ғана ақпараттық элементтерді қарапайым есептеу немесе комбинаторлық әдістер арқылы өлшеу қарастырылады. Құрылымдық тәсіл ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін оларды қолдану шарттарынан тәуелсіз бағалау үшін қолданылады.
Статистикалық тәсілде энтропия ұғымы пайда болу ықтималдығын және қандай да бір хабардың ақпаратталғандығын ескеретін анықталмағандық өлшемі ретінде пайдаланылады.
Семантикалық тәсіл ақпараттық хабардың пайдалылығын немесе құндылығын айқындауға мүмкіндік береді.
Құрылымдық өлшем. Ақпарат әрқашанда хабар түрінде беріледі. Хабардың элементар бірлігі- таңба. Топтарға жиналған таңбалар - сөздер. Сөздер немесе жеке таңбалар түрінде түзілген хабар әрдайым оның материалдық - энергетикалық (электрлік, жарықтық, дыбыстық сигналдар және т.т.) түрде беріледі.
Құрылымдық өлшемді пайдаланған кезде хабардың тек дискретті құрылымы ғана, ондағы ақпараттық элементтер саны, олардың арасындағы байланыстар ескеріледі. Құрылымдық тәсілде ақпарат өлшемдері геометриялық, комбинаторлық және қосылымды болып ажыратылады.
Геометриялық өлшем дискреттік бірлікпен ақпараттық хабардың геометриялық моделінің параметрін (ұзындығын, ауданын, көлемін және т.т.) өлшеуді қарастырады. Мысалы, ұзындығы бірге тең сызық (6, а- 0 және1 мәнді қабылдайтын бір разрядты сөз), квадрат (6, б- екі разрядты сөз) немесе куб (6, в- үш разрядты сөз) ақпараттың геометриялық моделі бола алады. Берілген құрылымдардағы мүмкін болатын ақпараттың ең үлкен мөлшері барлық өлшемдері бойынша дискретті мәндердің қосындысы ретінде модельдің ақпараттық сыйымдылығын анықтайды.
Комбинаторлық өлшемде ақпарат мөлшері элементтер (таңбалар) комбинациясының саны ретінде анықталады. Ақпараттың мүмкін мөлшері элементтерді теру, ауыстыру және орналастырудың мүмкін санымен бірдей болады. 1-ден ғана тұратын сөздердегі таңбаларды тіркестіру сөздің мәнін өзгертеді. 100110 және 001101, 011101 және 111010 - сөздерінің қос жұбын қарастырайық. Олардың шеткі разрядтары ауыстырылған.
Сурет 6. Ақпараттың геометриялық моделі
Қосылымдық өлшемге (Хартли өлшемі) сәйкес ақпарат саны екілік бірлікпен- битпен- өлшенеді. Ол барынша кең таралған. Санның q тереңдігі мен n ұзындығы ұғымдары енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |