Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


Ақпараттық технологиялардың түрлері



бет19/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

4.4 Ақпараттық технологиялардың түрлері
Мәліметтерді өңдеудің АТ-лары. Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиялары (АТ) қажетті кіріс мәліметтері бар және оларды өңдеудің алгоритмі мен басқа стандартты процедуларалы белгілі болатын жақсы құрылымдық есептерді шешуге арналған. Бұл технология жоғарғы емес білікті персоналдың операциялық (орындаушылық) қызмет деңгейінде басқарылатын еңбектің кейбір кертартпа тұрақты қайталанатын операцияларды автоматтандыру мақсаты үшін қолданылады.
Сондықтан, бұл деңгейде ақпараттық технология мен жүйені енгізу персоналдың еңбек өнімділігін көтереді, кертартпа операциялардан босатады, жұмысшылар санын қысқартуға әкеледі.

Операциялық қызмет деңгейінде келесі міндеттер шешіледі:


  • фирма жасайтын операциялар туралы мәліметтерді өңдеу;


  • фирма жұмысының жағдайы туралы мерзімді бақылау есептерін құру;


  • барлық мүмкін сұраныстарға жауап алу және оларды қағаз бетіндегі құжат немесе есеп ретінде безендіру.


Осы технологияны басқалардан айыратын, мәліметтерді өңдеумен байланысты бірнеше өзгешеліктері бар:


  • фирмаға қажетті мәліметтерді өңдеу бойынша міндеттерді орындау. Әрбір фирмаға, фирмадағы бақылауды қамтамасыз ету және қолдау құралы ретінде пайдалануға болатын, өзінің қызметтері туралы мәліметтерінің бар болуы және сақталуы жайлы заңмен жазбаша өкім берілген. Сондықтан, әрбір фирмада мәліметтерді өңдеудің ақпараттық жүйесі бар болуы қажет және сәйкес ақпараттық технология әзірленуі тиіс;


  • алгоритімді әзірлеуге болатын тек қана жақсы құрылымдық міндеттері шешу;


  • өңдеудің стандарттық процедурасын орындау. Бар стандарттар мәліметтерді өңдеудің типтік процедураларын анықтайды және оларды ұйымдармен барлық түрлеріне сақтауға бұйырады;


  • адамның аз қатысуымен автоматтық режимде негізгі жұмыс көлемін орындау;


  • нақтыланған мәліметтерді пайдалану;


  • оқиғаның хронологиясына ерекше көңіл аудару;


  • басқа деңгейдегі мамандардың жағынан проблемаларды шешуде аз көмек көрсету талабы.


Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологияларының негізгі компоненттері мәліметтерді жинау, мәліметтерді өңдеу, мәліметтерді сақтау және есеп берулерді құру болып табылады (сур.15).



Мәліметтерді жинау. Фирма өнімдер мен қызметтерді шығарғаннан кейін оның әрбір іс-әрекеті мәліметтердің сәйкес жазулармен жүргізіледі. Әдетте, сыртқы ортаға тиетін фирманың іс-әрекеті, фирмамен шығаратын операциялары ретінде ерекше көзге көрінеді.

Мәліметтерді өңдеу. Фирманың қызметін бейнелейтін келіп-түскен мәліметтен ақпаратты құру үшін, келесі типтік операциялар пайдаланылады:
  • жіктеу немесе топтастыру. Алғашқы мәліметтерде бір немесе бірнеше нышандардан тұратын кодтардың түрлері бар. Объектілердің нақты белгілерін анықтайтын бұл кодтар жазбаларды топтастыру мен сәйкестендіру үшін пайдаланылады;


  • сұрыптау, ол арқылы жазбалар тізбегі реттеледі;




Сурет 15. Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиялардың негізгі компоненттері
  • арифметикалық және логикалық операцияларды енгізетін есептеу. Мәліметтермен орындалатын бұл операциялар, жаңа мәліметтер алуға мүмкіншілік береді;


  • ірілендіру немесе реттелу, мәліметтердің санын кішірейту үшін керек және қорытынды немесе орташа мәндерді есептеу түрінде іске асыру үшін қажет.




Мәліметтерді сақтау. Операциялық қызмет деңгейіндегі көптеген мәліметтерді осында немесе басқа деңгейде кейінгі пайдалану үшін сақтау қажет. Оларды сақтау үшін мәліметтер базасы құрылады.

Есеп берулерді (құжаттарды) құру. Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясында фирманың басшылықтары мен қызметкерлері үшін, сондай-ақ сыртқы әріптестері үшін құжаттарды құру қажет. Бұл кезде құжаттар немесе фирмамен операцияларды жүргізумен байланысты, әрбір айдың аяғында, тоқсанында немесе жылында мерзімдік түрде жүргізілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет