Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


Пайдаланушының интерфейсі



бет25/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

Пайдаланушының интерфейсі. Менеджер (маман) интерфейсті сарапшы жүйеге ақпараттар мен командаларды енгізу үшін және одан шығатын ақпараттарды алу үшін пайдаланылады. Командалар білімдерді өңдеу процесін бағыттайтын параметрлерді енгізеді. Ақпарат нақты айнымалыларға меншіктелген мәндер түрінде беріледі. Менеджер ақпаратты енгізу әдісінің төрт түрін пайдалана алады: мәзір, команда, табиғи тіл және өзіндік интерфейс.
Сарапшы жүйелердің технологиясы шығыс ақпараттар негізінде тек шешімдерді ғана емес, сондай-ақ қажетті түсініктерді де алу мүмкіншілктерін қарастырады. Түсініктің екі түрін ажыратады:

  • сұраныс бойынша берілетін түсініктемелер. Пайдаланушы кез келген сәтте сарапшы жүйеден өзінің іс-әрекеттерін түсіндіруді талап етуі мүмкін;


  • мәселенің алынған шешімінің түсініктері. Шешімді алғаннан кейін пайдаланушы оның қалай алынғандығы жөнінде түсініктемені талап етуі мүмкін. Жүйе есепті шешуге алып келетін өз талқылауының әрбір қадамын түсіндіруі тиіс.


Сарапшы жүйемен жұмыс істеу технологиясы қарапайым емес болғандықтан, осы жүйелердің пайдаланушы интерфейсі достық болады және сұхбат жүргізу кезінде қиыншылықтар туғызбайды.



Білімдер базасы. Проблемалық саланы бейнелейтін фактілерді, сондай-ақ осы фактілердің логикалық өзара байланысын қамтиды. Білімдер базасындағы орталық орны ережелерге жатады. Ереже нақты пайда болған жағдайларда не істеу керек екендігін анықтайды және ол екі бөлімнен тұрады: орындалатын немесе орындалмайтын шарттан және егер шарт орындалатын болса, шығаруға болатын іс-әрекеттен. Сарапшы жүйеде пайдаланылатын барлық ережелер ереже жүйесін құрайды, ол салыстырмалы қарапайым жүйе үшін бірнеше мың ережелерді қамтуы мүмкін.
Пән саласының өзгешелігі мен жобалаушының біліктілігіне байланысты барлық білімдер түрлері бір немесе бірнеше семантикалық моделдер көмегімен ұсынылуы мүмкін. Кең таралған моделдерге логикалық, продукциондық, фреймдік және семантикалық желілер жатады.


Интерпретатор. Бұл білімдер базасында жатқан білімдерді (ойлау) белгілі бір тәртіппен өңдеуге дайындайтын сарапшы жүйенің бөлігі. Интерпретатордың жұмыс технологиясы ережелердің (қағида ереже үшін) жиынтығын бір ізділікпен қарауға әкеп соғады. Егер ережедегі шарт сақталса, онда анықталған іс-әрекет орындалады, және пайдаланушыға проблемасының шешу нұсқасы ұсынылады.
Сонымен қатар, көптеген сарапшы жүйелерде қосымша блоктар енгізіледі: мәліметтер базасы, есептеу блогы, мәліметтерді енгізу және түзету блогы. Есептеу блогы басқару шешімдерді қабылдауға байланысты жағдайларда қажет. Бұл кезде жоспарлы, физикалық, есеп-қисап, есепті және басқа да тұрақты немесе оперативтік көрсеткіштері бар мәліметтер базасы маңызды рөл атқарады. Мәліметтерді енгізу және түзету блогы мәліметтер базасындағы ағымдағы өзгерістерді оперативтік және өз уақытында көрсету үшін пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет