І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Туған өлкені сүюге, оның байлығын қорғауда экологиялық тәрбиенің маңызы



бет79/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Туған өлкені сүюге, оның байлығын қорғауда экологиялық тәрбиенің маңызы.
Адам баласының өмір сүру ортасы –табиғат әлемі. «Экология» ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э. Геккель қолданды. Бұл ұғым гректің «ойкос» және « логос» яғни, « тұрғын үйді ойлау» деген ұғымнан пайда болса керек. Қазіргі кезде «экология» ұғымына анықтамада:Олай болса, «экология» қоғамдық сананың формасы ретінде жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесінің ішкі өзара әрекеттесуін және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының заңдылығын зерттейтін биология ғылымының құрамдас бөлігі. Экология саласындағы қордаланған өзекті мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді. Экологиялық санаға экологиялық білім жатады: фактілер, деректер, жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі және олардың өмір сүру ортасы жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың өзара қарым-қатынасының қорытындысы мен талдауы. Экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады. «Экологиялық мәдениетке» тәрбиелеу, орта мектептерде экологиялық білімнің енгізілуімен, экологиялық дағдарыстың тереңдеп, қоршаған ортады үйлесімділіктің бұзылуының әсерінен болады. «Мәдениет экологиясы» ұғымын термин ретінде алғаш рет академик Д.С. Лихачев 1980 жылы ұсынды. Экологиялық тәрбиенің мақсаты – оқушылар бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік қараым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып, дамыту. Экологиялық тәрбие мен білім беру- табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру. Сондықтан, экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әр түрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның эмоциялық- сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелейді.Мектепте экология пәнін оқыту – экологиялық және элеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге, қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді. Нәтижесінде олар адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар екенін түсініп, адамның табиғатты орынды пайдалану мәселесімен біртіндеп танысады. Оқушылар әртүрлі пәндерді оқу нәтижесінде де экологиялық білімдерін байытады. Соған байланысты орта мектепте білім беру жүйесінде экологияның түрлі мәселелерін пәнаралық байланыс негізінде қарау тиімді болмақ.Экологиялық білім берудің жүзеге асыру жолдары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет