І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет43/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Ыбырай Алтынсарин мектеп ашуға кірісіп Торғай мен Ырғыз қалаларында қазақ балаларына арнал­ған бастауыш мектептер ашуға рұқсат алды. Ыбырай Алтынсарин халық кө­мегіне сүйене отырып 1864 жылы Торғайда осы орыс қазақ бастауыш мектеп­ті ашты ( төрт балалық шағын интернаты бар бастауыш мектебі болды. Әуелі өзі мұғалім болды, кейіннен инспектор қызметін атқарды. Ырғыз бен Троиц­кіде мектептер ашты. Дидактика және әдістеме мәселелерімен шұғыл­да­на бастайды. Оның педагогикасының негізі орыс халқының мәдениеті мен та­ри­хи тәжірибесін жоғары бағалап, «азбаған және қабілетті қазақ халқының эко­но­микалық және рухани дамуын» «осы халық ілгері бастаған прогресшіл қозға­лыс­пен ұштастыруда деп түсіне білгендігінде жатыр». Ұлы педагог алғашқы мектептегі оқушыларды сыннан өткізіп, онда шәкірттерге мы­на­дай басты талаптар қойды:

1868 жылы бір сыныптық (төрт жыл) орыс - қазақ училищесі болып мектеп қайта құрылды. Ырғызда Алтынсариннің қолдауымен екі сыныптық орыс қазақ училищесі ашылды. Алтынсарин ауылдардағы орыс - қазақ мектептерінің негізін қалаушы бо­луы­ның үстіне, орыс графикасының негізінде өзі жасаған қазақ әліппесінің авто­ры болды. Осы жаңа әліппе негізінде ол қазақ тіліндегі алғашқы оқу кі­та­бын – 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» - шығарды. Ыбырай Алтынсарин жаңа әліппені орыс- қазақ мектептерінің жұмыс тәжірибесіне енгізіп, алғаш рет қазақ балаларын дыбыс әдісі мен ана тілінде оқы­туды жолға қойды. «Жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрі­нен де қымбат көремін» мұғалімдерге арналған нұсқау хаттары жазылды. Ыбырай Алтынсарин халық ағарту жұмысына беріліп, жаңа мектеп ашу ісімен шұғылданып, 1864ж қаңтардың сегізінде Торғай облысында алғаш­қы мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы алынды.Алтынсарин қазақ халқына мектепте білім берудің жүйесін жасап, оны жү­зе­ге асырды. Бұнда екі сыныптық ортылық училище негізі орын алады. Олардың оқу жоспары және бағдарламасымен жұмыс істеп келеді. Алты жыл оқитын екі сыныптық училищелер ұйымдастыру идеясы өте орынды болды. Тор­ғай және Ырғыз облысында отыз орындық училищелер ашты. Кейін жеті қалалық училищесі ашылды.
Ы.Алтынсарин мектебінің білім беру мақсаты өмірдің талабынан, көпшілік ха­лықтың мұқтажынан туған. Оның алға қойған мақсаты бойынша мектеп ба­ла­ның жеке басының ақыл – ойын өсіру үшін, мінез – құлқын же­тіл­діру үшін нақтылы білім беру керек, - деген. Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, мектептің алдында қойған мақса­ты­ның жан – жақтылығы сонша, кейде оның нұсқауымен мектептің оқу үрдісі мен­ сыныптан тыс жұмыстың дағдылы шегі мұғалімдердің есінен шығып кетеді.
Ы. Алтынсарин оқыту үрдісін ұйымдастыруда ұстаздың әрекетін дұрыс түсінді:

  • мұғалімдердің басшы рөлі ;

  • оқулықтарды қазақ мектептеріне пайдалану үшін мектептеріне пайда­ла­ну үшін жоралдығы жағынан ұқыпты тексеріп отырудың қажеттілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет