Ж.Аймауытұлының педагогикалық психологияға байланысты келелі ой-пікірлері оның «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926), «Комплекспен оқыту жолдары» (1929) атты еңбектерінде баяндалған. Бұларда тәлім-тәрбиелік психологияның іргелі проблемалары болып саналатын оқыту, білім беру, әдет пен дағдыға машықтандыру, шәкіртті әр түрлі адамгершілік қасиетке баулу, ұстаз бен ата-ананың өнегелік тұстарының психологиялық астары қазақ тұрмысынан алынған тартымды деректермен, көркем тілмен жазылған.
Енді автордың тәлім-тәрбиелік мәселелерді баяңдайтын негізгі еңбектерінің алғашқысы "Тәрбиеге жетекшінің" сипатына қысқаша тоқталайық.Ж.Аймауытұлы оқытушы тәлімгерлердің тамырын жақсы аңғарған. Сондықтан да бұл кітапты оқып шыққан адам, әсіресе мұғалімдер қауымы мектептегі оқу-тәрбие ісінің мақсатымен, бағыт-бағдарымен танысады, оқу-тәрбие жүргізудің тетіктерін, талап-тілектерін қалай ұйымдастыруға болатынын түсінеді. Ең негізгісі - баланы қайткенде дұрыстап ғылыми негізде құруға болатынын үйренеді. Сондықтан кітап оқушыларға жөн сілтейтін жақсы жетекші. Бұл кітапты мұғалімдердің оқып шығуы аз. Оны зерттеп, жаттап алу керек. Оқытудың тәртібі жайынан тәрбие алмаған мұғалімдер түгіл, оқу жолына маман оқытушылар да бұл кітапты оқуы керек... кітап педтехникумдарда да оқу құралы болуға жарайды. Бұл кітап әр окытушы үстелінің үстінде жату керек, әр мектептің кітапханасыңда да болу керек. Сол кітапқа пікір білдірушінің айтып отырғаны күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, Сондықтан да бүл айтылғанға біздің алып-қосарымыз жоқтың қасы. Аталмыш еңбек төрт бөлімнен, 39 тармақшадан тұрады.
Ж.Аймауытұлының келесі бір еңбегі - "Комплекспен оқыту жолдары" атты кітап (Алматы, 1929, 113 бет). Мұнда да педагогикалық психологияға қатысты жекелеген түйіндер жасалған. Оқу құралы шағын 9 тараудан, бірнеше тармақшалардан тұрады.
Осы кітапта сабақ жоспарының үлгілері, оларды қалай жасау керектігі, мұның міндет, мақсаттары мен мән мәнісі, мазмұндары, бір күндік сабақ жоспары мен апталық сабақ кестесінің жасалу әдістері; бір мұғалімнің бірнеше сыныпты қатарынан оқыту мәселелері сөз етіледі. Соңғы жайт қазіргі кезге дейін қазақ елі жағдайыңда әлі де орын алып келеді және жаңадан жасалып жатқан "Білім" туралы занда да тиісті орын алғаны белгілі. "Кітапта, сондай-ақ оқыту мен үйрету секілді дидактикалық сан қилы жақтары қазақ өмірінен алынған нақтылы фактілер арқылы баяндалған. Тәлімгер қауымға арналған негізгі түйіндерін тұжырымдайды: "Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шара жоқ. Құнттамаған, икемдемеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес",- мәнін жоймайтын тәлімгерлік түйін. Кейбір мұғалімдеріміз бен тәрбиешілеріміздің, ата-аналарымыздың құнтсыздығы, ізденбейтіндігі, бастаған ісін аяқтамайтыны "ұлттық мінезімізден" орын алып келе жатқанына қалайша қиналмасқа! – деген ұлы ақын
Достарыңызбен бөлісу: |