Міржақып Дулатов қазақ педагогикасында алғаш рет қазақ оқушыларының гигиенасы мен әдеп, мінез-құлықтары жайлы шарттарды жасады. Өзінің «Қирағат» оқулығының «Денсаулық жайынан» атты тарауы осы алғы сөзінде М.Дулатов былай деп жазады: «Сүйікті қазақ мұғалімдері, міне, сол сіздер керексінген қазақ тіліндегі оқу кітабының бірі – осы кітап, кемшілігі болса, көрсеткендеріңізге шың көңілмен рахмет айтамын.». «Қирағат» оқулығы өзінің құрымы жағынан бастауыш сынып оқушыларына жеңіл, түсінікті тілде жазылған оқулық. Табиғатпен байланысты әңгімелерден (жылдың төрт мезгілі, ол негіздегі жан-жануарлар мен құстар өміріндегі ерекшеліктер, ел өмірі, тұрмыс-тіршілігі т.б.) тұрады. Міржақып өзінің педагогикалық қызметінде ана тіліне зор мән берді. Оның пікірінше ана тілін, дінін, әдеп-ғұрпы мен салт-дәстұрін берік сақтаған халық шын мәнінде білім мен мәдениетке қол жеткізеді.М.Дулатов ағартушылық, педагогикалық еңбектер жазуына тағы бір дәлелелі – оның негізгі мамандығының мұғалім болуында.
Оның педагогика теориясында ең басты назар аударған мәселелердің бірі – мектептегі оқытудың мазмұны қандай дәрежеде болуы қажет. Өз еңбектерінде схолластикалық, жаттанды оқыту әдісін сынайды.Міржақыптың бүкіл ағартушылық қызметі оның өзін ғұмыр бойы қатаң бақылауда ұстаған патшалық өктемдікке қарсы жұмсалды.Кеңес үкіметі жылдарында ол Қазақ Ағарту институтында дәріс оқиды.Халық Ағарту Комиссариатының шешімімен Орынборда 1921 жылы 17-қазанда бұрынғы орыс-қырғыз педагогикалық курсының негізінде Қазақтың Ағарту Комиссариаты ашылды.Міржақып Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талап-тілегіне ұштасатын бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесінде көлеңкелі, келеңсіз жақтардың белең алуы тәлімгер қауымға жас буынды жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулып тәрбиелеу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр . М.Дулатов мектепке оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатқа жүзеге асыру туралы айтқан ой-пікірлерінің халықтық идея тұрғысынан алғанда маңызы ерекше. Өйткені ол айтқан «Жалғыз құрғақ білім беру емес, біліммен қоса беру міндетті... балқыған жас баланың бойына ана тілін алып үйретіп шығару әдіс-құралдары: оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысымен һәм табиғаттан жазылуы, ...алған тәрбиенің әсерлі, сезімді болуының нәтижесі... мұндай балалар мектептегі бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлттық рхы жасамайды, ..қайда болса да тіршілігіне, қандай ауырлық өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады» – деп қоғамдық және ұлттық тәрбиенің әсерін тамаша көрсете білген.
Міржақып өзінің «Мұғалімдерге» деген мақаласында оқудың жаңа басталған кезін баяндайды. Бұл қазақтың шын қазақша мкетептің керектігін біле бастаған шақ. Бұдан бұрын екі түрлі оқушы бар еді. Орысша және мұсылманша оқуы бар. Орысша оқығандар қазақ хат тануды ғана қанағат тұтып, көбі оған да шорқақ еді. Мұсылманша оқу тәртібі ең төмен дәрежеде болып, 5-6 жыл оқып та хат тани алмайтындар болушы еді. Қазіргі кезде педагогика ғылымы саласы бойынша XX ғасырдың басындағы тәлімдік мұралар негізінде бүгінгі жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге аса мәне беріліп отыр. М.Дулатов педагогикалық мұраларын XX ғасырдың басындағы, А.Байтұрсынов мұраларымен сабақтастыра жүргізу өте тиімді. М.Дулатов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік мәселелерін мазмұнына қарай төмендегі бағыттар бойынша жіктеп, жан жақты пайдалануға тырысайық.
Ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптардың өзіндік ерекшеліктерін ұрпақ тәрбиесіне пайдалану жолдары М.Дулатовтың мақала- зерттеуінен, әсіресе бастауыш мектеп оқушыларына арналып жазылған «Есеп құралынан» айқындалады. М.Дулатов мұраларын жоғары, арнаулы оқу орындарының, мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу бүгінгі өмір талабының бірі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |