І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Лемберг Раиса – Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес қосқан ғалым. (1883 - 1965)



бет49/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Лемберг Раиса – Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес қосқан ғалым. (1883 - 1965). Соғыстан кейінгі жылдарда дидактиканың әр түрлі бағыттарында зертеу жүргізді. 40 жылдары “Сабақтың құрылыс мен проблемасы”, “Білімді бекіту және сабақтағы біліктілік”, т. б сабақ өтудегі мұғалім білімі мен оның шеберлігіне үлкен мән берді, оның дидактикалық негізін қалады. Ал, 50 – 60 жылдары “Оқыту әдістемесі” , “Дидактикалық очерктер” т. б мақалаларында Лемберг Р.Г .оқу процесін психологиляқ негізде талдайды және сипаттайды. Оның оқу құралы, оның оқыту жолдарын айқындайды, оқыту әдістемесінің творчествалық жолын белгілеп берді. Лемберг Р. елімізде бірінші болып психология - педагогикалық тоқыраудың салдарын көрнекілеп өткізу прблемаларын бірінші кезекке қойды. Оның ғылыми мектебінің шәкірттері - Г. А. Уманов пен Н. Д. Хмель Лембергтің ілімін жалғастырып, өздері оның білімін жалғастырды.
Бержанов Қарбай – “Педагогика тарихы” оқулығын қазақ тілінде тұңғыш жазған ғалым.(1924 - 1976).Қ. Бержанов бірнеше оқулық пен монографиялық еңбектің, 200 – ге тарта мақаланың авторы. Оның бірі «Қазақстан мұғалімдерінің (1947– 1941) қоғамдық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан» атты монографиясы Қазақстандағы тұңғыш жазылған еңбектердің қатарынан орын алды. Ғалым туындыларының негізгі өзегі педагогика тарихынның мәселелері болып саналады. Ол оқу – ағарту және жалпы мәдениет саласындағы халықтар ынтымағы мен достығы өз еңбегіне ұдайы арқау етіп отырады. Оның «Оқу – ағартудағы халықтар достығы» атты ғылыми педагогикалық туындысы осы тұрғыда жазылған маңызды еңбек. Ол 19 ғасырдың 1 ширегінде орыс-қазақ қатынастарының даму тарихында Қазақстанның ағарту ісі мен мәдениетіне, оның тарихы мен табиғи байлықтарын зерттеуге ықпал етіп, белгілі із қалдырғандар – декабристердің Қазақстан жерінде болуының зор маңызы бар деген тұжырымға келеді. Ғалымның ұзақ жылдар бойғы зерттеулері нәтижесінде жазылған бағалы еңбектерінің бірі – «Педагогика тарихы» оқулығы. Бұл жоғары оқу орындары оқушыларының мектеп мұғалімдерінің, студенттердің қолтума кітабына айналды. Оның ғылыми еңбегінің қай – қайсысы болмасын адамгершілік және еңбек тәрбиесінің принциптері тұрғысында жазылған. Автор 1920 жылдардағы Қазақстан жерінде алғашқы мектептің киіз үйде ашылғаны, алғашқы мұғалімдердің педагогикалық білімдері жоқ, қысқа курстарда оқыған сауаты ғана бар екеніне арнайы тоқталып, оның заңды құбылыс екенін ескерте кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет