Григорий Уманов – Қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым (1931).Негізі әр ғылымның өзіндік зерттеу ерекшелігі бар. Оның еңбектеріндегі ерекшелік-теорияның тәжірибемен тікелей байланысы. Мысалы, 1968 жылы «Жеке оқушыларменжүргізілетін тәрбие жұмыстарының мәселелері», 1969 жылы жарық көрген «Кәсіптік-техникалық училищелердегі тәрбие жұмысының жүйесі» атты монографиялары соның айқын айғағы.
Ол өзінің «Бала бақыты» атты кітабында баланы жасынан еңбекке үйретудің тәрбиелік жүйесін жасағанған. Уманов өте қайырымды да парасатты, зиялы ғалым. Олай дегеніміз, оның ерекшелігімен 100-ден астам педагогика ғылымының кандидаты және докторы дәрежесіне ие болды. Ол толып жатқан диссертацияның оппоненті болып сөйледі. Умановтың бастамасымен Абай атындағы педагогикалық институтының барлық факультеттеріне «Мектеп күнін немесе үзіліссіз педагогикалық тәжірибе» енгізілетін болатын. Оның мақсаты педагогикалық практиканың мерзімін ұзарту, яғни студенттер бірінші курстан бастап әр жылы 35-40 сағаттан педагогикалық тәжірибеден өтеді. Көп ұзамай бұл бастама Алматы қаласының барлық педагогикалық оқу орындарында қолдау тапса, ал 1989-90 оқу жылында бұл тәжірибе республиканың барлық педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие жоспарына енгізіліп, жүзеге асырылды.
Жарықбаев Құбығұл – Қазақстанның көрнекті психологы (1929)
1962 жылы қазақ тілінде жазған тұңғыш психология оқулығы қайтадан үш рет басылды. Сонымен бірге «Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі хақында», «Әл-Фараби», «Аталар сөзі-ақылдың көзі», «Ұстаздық еткен жалықпас» т.б. еңбектері жарық көрді.Қ.Жарықбаевтың ғылыми-ізденіс бағыттарының негізгі-ағартушылықты: тәрбие, оқу-ағарту, білім беруді, оның ішінде психологиялық ілімді зерттеуді өзінің биік межесі етіп ұстаған. Ғалым – жаңа рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақсы мінез-құлық қалыптастыру қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іске асырып қоймай, бұл мәселелерді теориялық тұрғыдан да терең зерттеген. 2004 жылы «Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы» атты тақырыпта диссертация қорғап, психология ғылымының докторы дәрежесін алды.
Достарыңызбен бөлісу: |