І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Дәріс №3 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті-оқу-тәрбие үдерісі нәтижелілігінің шарты



бет60/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Дәріс №3 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті-оқу-тәрбие үдерісі нәтижелілігінің шарты
Жоспары:

  1. Педагогикалық үдеріс мұғалім қызметінің объектісі ретінде

  2. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы.

  3. Мұғалімнің иновациялық,зерттеушілік, іс-әрекетінің мәні.

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті-кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі.Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні,құрлымы және қызметі.Мұғалімнің зерттеушілік мәденитін қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық негіздері.Мұғалімнің зерттеушілік мәденитін қалыптастырудың үдерісі.


Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны.Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бағдарламасы мен процедурасы.
Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері.Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
Мұғалімнің иновациялық,зерттеушілік, іс-әрекетінің мәні. Мұғалімнің зерттеушілік қабілеті мен біліктілігін дамытудың мазмұны,шарттары мен механизмдері.
Ғылым тек жаңа білімдердің толықтыруымен ғана дами алады. Игерілген білім, ең алдымен ,әдіснамалық зерттеулерді таңдауға байланысты нақтыланады.
Әдіснама (грек сөзі methodos –зерттеу жолы немесе таным,теория,оқу және logos-сөз,ұғым): 1)теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2)ұылыми таным әдістер туралы ілім; 3)қанда да бір ұылымда қолданылатың әдістер жиығы.
Әдіснама - зерттеу жұмысының сапасын бағалауға оның бағдарламасын құруға,ғылыми білімдер жүйесін түзуге бағытталған іс-әрекет,сонымен қатар зерттеу объектісі мен пәнінің ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыру және принциптерін таңдау,мәселеге әр тұрғыдан келу.
Педагогика ғылымының әдіснамасы –бұл таным үдерісі, формасы, әдістері принциптері туралы ілім және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр түрлі тұрғыдан келу жүйесі.
Теориялық білім педагогикалық шынайы құбылыстардың әдіснамасының негізі болады,сонымен қатар әдістеме арқылы іске асырылады. Ал теория –таным үдерісінің нәтижесі, әдіснама – танымға жетудің жолы. Таным теориясы таным іс-әрекет тұтас үдерісін, мазмұның қарастырады. Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми. Философия әдіснама ретінде зерттеуші адам. Қоғам, табиғат, сана дамуының жалпы заңдарын білуге, әлемнің тұтастығын қамтуға байланысты мәселелерден алатын орнын анықтаумен қамтамасыз етеді. Жалпы ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге көмектессе, нақты ғылыми әдіснама ғылыми пәнге қатысты заңдылықтар мен ұстанымдарды меңгеруге көмектеседі. Қандай ғылым саласы болмасын, ең алдымен, философиялық ілімге сүйенеді. Ғылымды философиялы, аксиологиялық түсіну философия ғылымының мазмұнына кіреді, сондай-ақ ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына негіз болады. Дегенмен, маманның ғылыми-зерттеу мәдинетіне, әдіснамалық тұжырымына тек философия және оның гносеологиялық негіздері ғана ықпал етпейтіні белгілі. Зерттеушінің ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы оның әдіснамалық тұжырымнамасын құрайды, сонымен қатар психологиялық-педогогикалық ғылымдарға және олардың тарихына сүйенеді. Яғни әдіснамалық тұжырымдамалар психологиялық-педогогикалық теориялар негізінде құрылады.
Ал әдіснамалық тұжырымдамалар ғылымының философилық негіздері мен педогогика ғылымының қарастыратын мәселелеріне сай ажыратылады. З. Херттеушінің әдіснамалық тұжырымы оның бұрын қалыптасқан психологиялық-педогогикалық тұжырымдары негізінде толықтырылады. Тіпті, кей кезде барлық ғылым жүйесі негізге алатын тұрақты ережелер, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептердің негізгі бағыттары да өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан түрлі тұжырымдарға, көзқарастарға сын айтып, талдау жасалу арқылы жаға ой туындап, дәлелденіп, ғылыми зерттеу жұмыстарымен алғаш рет айналысушылардың ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қорытындыларға сүйенбей, белгілі бір нәтиже алуларына мүмкіндік болмайды.
Демек, теориялық білім дегеніміз белгілі бір педагогикалық шынайы құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, тұжырымдар, түсініктер мен идеялардың жиынтығы болып табылады. Теориялық білім жеке адамды тәрбиелеу, оқыту және қалыптастырудың қалыптасқан тәжіриебесін шығармашылық тұрғыдан қайта құрумен тікелей байланысты деуге болады. Сондықтан да ол педогогикалық тәжіриебені қорытындылап, жеке адамның болашақта маман ретінде қалыптасуы мен дамуының алғышарттары бола алады.
Сондай-ақ, теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар алынған білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасының тетігі деуге болады.
Теориялық білім негізінде зерттеуші өзінің не білетіндігін практикада көрсетеді және теорияны практикада дәлелдейді. Зерттеу болжамның практикада дәлелденуі теориялық білімнің ақиқаттығын көрсетеді. Философиялық білімдердің әдіснамалық даму сатылары уақыт өтуіне байланысты қорытындылап шығар-машылық тұрғыдан қайта құрылып,қазіргі кезде жалпы сипатқа ие болып, ғылыми білімнің зерттелінетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастырушы қызыметін атқаруда.
Ғылымда әдіснамалық бөлінің төрт деңгейін бөліп қарастыады: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және техникалық. Философиялық деңгейде танымның жалпы қағидалары және ғылыми аппараты құрылады. Жалпы ғылыми деңгейдің негізінде көптеген ғылымдарда қолданылып тұжырымдамалар әр мәселеге ғылыми тұрғыдан келу жүйесі жатыр. Яғни жүйелілік,жеке тұлғалық, іс-әрекеттік, мәдини,этнопедогогикалық және т.б. тұрғылардан келу. Нақты ғылыми деңгей – нақты бір ғылым саласында қолданылатын зерттеу әдістерінің, принциптерінің жиынтығы. Техникалық деңгейді зерттеуге қолданылатын әдістеме мен техника құрайды.
Қазіргі кездегі ғылымның әдіснамасы білімінің жеке бір сала ретінде дамуында оған нақты ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулерге сүйене алады. Кей кезде әдіснаманың философиялық және нақты ғылыми деңгейлері теңесіп, олдардың шынайы мүнкіндіктері мен шегін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі – материалистік диалектика ғана айғақтайды. Бұл мәселелер Т. Кунның ғылыми революциялар теориясында, Ст. Тульминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатында, К. Попердің әдіснамалық тұжырымында және басқа да тұжырымдамаларда көп көңіл бөлінген, сонымен қатар олардың ғылым тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, ғылымның неопозитивтстік мақсатын сынаған. Қазіргі әдіснамалық және ғылыми – педагогикалық зерттеулер ғылыми білімдер жүйесінің жалпы құрылысынан ерекшк орын алуда, сондай – ақ диалектикалық материализмнің дамуына өзіндік тұрғыдан әсер етуде. Сондықтан да әдіснамалық зерттеулер түрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде іске асырып отыр. Дегенмен, ғылыми нәтижелер көбінесе ғылыми зерттеушінің филисофиялық бағыттылығына байланысты бола бермейді, олардың жалпы ғылым құндылығы ретінде педагогика ғылымы әдістемесі дамуына үлес қосқандарына абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет