4) тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдіс арқылы эмпирикалық деректекрге қортынды жасалады, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай логикалық салдар айқындалып, жүйеленеді.
5) Ұқсастыру әдіс. Бұл әдіс заттар мен құбылыстардың жалпыға бірдей, ортақ екендігін айқындау барысында іске асырылады.
6) теория жүзінде мүмкін жағдайдың, шынайы құбылыстың немесе заттың үлгісін жасау әдіс. Үлгілеу – зерттеу нысанасына ұқсастық қатынастағы басқа бір нысанамен алмастырылатын зерттеу әдісінің түрі. Яғни бірінші нысана – түп нұсқа, ал екіншісі оның үлгісі болады. Зерттеуші үлгіні зерттеу барысында, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлесімдік заңы бойынша түп нұсқаға көшіріледі. Үлгі және үлгілендіру әдісі түп нұсқаны зерттеу барысында қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түп нұсқаны зерттеуге мол қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Үлгі мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болады. Ұқсастық зерттеушінің үлгіні зерттеу кезінде алған мәліметтерін түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін мүмкіндіктін талдау мен синтездің әр-түрлі формалары пайдаланылады үлгінің түп нұсқадан айырмашылығы – оны зерттеу еш қиындық туғызбайды, дегенмен оның құрылымында үлгігеде түп нұсқаға да тән негізгі сипаттар, өлшемдер болуы-қажеттілік. Үлгілендіру ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық бола алады. Үлгілеудің түрі зерттеу объектісінің күрделігіне қарай таңдалып алынады.
7) болжау әдісі. Аталмыш әдіс зерттеушінің қатынасуымен педагогикалық жүйенің немесе білім беру жүйесінің іс-әрекетін сипаттауға бағытталады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, грфиктерге, кестелерге, сызбаларға, формулаларға, диаграммаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесін бейнелейді.
8) математикалық және статистикалық әдіс, ол педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтауға бағытталған. Математикалық және статистикалық әдіс арқылы нақты белгісі бар объектіні анықтап алып, оны белгісі жоқ басқа бір нысанадан ажырату барысында тіркеу әдіс қолданылады. Бұл үшін шартты критерийлер қажет, мысал тәртіпті немесе тәртіпсіз, өзімшіл немесе көпшіл деп қандай белгілерге немесе критерийлерге сүйетінімізді анықтау керек. Ал тізбектеу әдісі деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің, белгілердің жоғарылауын немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |