7
(әдістемелік нұсқаулық)
Кіріспе
Қазіргі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, қоғамда өз орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастыруы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі таңда мектепте жасөспірімдерге, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру, материалдық көмек көрсету, әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік педагог мамандары қызмет атқарады.
Әлеуметтік педагог - социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді. Ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтайды. Ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік – этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің шынайы өмірге қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді.
Сондықтан да, мектептегі әлеуметтік педагогтардың қызметін ұйымдастыру, ортада әлеуметтік мәртебесін көтеру және іс-қағаздармен жұмыс жүргізу барысында осы әдістемелік нұсқау ұсынылып отыр. Балалардың құқықтарын қорғау үшін нормативтік құқықтық актілер мен мектептегі әлеуметтік педагог жұмысын жүргізудегі Қазақстан Респбликасының заңдарының негізгі баптары және жоспарлары, іс-құжаттары, тренингтер мен жаттығулар қарастырылған.
І бөлім
Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік
нұсқаулық
Жалпы ережелер
Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция», ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.
Әлеуметтік педагог қызметіне тағайындау және қызметтен босату бекітілген талаптарға сай жүзеге асырылады. Әлеуметтік педагог қызметіне жоғарғы оқу орындарының «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша толық курсын аяқтаған, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында «Әлеуметтік педагог» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен, сонымен қатар біліктілікті арттыру институттарында біліктілікті арттыру курстарынан өткен жоғары білімді мамандар қабылданады.
Әлеуметтік педагог мектеп директорына тікелей бағынады, мектеп Жарғысын, аталмыш нұсқаулықты, басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып өз қызметін жүзеге асырады.
Мақсаты
Әр тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау.
Міндеттері
Әлеуметтік педагог өз қызметтік мақсатын жүзеге асыру барысында мына
міндеттерді атқарады:
- Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету.
- Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды.
- Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтайды.
- Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді.
- Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу).
- Салауатты өмір салтын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастырады.
- Түрлі әлеуметтік топтарда сенімді қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда, жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету
- Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады.
Әлеуметтік педагогтің қызметтік бағыттары
Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:
-
балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін
психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
-
социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау
арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;
-
баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен
тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.
Мектептегі әлеуметтік педагогтің ахуалы
Әлеуметтік педагог – мектеп қызметкерлері мектепте оқушылардың әлеуметтік және мамандық алуда өзін-өзі дамуына жағдай жасайды, педагогтар мен ата-аналардың негізгі гуманизмдік қағидаларға қарай іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Сондықтан тарихи және мәдени салт-дәстүрдің жалғасын табуға көмектесетін мектеп қызметкері.
Мектептегі әлеуметтік педагогтің негізгі нысаны баланың құқығын қорғау, баланың дамуына жағдай жасау, жанұямен мектептің арасындағы байланыс пен әріптестік қатынастың жүргізіп отыру.
Әлеуметтік педагог мектеп әкімшілігімен, мұғаліммен, педагог-психологпен, салауаттанушымен, медбикемен, тәрбиешілерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен өзара байланысқа түседі.
Әлеуметтік педагог өз қызметінде бағытталған мақсаты бойынша мемлекеттік басқарушы органдармен, қоғамдық ұжымдармен, 16 жасқа дейінгі, яғни оқушыларға қызығушылық білдіретін ұйымдармен байланыс құрады; білім беру бөлімінде педагогикалық кеңестерге қатысады, жергілікті билік өкілдерімен және жанұямен балаларды әлуметтік қорғау қызметтік орындармен байланыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагогті жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару «Қазақстан Респуликасының еңбек кодексінде» негізделеді.
Әлеуметтік педагогқа білім беру ұйымдары басшылық жүргізеді.
Әлеуметтік педагогті сыннан өткізу арнайы сыннан өткізетін коммисия құрылып заң бойынша қаралады.
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті білім беру ұйымдарының жарлықтары мен ахуалын байланысты қарастырады.
Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі сауалдарды ұйымдастыру
Әлеуметтік педагог педагогикалық ұжымда тең деңгейде мүше бола алады. Білім мекемелерінде педагогикалық кеңестер мен әдістемелік жиналыстарға қатысады.
Әлеуметтік педагогтың жеке кабинеті болуы керек. Ол кеңсе заттармен сейфтердегі жеке іс-қағаздарды сақтайды, техникалық заттармен және жалақы шығындарына тәсілдермен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік педагог іс әрекеті әлеуметтік педагогтың жұмыс уақыты уақытылы болуы тиіс, мектепте өзге клиенттерге де уақытылы және ыңғайлы болуы қажет.
Білім мекемелерінде әлеуметтік педагогтың жұмыс уақытын басшылық белгілейді. Графикте уақыт бегіленеді, сыртта жүріп басқа мекемелермен байланысқан уақыты есептеледі.
Әлеуметтік педагогтың еңбекақысы, демалысы білім беру мекемелерінде заң бойынша шешіледі.
Әлеуметтік педагогтің кәсіптілігі
Әлеуметтік педагогтің кәсібилік сапасы жоғары болуы тиіс. Ол әлеуметтік педагогтің жеке қасиеттеріне, өзге адамдармен араласуына, оларды түсінуіне, өзара байланысуына, адамдарға сенімділік білдіруіне де байланысты болады.
Әлеуметтік педагог мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
- табиғилық - айналадағылармен өзара қарым-қатынастағы процесте өзі-өзіне қабілетті;
- мейірімділік – мейрімді, әрқашан да адамдарға және айналасындағыларға мейрімділікпен қарап, оларға қол ұшын беруге даяр болу;
- эмпатия – әлемді өзге адамдармен елестеткендей елестету, мәселе болған жағдайда компромистік шешімге келуге іздену, әлемге оң қараспен қарау;
- ақ жарқын – өз ойы мен сезімін ашық айтып, оны әңгімелесушіге дұрыс жеткізе білу;
- кішіпейіл – жұмсақ, сыпайы түрде өзге адамдармен қарым-қарынаста болу;
- нақтылық – қойылған сұраққа оң жауап беру, өз ойын толық жеткізу.
Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары:
Өзара іс-әрекет - бекітілген қағидасы:
- шиеленісті оқиғалар мен туындаған мәселелер кезінде оны әріптестердің арасында бағытталған мақсат бойынша шешуге ықпал етеді;
- білім мекемелерінде педагогикалық ортаны қалыптастырады;
- барлық әлеуметтік институттарды өзара «іс-әрекетте байланысты орнатады, оқушылардың әлеуметтенуіндегі бірқатар сұрақтар шешуге көмектеседі.
Жеке тұлғаға ықпал етуге арналған – негізделген қағидасы:
- жеке тұлғаға гуманистік тұрғыдан қатынас жасау;
- мұғалім секілді, оқушының да бостандығы мен құқығына құрметпен қарау;
- тұлғаның әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытуына нұсқау беру, әсер ету;
- оның шығармашылығының кеңеюіне көмектесу.
Жеке тұлғаны қабылдау және оң түйсікті - сезінуші қағидасы:
- баланы да үлкенді де сол қалпында қабылдау;
- әрбір тұлғаның қасиеттерінің жоғарылығын бақылау;
- тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетіне оптимистік тұрғыдан сенім білдіру;
Ұқыптылық - сақтық қағидасы:
- қарым-қатынаста ашық қатынас орнату;
- алған ақпаратқа үмітпен және сенімді болу;
- ата-ананың мұғалімдердің, оқушылар мен әлеуметтік педагог арасындағы кәсіпшілік құпияларды сақтау.
Әлеуметтік педагогтің функциялары
Мектепте әлеуметтік педагогтың жұмысы өте ауқымды. Оның клиенттері оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болады. Өз мақсатында мынадай функцияларды атқарады.
1. Аналитикалық диагностикалық:
- әлеуметтік диагноз жеке тұлғалық мүмкіндіктерді және әлеуметтік тұрмыстық өмір қызметін үйренеді;
- жасөспірімдер мен баланың девиантты мінез-құлқының себептерін қарастырады, сәтсіз отбасылардың әлеуметтік себебін анықтайды.
2. Жобалау:
- бала тәрбиесіне және тұлғаның дамуына әлеуметтік педагогикалық оқиға процесіне бағдарлау және жобалау;
- тұлғаның өз-өзі дамыту және өз-өзін тәрбиелеу процесіндегі болашағын анықтау;
- өзінің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын уақытылы және кезекті етіп жоспарлау.
3. Ұйымдастырушы – қатынастық:
- мектеп оқушыларына әлеуметтік тәрбие беру процесінде мүмкіндіктерді пайдалану, тек жергілікті еңбек және демалыстың мектеп қызметкерлері қатар, мөлтек аудан тұрғындарымен әлеуметтік тәрбие процесін жүргізу;
- жеке және ресми қарым-қатынасты ұстау;
- әлеумет пен оқушылар арасындағы оң және теріс іс-әрекеттерінен хабардар болу;
- жасөспірімдермен балалар арасындағы демократиялы, жүйелі өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, сонымен бірге жеке тұлғалық және олардың үлкендермен әрекеттеріне көмектесу.
4. Коррекциялы :
- балалар мен жас өспірімге жанұя жағынан және әлеуметтік орта жағынан әсер ететін тәрбиенің барлық түрінде түзету жұмысын жүргізіп отыру.
Әлеуметтік педагогтің мәртебесі
- әлеуметтік педагог арнайы білімі бар маман, оның еңбек ақысы мен разряд деңгейі, еңбек демалысы мектеп қызметкерлерімен теңгерілген:
- әлеуметтік педагогтың қызметін арнайы мамандық дайындық курстарынан өткен педагогтар атқара алады;
- әлеуметтік педагог 300 адамға қызмет көрсете алады (есебіне балаларды, ересектерде кіреді);
- мектептің әлеуметтік педагогі аптасына 36 сағат жұмыс істейді;
- әлеуметтік педагогтің күнделікті қызметін ұйымдастыруда әр түрлі жастағы балалармен, ересек адамдармен істелген практикалық жұмыстар да есепке алынады.
Жауапкершілігі
Әлеуметтік педагог мектеп директорының алдында тәртіптік жауапкершілікке тартылады:
- қолданысқа берілген мектеп мүліктерін, құралдарын, жабдықтарын және тағы басқа материалдар мен құнды заттарды сақтауда.
Әлеуметтік педагогтің құқығы
Әлеуметтік педагог төмендегі құқықтарға ие болады:
- Баланың педагогикалық және медициналық құжаттарын ;
- Сабақтарға қатысып отыруға;
- Мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің, балалар құқығымен денсаулығын қорғау қоғамдық ұйымдарының алдына көкейкесті мәселелерді қоюға;
- Медициналық әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына;
- Отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдайда) қоюға;
- Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға;
- Өз еркімен мектеп тарапынан басқа да білім беру, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет, құқық, тәртіп сақтау, әлеуметтік қорғаныш, психологиялық қызмет көрсету ұйымдарымен, балалар мен жастар қоғамдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жергілікті басқару органдарымен бірлестікте жұмыс атқаруға;
- Өз кәсіби деңгейін жетілдіруге;
- Әлеуметтік тәрбиеге қатысты жергілікті бағдарламаларды жоспарлауға, құруға және жүзеге асыруға, басшылық жасау үшін қатысуға;
- Өз әрекетін жүзеге асыруда әдіс-тәсілдерді, құралдарды өз еркімен таңдауға;
- Өз әрекетіне қатысты негізсіз араласулардан қорғануға;
- Мектептің өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлауға және сайлануға;
- Өз міндетін атқаруда мектеп педагогтары мен оқушыларына шектен шықпайтын нұсқаулар беруге;
- Кәсіпұйым мүшелерімен бірлестікте мектеп әкімшілігі қабылдаған білім беру ұйымының субъектілерінің құқықтары, денсаулықтары, әрекет жағдайлары мен оларды қорғауға қатысты локалді құқықтық актілердің дұрыс құрылуын анықтауға қатысуға құқылы.
Баланың білім алуға әлеуметтік педагогикалық құқығы
Әлеуметтік педагог келесі жағдайларда баланың білім алу құқығына араласа алады:
-
спорттық ситуацияларға қатысты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, білім алу құқығына тиісті: мысалы, баланың мемлекеттік стандартқа сәйкес құқығы бар екенін анықтау, соның ішінде: тәрбиелеу, қызмет көрсету, яғни ол мектепте алады, интернатта , ауруханада;
Арнайы білім беру – тәрбиелеу мекемелеріне ашық түрдегі басқару органдарындағы білім беруге:
-
арнайы біртұтас білім беру ашық типтегі мектептер;
-
арнайы мамандандырылған ашық түрдегі училище;
-
басқа түрлердегі білім беру мекемелері, яғни, кәмелетке толмаған және арнайы тәрбиелеу жағдайындағыларды.
Бұл типтегі мекемелерге, білім алып тәрбиеленуге 8 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар кіреді.
Арнайы жабық түрдегі білім-тәрбие мекемелеріне:
-
арнайы біртұтас жабық түрдегі білім беретін мектептер;
-
арнайы мамандандырылған жабық типтегі училищелер;
-
арнайы (түзету) білім берудегі жабық типтегі мекемелер;
Кәмелетке толмаған балаларды арнайы білім-тәрбие мекемелеріне өткізуге келесі құжаттар қажет:
-
медициналық анықтамалар денсаулық жағдайын арнайы мамандардың негізіндегі тексерулер нәтижелері, СЭС анықтамасы – тұрғылықты жерінен;
-
туу туралы куәлігі, жеке куәлік;
-
кәмелеттік жасқа толмағандар мен жұмыс комиссиясының шешімі;
-
ашық түрдегі кәмелетке толмаған баланың мінездемесі;
-
қатысушының жеке жұмысы;
-
мектеп сыныбын бітіргендігі туралы анықтама;
-
табель, ағымдағы жыл;
-
орта білім туралы куәлігі;
-
тұрғылықты жерінен анықтама: отбасы туралы;
-
ата-анасының жұмыс орнынан анықтама, айлық мөлшері және де отбасына басқа да кірістер туралы.
Әлеуметтік педагогикалық қызметтік құрылымы
-
-
-
Сынып жетекшілері. Ата-ана. Оқушы. Педагог-психолог. Педагог-ұйымдастырушы. Қосымша білім беру педагогі
|
Әлеуметтік педагогтің әрекет ету кезеңдері:
1 кезең – оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу.
2 кезең – зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды; проблемалық шешуге тиіс жағдай болғанда, тіркелген субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды.
3 кезең – әрбір іс пен әлеуметтік педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады.
Әлеуметтік педагогтың, психологтың, педагогтың, дәрігерлердің бірлескен қызметі төмендегідей:
- отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
- отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру;
- балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу;
- мінезінде ауытқушылығы бар адамдарға психологиялық және диагностикалық коррекция жасау;
- профилактикалық шаралар ұйымдастыру.
Әлеуметтік педагогтің «Тәуекел тобы» оқушылармен жұмысы
Әлеуметтік педагогтың көңіл аударатын басты объектісі – бала өмірінің әлеуметтік проблемалары.
Әлеуметтік педагогтың «Тәуекел тобы» оқушылармен жүргізетін жұмысының мақсаты: проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы балаланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдайын жасау.
Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік сана жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезініп отырады. Егер бағалау нормасы дер кезінде өзгермесе, субъект ретіндегі баланың әлеуметтік өмірдегі дамуына қажетті қолайлы жағдай жасалмаса өмірлік маңызды шешімге келу кезеңінде кедергілер, яғни «өмірдің проблемалық жағдайы» пайда болады. Егер отбасы мен әлеуметтік орта балаға бұл кедергілерді жоюға көмектесе алмаса, онда ол «Тәуекелдік жағдайға» жетеді. Ал, егер бұл тұста педагог-маман араласпаса кедергі көбейе түседі де, бала «әлеуметтік қауіпті жағдайға» ұшырайды, сөйтіп, «Тәукелділер тобына» амалсыз болады.
Балалардың әлеуметтік өмірінің проблемалық кеңістіктегі жіктелуі
- таңдау бостандығы және әлеуметтік шығармашылық проблемалары-қалыптасқан әлеуметтік өмір нормаларындағы баланың сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыру жолындағы қиындықтар: баланың өз бағыты деңгейдегі немесе адамдарға өз қарым-қатынасын көрсетуі; өзінің жаңа статусын орнатуы, әлеуметтік ортаға ықпалы және әлеуметтік қатынастардың жаңа нормаларын жасаудағы қиындықтар;
- әлеуметтік бейімделу және бейімделе алмау проблемалары – ағымдағы әлеуметтік өмір нормаларына үйрену және меңгеру кезіндегі қиындықтар; баланың денсаулығы мен өміріне қатерлі әлеуметтік қауіпті нормаларды бұзу кезінде туындайтын қиындықтар;
- әлеуметтік бірігу және ажырау проблемалары – бала мүмкіндігі мен қажеттілігі, отбасының әлеуметтік мүмкіндігі, отбасы мүшелерінің сұранысы бірігу немесе ажырау кезіндегі қиындықтар; қажетсіз байланыстар мен қарым-қатынастар, әлеуметтік байланыстарды кеңейтуге немесе бұрынғыларынан шығу кезіндегі дамудың қиындықтары.
Әлеуметтік педагогтің «Тәуекел тобы» оқушылармен істелетін негізгі міндетті қызметі
- сақтандыру құралдарының көмегімен тәлімгер ретінде баланың таңдау бостандығы мен әлеуметтік шығармашылығы проблемаларын шешеді.
- қорғаныс – қауіпсіздік қызметі құралдарының көмегімен үйлестіруші ретінде оқушының бейімделу немесе бейімделе алмау проблемаларын шешуге көмектеседі;
- жұмылдыру әрекеті арқылы жұмылдырушы ретінде әлеуметтік бірігушілік немесе ажырау проблемаларын шешеді.
Білім мекемелеріндегі Мемлекеттік Әлеуметтік саясатты жүргізуші ретінде әлеуметтік педагог «Тәуекелдер тобы» балаларымен істелетін әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың негізгі бағыттарын белгілейді.:
Олар:
- ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балалар;
- мүгедек балалар;
- физиологиялық немесе психологиялық ауытқушылығы бар балалар;
- экологиялық, техногендік апаттардың стихиялық нәубеттердің құрбаны болғандар;
- босқындар мен жер ауғандар отбасының балалары;
- төтенше жағдайға ұшырағандар;
- бостандығынан айырылып, жазасын өтеуге тәрбие колонияларына жіберілген балалар;
- арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі балалар;
- мінез-құлқының ақауы бар балалар;
- айрықша жағдайға байланысты өмір сүру мүмкіндігі объективті түрде бұзылған, оны өз бетімен немесе отбасы көмегімен жөндей алмайтын балалар.
Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жұмысы
Отбасы – жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы, ол бір қатар өлшемдермен анықталады. Әлеуметтік – мәдени өлшемі ата-аналарының білім деңгейімен қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне байланысты, әлеуметтік экономикалық өлшемі – ата-аналарының мүліктік-материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуіне байланысты; техника-гигиеналық тұрмыс жағдайы, үй құрылысының жабдықталуы, өмір салты ерекшеліктеріне байланысты, демографиялық – отбасы құрылымына байланысты анықталады. Бала дамуының қай жағын қарастырсақ та, барлық жағдайда, жас ерекшелігінің қай кезеңінде де отбасының маңыздылығы тиімді және шешуші роль атқарады. Баланың ішкі дүниесін білу, оның проблемаларына ортақтасу, немесе керісінше елеп-ескермеу арқылы ата-аналар баланың өзіндік сана-сезімі мен толық тұлғасын қалыптастырады. Сонымен, отбасы баланың әлеуметтенуінде шешуші роль атқарады.
Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен ынтықмақтасады, оларға кәсіби-педагогикалық көмек көрсетеді.
Педагог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндеттерінің бірі - ата-ананың педагогикалық белсенділік бағытын қалыптастыру болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жабық үйрету сипатына ие болады. Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгілі, оның тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратады; оңды ой-пікірлерді күшейтіп, оң-терісін реттеп тәрбие процесінде пайдаланады.
1. Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.
2. Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндеттірінің бірі - ата-аналарды педагогикалық білім мен дағдыға, оның теориялық және практикалық ықылымдарын меңгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады. Жұмыла педагогикалық әрекет етудің мұндай нәтижесі ата-аналардың өз баласына ғана емес, сонымен қатар біртұтас сынып оқушыларын тәрбиелеу белсенділігіне әкеледі. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бірін-бірі толықтырады.
Әлеуметтік педагогтің отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы:
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу.
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік әлеуметтік мүмкіндіктер принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;
- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
- өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;
- баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көпқұрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну; әлеуметтік педагогтың отбасына ештене жақындуына мүмкіндік тудырады.
Сонымен қатар, әлеуметтік педагог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психология-педагогикалық диагностиканы: бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу, балалар шығармашылығын пайдалану тағы басқа әдістерді жүргізе алады.
Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтау тиіс:
- ата-аналар мен балалар өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс;
- зерттеу мақсаты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі жүргізілуі тиіс;
- зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс;
- психологиялық, педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы және кешенді пайдалануы тиіс.
Отбасына әлеуметтік педагогикалық диагностика негізінен өз баласы мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік әлеуметтілігін пайдалану мүмкіндігіне қарай бөлінген отбасыларының шартты топтарда жүргізіледі. Осыған байланысты отбасыларын 5 топқа бөледі:
1. Жоғары адамгершілікті, этномәдени қарым-қатынастардағы отбасылар. Салауатты өмір салты, ұлттық-этникалық, моральдық атмосфера қалыптасқан, балалар өз қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік алатын отбасылар жатады. Әлеуметтік педагогтің жиі араласуының қажеті жоқ дей тұғынмен тәрбиелеудің жас ерекшелігіне баланысты қиындықтарына сәйкес кейбір кеңестер мен ескертулердің берілуі мүмкін.
2. Ата-аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болуымен сипатталатын отбасылар, бірақ, тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан балаларды балада эгоизм, нигилизм, ата-анасын менсінбеу, отбасынан аластау көзқарастарының қалыптаса бастауы тағы басқа педагогтың көңіл аударуына мәжбүр етеді.
3. Дау-жанжалмен өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл аудармайтын отбасылар. Мұндай отбасыларына педагогикалық белсенді ықпал қажет, отбасындағы микроклиматты сауықтыру, жасөспірімді қорғап қалудың шұғыл шараларын қолдану қажет. Олар:
- дау-жанжалды отбасының көп уақытқа созылған, отбасы мүшелерінің таусылмайтын кикілжіңі ауыр моральдық-психологиялық ахуалға әкеледі. Жанталасқан адамдардың балаға агрессиялық көзқарасы, ата-аналарының баланы бір-біріне айдап салуы, баланың ауытқушылығына апарып, отбасын тастап шығуға мәжбүр болады;
- педагогикалық қалыптасқан отбасы - мұндай отбасыларында балаға қарым-қатынас қатыгездікке, әкімгерлікке, тұрақсыздыққа, зорлыққа құрылған. Бұл баланың намысына тиіп, ар-ожданын таптайтын, сезімін өшіріп, өзіне-өзі баға бере алмайтын күйге жеткізеді. Нәтижесінде отбасынан аластану, ата-ана ықпалынан босап шығу ниетіне ауып, ауладағы, көшедегі бейресми топтардың қолына түседі;
- әлеуметсізденген отбасы-отбасылық ұстанымдар мен қамқорлықтың жойылуы, бала құндылығын бағаламау, тәрбиесіздік, сексуальдық арсыздық, мастардың сотқарлығы тағы басқа;
Басты «тәрбие әдісі» - ұрып соғу. Бұл отбасылардан шығатын балалардың психкасы бұзылады, үйінен, сабақтан қашады, оқу - үлгерімі нашар болып қалыптасады.,
4. Сырттай сау көрінетін отбасы - бірақ іштей рухани азғындық жайланған, шынайы адамгершілік құндылықтары жоқ, ұрпақтың сезімталдық қасиетті бұзылған. Бұл отбасыларынан шыққан кейбір жасөспірімдер өз отбасының сыртқы «бейнесін» жақсы көрсете білетіндіктен мұндай балалармен тәрбие жұмысын жүргізу аса қиындыққа түседі.
5. Қалыптаспаған отбасылар – дау-жанжалды, бейморальді мінез-құлықты, сотқарлық, қатыгездік орын алған. Баланы қорғау үшін әлеуметтік педагогтың мұндай отбасына үнемі көңіл аударып отыруы, қоғамдық ықпал көрсетуі немесе белсенді араласуы қажет.
Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті ортаның тәрбиелік ауанын едәуір байытады, егер өзара әрекет мақсаты формада жүргізілетін болса тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана қызметінің мазмұны мұратқа жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |