Ойынның шарты: Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып отырады музыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды, балалар дауысын ажыратып, суретті карточкадан көрсетеді.Әуен ойналып ишара арқылы аспапта ойнап көрсетеді.
Музыкалық - әдеби шығармалар, ертегі – эпостар, мақал – мәтелдер, аңыз -әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаштар тәрбие беру мақсатында кеңінен пайдаланылды .Олар балалар сезімдеріне әсер етіп, танымдық– тәрбиелік мәнге ие болды.
Жұмбақ ойын
1. Ұзын мойын екі ішек,
Қатар – қатар тепкішек.
Басып қалсаң бір-бірлеп,
Күй шығады күмбірлеп, ( Домбыра)
2. Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. ( Сыбызғы)
3. Ел қорғайтын ерлікке
Әуенімен шақырған
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған. (даңғыра)
4. Бас, құлақ, мойны бар
Үп үлкен шанағы бар
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар (қобыз)
5. Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар
Әуенінен жеті тарау мұң шығар
Ойнап кетсең түрлі түрлі жыр шығар
Бұл қай аспап? (жетіген)
6. Сызылған үні,сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын, аспаптың түрі. (сыбызғы)
7. Тілшікті аспап, қобыздай асқақ
Ерекше үні бар,бұл қай аспап? (шаңқобыз)
8. Қоңыр сазды даусы бар
Шертсең күй, әні бар
Домбыраға ұқсайтын
Бұлқай аспап? (шертер)
Міне, осындай дидактикалық ойын түрлері арқылы мектепке дейінгі балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығын арттырып, ұрмалы, үрмелі аспаптарда ойнатып, халқымыздың музыка өнерін кішкентай балдырғандарға жеткізе білу әрбір музыка жетекшісінін басты ұстанымы болу керек деп санаймын. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру барысында ұстаздар мен тәрбиешілер оқыту үдерісін барынша қызықты, проблемалық, шығармашылық, зерттеу белсенділігіне бағытталған бағдарлама етіп жасай алады деген сенімдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |