I бөлім не үшін үйлену керек?


Мен оқуды ұсынатын кітаптар



Pdf көрінісі
бет28/42
Дата06.12.2022
өлшемі1 Mb.
#466642
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Мен оқуды ұсынатын кітаптар
Отбасын құруға дайындалып жүрген жастарға мен мына 
кітаптарды оқуды ұсынамын: 
1. «Дайындықсыз үйленбе», Ақан Мергембай 
2. «Он и Она», болмаса «Семья и Ислам», Шамиль 
Аляутдинов 
3. «Мужчины с Марса, женщины с Венеры», Джон Грэй 
4. «Пять языков любви», Гери Чепмен 
5. «Пять травм», Лиз Бурбо
6. «Исламдағы жанұя», Шәмшат Әділбаева
7. «Я слышу Вас насквозь», Марк Гоулстон


82
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ

ау
ап
ҚОСЫМША
Үйлену тақырыбына қатысты cұрақ-жауап
Бұл бөлімде бір кезде оқырмандардан келген 
сұрақтарға менің берген жауаптарым қамтылған. Әркім 
өзін алаңдатып жүрген мәселенің жауабын табады деп 
сенемін.
Сұрақ: Студент болып жүріп үйленген дұрыс па?
Жауап: Меніңше, студент кезде кейінгі өміріңе азық 
болатын білімді меңгерген дұрыс. Бар ойың оқу, өз-өзіңді 
жетілдіру болуы керек. Үйленген соң, екі адам үшін ойлана 
бастайсың, жауапкершілік салмағы артады, білім алуға 
фокус та, энергия да, уақыт та азаяды.
Сұрақ: Ұнатқан қызым қарамай қойса, не істеймін?
Жауап: Бір кәсіпкер ағам «Өзі қалаған қызға үйлене 
алмаған жігіт бизнес бастамай-ақ қойсын» деп айтып еді. 
Шынымен жақсы көрсең, қарату үшін бәрін істейсің ғой. 
Джек Лондонның «Мартин Иден» деген шығармасын 
оқып, мотивация алсаң болады. Қыздарға да дегенінен 
қайтпайтын жігіттер ұнайды. Роберт Чалдинидің 
«Психология влияния» деген кітабын оқып, сол жердегі 
тәсілдерді қолданып көр. Қысқасы, «махаббат деген 
– қарусыз майдан». Барыңды салсаң, ол қызды өзіңе 
қаратасың ғой.


83
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ

ау
ап
ҚОСЫМША


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет