I бөлім не үшін үйлену керек?


Cұрақ: Жігіттер қыздың қай мінезіне қызығады?



Pdf көрінісі
бет40/42
Дата06.12.2022
өлшемі1 Mb.
#466642
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Cұрақ: Жігіттер қыздың қай мінезіне қызығады? 
Бағалайды?
Жауап: Биязылығына, жұмсақтығына, «әлсіздігіне» 
қызығады. Мойынсұнатын, жігітті құрметтейтін қыздан 
артық қыз жоқ. Жігіт қыздың жанында өзін құрметті, мықты, 
қамқор адам ретінде сезінсе, сол сезімді сыйлай білген 
қызды жақсы көреді. Кейде сымбатты жігіттің жанында 
анау айтқандай сұлу емес жарын көріп «Қалайша?» 
деуің мүмкін. Бірақ, біл, демек, ол қыз жігітке сол бір 
сезімді сыйлай білген, сол үшін ол жігіттің көзінде сұлу әрі 
тартымды.


99
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ

ау
ап
ҚОСЫМША
Cұрақ: Таныс ретінде қыз бен жігіт ең жақын қандай 
қарым-қатынаста болғаны дұрыс?
Жауап: Бастысы физикалық қарым-қатынас (сүю, құшақтау, 
т.б.) болмаса, жеке қалмаса, болды.
Cұрақ: Жағдайды жасап барып үйленген дұрыс па?
Жауап: Иә, дұрыс. Бірақ қандай жағдайды? Үй алам, 
машина алам, сосын үйленем десеңіз, қазіргі заманда 
үйленбей қалуыңыз мүмкін. 
Отбасымды киіндіре алам, аш қалдырмаймын десеңіз, алға! 
Негізі пәтер жалдап тұру да жаман нәрсе емес. Есептеп 
қараңызшы, мүмкін үй сатып алғанша, пәтер жалдап тұрған 
тиімді шығар? 10-15 жылдық перспективада. Бір айдағы 
шығындарыңызды есептеңіз. 150 000 тг дейік. Х деп алайық 
шығынды. Сізге салыстырмалы түрде еркін өмір сүру үшін 
2*Х ақша табу керек, яғни 300 000 тг. Осылайша ай сайын 
2*Х ақша таба алсаңыз, смело үйлене беруге болады деп 
ойлаймын. Осы орайда әбу Ханифаның «Байығың келсе, 
үйлен!» деген сөзін еске салғым келеді.
Cұрақ: Сырт келбет (түр, салмақ, бой) маңызды ма 
үйленуге?
Жауап: Жігіт ретінде айтайын, жігіт үшін қыздың сыртқы 
келбеті маңызды. Ең бірінші қыздың сұлулығына қарайды. 
Әркімнің талғамы әртүрлі ғой. «Қыз қылығымен сұлу» 
деген сөз бар. Қылықты болса, кез келген қыз сұлу боп 
көрінеді. Енді бір қыздар бар. Аузын ашса болды, «Бағанағы 
сұлулық қайда кетті?!» дейсің еріксіз. Алла әділетті. Әркімді 
әр түрлі етіп жаратқан. Әркім өзінше сұлу. Сол сұлулығын 


100
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ

ау
ап
ҚОСЫМША
байқай білсе, болғаны. Коко Шанельдің бір жақсы сөзі бар 
еді: «Сұлу емес әйел болмайды, жалқау әйел болады» 
деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет