И. Ф. Харламов Ғылыми дүниетанымның бағдару беру, ақпараттық және баға беру функцияларын атайды



бет8/10
Дата13.12.2022
өлшемі129.28 Kb.
#467185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
педагогика 10-14

Дидактикалық жүйе

(гр. systema – тұтас, бөліктерден құралған, қосынды) – нақты критерийлер бойынша анықталған тұтас білім. Дидактикалық жүйелер оқытудың құрылымдары, мақсаттар бірлігі, ұйымдастыру принциптері, мазмұны, формалары мен әдістерінің ішкі бірлігімен сипатталады. Зерттеушілер өзара ерекшеленетін үш дидактикалық жүйені бөліп көрсетеді (И.П.Подласый):
1) И.Ф.Гербарт жүйесі (дидактикасы);
2) Д.Дьюидің дидактикалық жүйесі;
3) Жетілген, қазіргі дидактика.



Қазіргі дидактиканың ерекшеліктері
Принциптері практикалық педагогикалық іс-әрекет негізінде жатқан қазіргі дидактиканың мынадай ерекшеліктері бар:

1. Оның әдіснамалық негізін таным философиясының (гносеология) заңдылықтары, материализм құрайды, сондықтан қазіргі дидактика прагматизм, рационализм, эмпиризм, технократизмнің философиялық жүйелеріне тән оқыту процесін талдау мен интерпретациялауды біржақты қарастыруды жеңе алды, оның қазіргі тұжырымы оқыту процесін жүйелі қарастыруға саяды. Бұл дегеніміз – сезімдік қабылдау, білімді түсіну және меңгеру, алынған біліктер мен білімдерді практикалық верификациялву танымдық процесте, оқу іс-әрекетінде органикалық түрде бірігуі қажет.


2. Қазіргі дидактикалық жүйеде оқыту мәні оқушыға дайын білім беруге де, олардың қиындықтарды өздері жеңуіне де немесе өзіндік жаңалық ашуларына да тірелмейді. Ол педагогикалық басқаруды оқушылардың өзіндік белсенділіктерін дамытумен ұштастыру арқылы ерекшеленеді. Қазіргі дидактиканың басты мақсаты – оқушыларды аз уақыт, күш, құрал жұмсап, көрсетілген деңгейге жеткізу.
3. Оқытудың мазмұнын анықтауға көзқарас өзгерді, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қалыптастырудың, оқу курстарын құрудың принциптері өзгерді.
Қазіргі дидактика жүйесі бойынша проблема қою мен оны ой елегінен өткізу кезеңінде-ақ оқытудың алғашқы өнімдері (көзқарас) қалыптасады. Бұдан кейін осы өнімдерді сандық және сапалық тұрғыда дамыту жүреді (пайымдар, түсініктер, білімдер, т.б.). Нәтиже (оқыту өнімдері) жоспарланған деңгейге сәйкес келгенде оқыту мақсаты орындалады. Яғни, оқушыларды төмен деңгейден жоғарысына көшіру процесі жүреді. Осы деңгейлермен шектелген процесс дидактикалық деп аталады.

Оқыту

оқытушы мен оқушының мақсатты түрде бағытталған өзара қимылы



Харламов И.Ф

«оқыту – оқушыға ғылыми білімдермен іскерліктерді игертуге, творчестволық қабілетін, дүниетанымын, адамгершілігін, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға бағытталатын, олардың белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыратын арнайы педагогикалық процесс» деп анықтайды.

Ю.К.Бабанский

«оқу процесі мақсаты бағытталған оқытушы мен оқушының өзара қимылы және соның барысында білім беру міндеттері шешілді» деп есептейді. Оқыту екі жақты процесс: сабақ беру (оқытушы іс-әрекеті), оқу (оқушы іс-әрекеті)

Процесс - жүйенің жағдайларының кезектесуі.
Дидактиклық процесінің құрылымын В.П.Бескалько мынадай шартты формуламен белгілейді.

Дпр=М+Пд+У


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет