І. Физика физика тұрмыста сынып


ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР



бет3/31
Дата03.09.2022
өлшемі252.85 Kb.
#460156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
ФАКУЛЬТАТИВ КУРС БАГДАРЛАМА

ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР

  1. сынып

Билалова И.С.


М. Дауленов атындағы орта мектеп, Зайсан ауданы.


Түсінік хат

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі. «Физика» пәні мектептің жоғары сатысында жаратылыстану-математикалық бағытта оқытудың бағдарын анықтайтын көтеріңкі деңгейде оқылатын пәндер қатарына жатады.


Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.


8 сынып «Физика және астрономия» пәнінің бағдарламасы табиғаттың түрлі құбылыстары (механикалық, жылулық, электрлік, электр-магниттік, оптика, атом және ядролық), негізгі физикалық ұғымдар, физикалық заңдарды практикада қолдану мысалдары туралы мәліметтерді құрайды.


7
Курстың өзектілігі: жылу, электр, магнит құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;


Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеулердің қажетті принциптері және әдістері туралы, физикалық принциптерге негізделген құрылғылар және оларды экспериментте қолдану туралы қажетті білім беріледі.


Практикалық бөлім фронтальды зертханалық жұмыстар, практикумдар және экскурсиялардан тұрады.Фронтальды зертханалық жұмыстар курстың теориялық материалын тереңдетумен қатар оқушылардың біліктерін қалыптастырады.


Сонымен қатар бұл курс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, негізгі физика бағдарламасы материалын терең меңгеруге және қабілеті бар оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.


Бұл курстың теориялық бөлімі оқушылардың қазіргі заманғы техника туралы біліктерін жалпылауға, техникалық құрылғылардың негізгі принциптері туралы білімдерін жүйеге келтіруіне мүмкіндік береді. Сабақтар лекция, әңгіме, техникалық құрылғылар және приборларды құрастыруға арналған өзіндік жұмыстар, өздері дайындаған приборлармен зертханалық жұмыстар жүргізу түрінде өтіледі.


Теориялық сабақтар барысында зерттелініп отырған құрылғылар мен приборлардың физикалық принциптерін толық қарастыру қажет, өйткені бұл процесс оқушының салыстыру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушының құрастыру кезіндегі жеке жұмысында технологиялық міндеттерді шешудегі шығармашылық дағдысын қалыптастырады.




Курстың мақсаты және міндеттері:

Курстың негізгі мақсаты - ғылыми білімнің іргелі негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету. Осы мақсатты орындау жолында төмендегідей міндеттерді шешу қажет:





  • білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;







  • пәнаралық (химия, математика т.б) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;




  • белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру жаңашылдыққа баулу;

  • алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;




  • окушылардың негізгі физика курсындағы білімдерін тереңдету, қызығушылықтарын арттыру;




  • дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі - табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуальды

дамуын қалыптастыру.


Курстың практикалық маңыздылығы.

8
Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, есептер шығауға, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздық пен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді.




Курстың құрылымы.
Бейінді курс бағдарламасы сызықтық модель бойынша жасалған.
Сабақты жүргізу әдістері: теориялық, практикалық және семинар сабақтар.


Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:
-физикалық құбылыстарды талдау;
-физика пәніне қызығушылық, физикалық есептерді шығаруға жаттығу;

-физикалық экспериментті жүргізу, физикалық шамаларды тура және жанама әдістермен өлшеу.




Біліктері:
-оқушының материалмен өз бетімен жұмыс жасауы;

-алған өлшеу нәтижелерін талдау, жүйелеу;


-физикалық есептерді шығара алу, жауапты талдау;
-қарапайым есептер құрастыра білу;
-есеп шығарудың аналитикалық, графиктік, эксперименттік әдістерін меңгеру;

-есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құбылысты сипаттай алуы, анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін «ХБЖ» тексере білу керек. -өзін-өзі бағалай алу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет