І. Жалпы ережелер ереже асықтан Жарыс өткізу шарттарын реттейді



бет2/4
Дата12.05.2022
өлшемі1.64 Mb.
#456834
1   2   3   4
2. Ойын тәртібі
Әр ойын түріне қатысушылар өтінімі жасалады. Алаң ойыны барысында қатысушылар тізімдегі кезек бойынша төртеуден ортаға шығады. Алдымен тізімдегі алғашқы төрт ойыншы шығып бастайды. Әрқайсысына тізімдегі орнына сәйкес «1», «2», «3», «4» сандары белгіленген сақалар таратылып беріледі. “Тақталық” (үй ішілік) ойын басталар алдында ойын жургізуші олардың сақасын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе – екінші, бук түссе – үшінші, шік түссе - төртінші болып асық ататын болады. Егер екі баланың, үш баланың, немесе төртеуінің де сақасы бір қалыпта түссе, кезек ретін нақты белгілегенге дейін сақалар қайта иіріледі. Ойын соңында ең көп ұпай немесе асық жинаған бала жеңімпаз болып танылады.
Ойыншы ортаға шақырылған жағдайда дайын тұруы керек. 2 минуттан артық кешіксе, ойыннан шығарылады. Ойын барысында дөрекілік танытқан, тәртіпке, ережеге бағынбаған ойыншы ойыннан шеттетіледі. Бас төреші қажет деп тапса, тәртіп бұзған ойыншыны жарысқа қатыстырудан бас тартуға құқылы. Осындай жағдайда ойыннан шығарылғандарға ешбір орын берілмейді.


3. Ойын түрлері
ҚАРЖУ (қақпақыл)
Бұл ойын үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – көн киіз немесе кілем үстіне төреші бес асықты арасын алшақтатып шашып тастайды (1 сурет). Ойыншы өзінің қолындағы қолайлы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі бір асықты іліп алып, жоғарыдан түсіп келе жатқан өз асығын жерге түсірмей қағып алады, жаңағы жерден алған асықты жерге қойып, тағы да өз асығын жоғары лақтырып, жерден екінші асықты іліп алып, жоғарыдағы өз асығын қағып алады. Осылай үшінші, төртінші, бесінші асықты алады. Осы бес асықты қателік жібермей қаржып алар болса, 10 ұпай беріледі.







1 сүрет
Егер қолына ұстаған бес асықтың біреуін түсіріп алса, 1 ұпай шегеріледі. Екеу болса, екі ұпай шегеріледі. Егер жоғары лақтырған асығын 3 рет ұстай алмаса, ойын тоқтатылады
Бірақ ойыншы бұған дейін жинаған ұпайына иелік ете алады. Бірінші кезеңде қалай ойнағаны есепке алынбай-ақ қатысушы екінші кезеңге жіберіледі.


Екінші кезең – көн киіздің екінші бетінде киізді жиектеп орналасқан 8белгі болады. Осы белгілерге сегіз асық тігіледі. Екі-алшы, екі–тәйке, екі бүк, екі-шік. Бұлар қарама-қарсы орналастырылады. Ойыншы өз қолындағы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі екі алшы асықты шеберлікпен теріп алып, жоғарыдағы өз асығын жерге түсірмей қағып алуы керек. Осылай жұп асықтарды қате жібермей қаржып алса, 20 ұпай беріледі. Ойын қателіктеріне қарамай аяғына дейін жүргізіледі. Бірақ бір ойыншы екі жұп асықты бір рет қана қаржып ала алады. Қаржый алмаса, 5 ұпайдан айырылады да, келесі жұп асықты қаржып алуға әрекет жасайды. Бірінші және екінші кезеңде қалай ойнаған есепке алынбай-ақ, қатысушы үшінші кезеңге жіберіледі.
Үшінші кезең – көн киіздің екінші бетінде киізді жиектеп 9 асық орналастырылады. Ойыншы өз қолындағы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі асықтарды үш- үшеуден теріп алып, жоғарыдағы өз асығын жерге түсірмей қағып алуы керек. Осылай үшеуден 9 асықты қате жібермей қаржып алса, 30 ұпай беріледі. Ойын қателіктеріне қарамай аяғына дейін жүргізіледі. Бірақ бір ойыншы үш асықты бірден бір рет ғана қаржып ала алады. Қаржый алмаса, 10 ұпайдан айрылады да, келесі үш асықты қаржып алуға әрекет жасайды. Жеңімпаз үш кезең қорытындысы бойынша анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет