I жалпы ережелер


IV. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну



бет2/3
Дата01.07.2016
өлшемі264.5 Kb.
#169544
1   2   3

IV. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну
4.1. Нормалық бақылаудан өткеннен кейін дипломдық жұмыс (жоба) алдын ала қорғау рәсімінен өту үшін шығарушы кафедраға ұсынылады.

4.2. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау рәсімі МАК жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын белгіленеді және студенттің және ғылыми жетекшінің міндетті түрде қатысуымен кафедраның ашық отырысында талқыланып, кафедра хаттамасымен ресімделеді (8 қосымша).

4.3. Алдан ала қорғаудан және белгіленген талаптарға сәйкестікке нормалық бақылаудан сәтті өткеннен кейін дипломдық жұмысқа (жобаға) студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге беріледі, ол дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікір жазып, оны кафедра меңгерушісіне ұсынады. Кафедра меңгерушісі аталмыш дипломдық жұмыс (жоба) бойынша соңғы шешім қабылдайды және бұл туралы бірінші бетте тиісті жазба жасайды.

4.4. Жазбаша пікірде ғылыми жетекші тақырыптың маңыздылығын, студенттің жұмысты (жобаны) орындаудағы дербестігін, қарастырылатын мәселелердің логикалық бірізділігін, қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелділігі мен нақтылығын, жұмыстың оң және теріс жақтарын, қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкессіздігін), мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысында көпшілік алдында қорғауға жіберілуі (жіберілмеуі) сияқты мәселелерді атап өтуі қажет. Жазбаша пікір 1-2 бет көлемінде қолдан жазылуы немесе машинкаға басылған болуы мүмкін. Пікірдің үлгісі 9 қосымшада берілген.

4.5 Дипломдық жұмысты (жобаны) құптамаған жағдайда ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) қол қоймайды, бірақ жазбаша пікір беріп, онда өзінің дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғауға неліктен жіберілмейтіндігі туралы шешімін негіздейді. Ғылыми жетекшінің теріс пікірі негізінде кафедра меңгерушісі аталған дипломдық жұмыс (жоба) бойынша соңғы шешімін қабылдап, бірінші бетіне сол туралы тиісті жазба жасайды.

Егер кафедра меңгерушісі студентті дипломдық жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп санаған жағдайда, бұл мәселе аталған студент пен оның ғылыми жетекшісінің міндетті түрде қатысуымен кафедра отырысында қарастырылады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орны ректорының бекітуіне беріледі.

4.6 Алдын ала қорғаудан кейін дипломдық жұмысты (жобаны) декан сын-пікір жазуға жібереді.

4.7 Сын-пікірдің пікірден айырмашылығы ол дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнының сапасын тәуелсіз сарапшының бағалау нәтижесі болып табылады.

4.8 Сын-пікір беруші дипломдық жұмыстың мазмұнын мұқият зерттеуге міндетті және машинкада басылған 1-2 бет көлеміндегі сын-аікірді жазады, онда мыналардан көрініс береді:

- тақырыптың маңыздылығы;

- тақырыптың жаңалығы және тәжірибелік маңызы;

- зертте тақырыбының толық ашылуы;

- дипломдық жұмыстың баяндалу және ресімделу сауаттылығы;

- мазмұнының талаптарға және дипломдық жұмысқа тапсырмаға сәйкестігі;

- пайдаланылған әдеби деректердің жеткілікті (жеткіліксіз) көлемі;

- дипломдық жұмыстың (жобаның) оң және теріс жақтары;

- негізделген ескертулер мен кемшіліктер;

- мәселенің шешілу дәрежесі және зерттеудің аяқталғандығы;

- балдық-рейтингілік әріптік эквиваленттің көрсетілуімен дәстүрлі бағалау;

- бітірушіге бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі.

Сын-пікірдің үлгісі 10 қосымшада көрсетілген.

4.9 Дипломдық жұмысты (жобаны) сын-пікір жазуға факультет деканы жолдайды. Жолдаудың үлгісі 11 қосымшада көрсетілген.

4.10 Сын-пікір жазушылар шығарушы кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша өндірістің және ғылыми ұйымдардың тәжірибелі мамандары қатарынан, сонымен қатар басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, тәжірибелі оқытушылары қатарынан ректордың бұрығымен бекітіледі.

4.11 Сын-пікір жазушылардың міндетті түрде негізгі жоғары білімі немесе қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) бейініне сәйкес ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы болуы қажет.

4.12 Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген, бірақ сын-пікір жазушы F – «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған дипломдық жұмыс (жоба) МАК отырысында жалпы негіздемелер бойынша қорғалады.

4.13 Факультет деканы қорғауға бір күннен кешіктірмей шығарушы кафедра меңгерушісін және диплом жазушы студентті сын-пікірмен таныстырады және дипломдық жұмысты (жобаны) пікірмен және сын-пікірмен қоса қорғау үшін МАК-қа жібереді. Сын-пікірмен танысқаннан кейін жұмысқа ешқандай өзгертулер немесе түзетулер енгізуге болмайды.

V. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі.

5.1 Дипломдқ жұмысты (жобаны) қорғау МАК-тың ашық отырысында 50%-дан кем емес құрамының қатысуымен көпшілік алдында өткізіледі.

5.2 Қорғау қазақ, орыс тілдерінде және жекелеген жағдайларда шетел тілінде өткізілуі мүмкін.

5.3 Қорғауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады, олар сұрақтар мен баяндамалар түріндегі дипломдық жұмысты талқылауға қатыса алады.

5.4 Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы бір студентке 30 минуттан аспауы керек.

Норматив белгіленсін:







Дипломдық жұмысқа (жобаға), МАК-қа жетекшілік ету

Әрбір диплом жазшыға 30 сағат, оның ішінде:

1

дипломдық жұмысқа (жобаға) жетекшілік ету және консультациялар

нормалық бақылау өткізу

барлығы


23 сағат
1 сағат

24 сағат


2

бір жетекшіге бекітіледі:


5 диплом жазушыдан артық емес




жекелеген жағдайларда бір профессорға, тәжірибелі доцентке

8 диплом жазушыға дейін

3

дипломдық жұмыстарға (жобаларға) сын-пікір жазу

3 академиялық сағат

5.5 Студентке баяндамамен мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында сөз сөйлеу үшін 15 минуттан артық берілмейді. Баяндаманы алдын ала ғылыми жетекші тексеруі қажет. Баяндаманың өзі көрнекі материалдармен, немесе интекактивті тәртіптегі слайдтармен ілестірілуі қажет.

5.6 Талқылаудан кейін МАК хатшысы пікір мен сын-пікірді оқиды. Ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда, жетекші өзі сөйлеуіне болады. Пікірде және сын-пікірде ескертулер болған жағдайда студент олардың мәні бойынша дәлелді түсініктемелер беруі керек.

5.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша студенттің теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындығының деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және сын-пікір жазушының бағасы негізінде балдық-рейтингілік әріптік жүйемен баға қойылады.

5.8 Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері әрбір студентке жеке мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (МАК) мәжілісінің хаттамасымен ресімделеді және олардың өткізілген күні жарияланады.

VI. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) сақтау тәртібі

5.9 Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғалғаннан кейін шығарушы кафедра кафедра меңгерушісі бекітетін тізімдеме бойынша жоғары оқу орнының мұрағатына тапсырады.

5.10. Дипломдық жұмыстар (жобалар) жоғары оқу орнының мұрағатында 5 жыл сақталады. Бұл мерзім аяқталған соң ректордың бұйрығымен құрылған комиссия акт бойынша дипломдық жұмыстарды (жобаларды) шығынға жазады.

5.11. Оқу-әдістемелік көмек көрсету, конкурстарға қатысу, оқу үдерісіне енгізу үшін оқу ісі жөніндегі проректордың рұқсатымен дипломдық жұмыстың (жобаның) көшірмесі түсіріліп, мүдделі тараптарға беріледі.


1 қосымша

Өтініш үлгісі

Кафедра меңгерушісі

_______________________

________________(аты-жөні)

күні
Өтініш

Сізден келесі өңдеудегі _______________________________

(тақырыптың атауы)

дипломдық жұмыстың (жобаның) № ___ тақырыбын бекітуіңізді және _______________________________________________________

(жетекшінің ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні)

ғылыми жетекші етіп тағайындауыңызды сұраймын..


_________ тобының студенті _____________________

(студенттің аты-жөні)

Қолы


Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Факультет__________________________________________
Мамандық__________________________________________
Кафедра____________________________________________

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

_____________________

«___» ________ 200__ж.



Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға

ТАПСЫРМА

Студент ________________________________________________



аты-жөні

_______________________________________________________



курсы, тобы, мамандығы, оқу түрі

1.Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы _______________

_______________________________________________________
университет бойынша «__» ___200__ ж. № __ бұйрықпен бекітілді.

2. Студенттің аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «__» __200_ ж.

3. Жұмысқа бастапқы мәліметтер (заңдар, әдеби көздер, зертханалық-өндірістік мәліметтер) ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Дипломдық жұмыста (жобада) өңдеуге жататын мәселелер тізімі _______________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


5. Графикалық материалдар тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т.б.)_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі ____________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


7. Жұмыс бойынша консультациялар (оларға қатысты жұмыс бөлімдерін көрсетумен)


Бөлімнің, тараудың нөмірі, атауы

Ғылыми жетекші, кеңесші

Тапсырманы алу мерзімдері


Тапсырманы берді

(қолы)


Тапсырманы қабылдады (қолы)





















































































































































































8. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі



Жұмыстың кезеңдері


Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері

Ескерту

1

Дипломдық жоба тақырыбын бекіту







2

Дипломдық жобаны дайындау үшін материалдар жинау







3

Дипломдық жұмыстың (жобаның) теориялық бөлімін дайындау (1 тарау)




Іс-тәжірибеге кеткенге дейін

4

Дипломдық жұмыстың (жобаның) сараптамалық бөлімін дайындау (2-3 тарау)




Іс-тәжірибе уақытында

5

Дипломдық жұмыстың (жобаның) толық мәтінінің жобалық нұсқасын аяқтау




Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейінгі бірінші аптада

6

Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғауға ұсыну




Шолу дәрістерінің (консультациялар) уақытында

7

Дипломдық жұмысты (жобаны) сын-пікірге ұсыну







8

Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшінің пікірімен және сын-пікірмен соңғы нұсқасын тапсыру







9

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау




МАК кестесіне сәйкес

Тапсырманың берілген күні «______» ___________ 200__ж.

Ғылыми жетекшісі __________________________________

қолы аты-жөні, ғылыми атағы, қызметі

Тапсырманы қабылдады: студент _____________________



қолы аты-жөні

3 қосымша



Дипломдық жұмыс (жоба) мұқабасының үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

Иванова И.А.
ҚР коммерциялық банктерінің депозиттік операциялары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050508 – «Есеп және аудит» мамандығы

Қарағанды 2010

4 қосымша

Бірінші бетті ресімдеу үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті


«Қорғауға жіберілді»


Кафедра меңгерушісі ______________
________________И.А.Иванов

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің депозиттік операциялары»

050509 –«Қаржы» мамандығы


Орындады: А.А.Андреев
Ғылыми жетекшісі

э.ғ.к., доцент И.А.Иванов

Қарағанды 2010

5 қосымша


Дипломдық жұмыстың мазмұнын ресімдеу үлгісі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………. 6

1 Тараудың атауы ………………………………………… 10

1.1 ******…………………………………………………...10

1.2 *****….………………………………………………19

1.3 ******….………………………………………………..20

2 Тараудың атауы …………………………………………..30

2.1 ******…………………………………………………..30

2.2 ******………………………….……………………..40

2.2.1****……………………………………………………45

2.2.2****……………………………………………………50

3 Тараудың атауы .…………………………………………55

3.1****………………………………………………………55

3.2****………………………………………………………60

Қорытынды …………………………………………………65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....………………………68

Қасымша (лар) ……………………………………………..70

6 қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Ахметова Г.С. Математические методы. – Алматы: Наука, 2003. – 216 С.

2 Иванова Р.С. Анализ финансового состояния предприятий // Вопросы экономики: сб. науч. тр. Института экономики. – Алматы, 2004. – С. 214-217

3 Баженов Л.Г., Сорочинская И.Н. Сезонные изменения содержания имунноглобулинов в крови // Тезисы докл. III Межд. конф. по биологии. – Москва, 2000. - 320 с.

4 Омаров А.А. К вопросу о современном состоянии банковской системы РК // Финансы Казахстана. – 2009 г. - № 2. – С. 110-112.

5 Изучение кинетики и химизма процессов: отчет о НИР / ИМ и О АН РК. – Алматы, 2009 г. – 240 с. – Инв. № 810.

Ескерту: Дерек көздерінің нөмірінен кейін нүкте қойылмайды, одан кейін азат жолы жасалып, дерек көздерінің мәліметтері басылады

7 қосымша

Нормалық бақылау парағының үлгісі
_________________ факультеті, «__________________» мамандығы, ________________ тобының

студенті _______________________________________________

(аты-жөні)

дипломдық жұмысына

НОРМАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы ______________________

________________________________________________________________________________________
Дипломдық жұмыстың МЖБС талаптарына сәйкестігін талдау



Нысан

Өлшемдері

Сәйкес +

Сәйкес емес -



1

Тақырыптың атауы

Бекітілген тақырыпқа сәйкес




2

Шрифт өлшемі

14 кегель




3

Шрифт атауы

Times New Roman




4

Жоларалық интервал

Бір




5

Азат жол

0.8 (төртінші белгі)




6

Шеті (мм)

Сол -30 мм, оң – 10 мм, жоғарғы – 20 мм, төменгі – 25 мм




7

Жұмыстың жалпы көлемі

60-90 бет баспа мәтін (гуманитарлық мамандықтар үшін 100 бетке дейін)




8

Кіріспе көлемі

3-5 бет




9

Негізгі бөлім көлемі

50-80 бет




10

Қорытындының көлемі

3-5 бет




11

Беттерді нөмірлеу

Алмаспайтын, беттің төменгі жағында, ортасында араб цифрларымен




12

Жұмыстың құрылымдық бөлімдерінің бірізділігі

Мұқаба, Бірінші бет, Дипломдық жұмысқа тапсырма, Мазмұны, Кіріспе, Негізгі бөлім (екі - үш тарау), Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, Қосымша.




13

Жұмыстың құрылымдық бөлімдерін ресімдеу

Әрбір құрылымдық бөлім жаңа беттен басталады. Атаулары азат жолдан бас әріптен бастап жазылады. Атау мен мәтін арасындағы қашықтық – екі жол. Атаудың соңына нүкте қойылмайды.




14

Негізгі бөлімнің құрылымы

2 - 3 тарау көлемі бойынша мөлшерлес.




15

Пайдаланылған әдебиеттер саны және ресімдеу

30 деректік және әдеби көздердің библиографиялық сипаттамасы




16

Қосымшалардың болуы және ресімдеу

Гуманитарлық мамандықтар үшін – болғаны дұрыс. Техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін – міндетті.




17

Мазмұны мен әдебиеттерге сілтемелерді ресімдеу

Мазмұнына бастапқы беттерін көрсетумен барлық тараулардың, параграфтардың, қосымшалардың атаулары енеді.




18

Кестелерді ресімдеу

Мәтінде айтылғаннан кейін орналастырылады.




19

Суреттерді ресімдеу

Мәтінде айтылғаннан кейін орналастырылады.




20

Сілтемелер

Мәтіндегі сілтемелер саны пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес келеді



Нормалық бақылауды орындады:

________________ _______________ _______________

(қызметі) (қолы) (аты-жөні )


Нормалық бақылаудың нәтижелерімен таныстым:

Студент _____________________ _______________

(аты-жөні) (қолы)

Ескертулер жойылды: _____________ _____________

(аты-жөні) (бақылаушының қолы)

Күні ____________

8 қосымша

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау хаттамасы
Дипломдық жұмысты алдын ала қорғаудың

«____» __________200___ ж.


№ ___ХАТТАМА

Қатысқандар:

_________________________

(оқытушылардың саны)

_________________________

(студенттердің саны)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет