І. Жансүгіров атындағы



Дата20.02.2023
өлшемі17.09 Kb.
#469822
түріБілім беру бағдарламасы
отчет-1676542475043


І.Жансүгіров атындағы
Жетісу Университетінің
«6В01501-Математика»
БББ 3-курс білімгері
Нуртаева Ақмарал Ануарханқызының
педагогикалық практикасының

Есебі
Мен, Нуртаева Ақмарал Ануарханқызы математика білім беру бағдарламасының, МПҚ-311 тобының білімгері 09.01-11.02.2023 аралығында Дарбазақұм ауылы, «Дарбазақұм негізгі мектебі КММ-інде» педагогикалық практикадан өттім. Практика барысында менің жетекшім ретінде математика пәнінің мұғалімі Кабылбекова Жадыра Улдахметқызы бекітілді. Педагогикалық практика барысында маған 7 «А» сыныбы жетекшілікке,ал 5, 6 сыныптарына математика және 7, 8 сыныптарына алгебра,геометрия пәнінен сабақ беру міндеттелді. Педагогикалық практиканың бірінші аптасы пассивті түрде болды. 9 қаңтар күні лицей ұжымымен, жетекшіммен, сабақ кестелерімен таныстым. Пән мұғалімі сабақтарына қатысып, оқушылармен кері байланыс жасау, үй тапсырмасын қайталау, жаңа тақырыпты түсіндіру әдістерімен таныстым. Пассивті түрде сабаққа қатысу маған тәжірибелі ұстаздардың әдіс-тәсілдерімен, оқушылар жұмыс жасау кезіндегі ұтымды әдістерді, кез келген оқушымен немесе жалпы сыныппен қандай қарым-қатынас жасау керектігін меңгеруге мүмкіндік туғызды. 11.01.23ж Бөлекбай Айдос Рустембекұлының 7 «А» сыныбымен өткізген сынып сағатына қатысып, сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдермен танысып білдім. Сыныбыммен танысу кезінде Бөлекбай Айдос Рустембекұлы әр сынып жетекшісінде болуы қажет құжаттармен, заңнамалармен таныстырып, оқушылардың ата-аналарымен де жүргізілетін хаттама үлгілерін де түсіндіріп өтті. 7 «А» сыныбына жүргізілген сауалнама нәтижесінде, сынып оқушыларының қызығушылықтарын, сабаққа үлгерімдерін жақыннан тани алдым. Сонымен қатар осы сыныптың өзге де сабақтарына қатыса отырып,олардың сабақ кезіндегі белсенделіктерін, ұйымшылдық қасиеттерін зерттеп,әр оқушыны танып білуге тырыстым.Сынып жетекшісі ретінде 18.01 күні «Қазақстанның киелі жерлері» және 01.күні М.Мақатаевтың 92 жылдығына орай «Ақиық ақын-Мұқағали Мақатаев» атты ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Тәрбие сағаттарын өткізу кезінде оқушыларды қызықтыру мақсатында түрлі әдістер және көрнекіліктер пайдаландым («Поп корн», «Фри»әдістері», Learning Apps» қосымшасымен дайындалған тапсырмалар).
Пән мұғалімі ретінде педагогикалық практиканың бірінші аптасында 7-сынып бойынша «Қысқаша көбейту формулалары» бөлімін, оның ішінде «Қысқаша көбейту формулаларын қолданылуы» тақырыптарын түсіндіріп, тақырып бойынша тапсырмалар бойынша жұмыс жасау мен есептер шығаруды үйреттім және осы тақырыпты қорытындылап, ашық сабақ өткіздім. Ашық сабақ барысында алға қойған мақсатыма жеттім. «5-6» сыныптары арасында «Топжарған» интелектуалды ойынын өткіздім,өте қызық әрі тартысты өтті. «8-9» сыныптар арасында «Математикалық бинго» турнирін өткіздім, турнир өте жақсы өтті деп бағаланып жетекшімнің көңілінен шықты,балалардыңда сабаққа деген қызығушылықтары артты. 4 апта ішінде өткізілген сабақтарымның барлығына креативті мұғалім ретінде түрлі көрнеліктер, әртүрлі онлайн платформалар,қосымшалар арқылы дайындалған тапсырмалар, әдіс-тәсілдер арқылы үй тапсырмаларын қайталап,жаңа тақырыптарды бекітіп отырдым. LearningApp, Bandicam, Genially платформаларын, «Попкорн, Фри, Боулинг» әдістері және сәйкестендіру, бос ұяшықтарды толтыру, тест сияқты тапсырмаларды пайдаландым. Ал кері байланыс алу үшін «Банкомат, Бағдаршам, Рефлекция пирамидасы» сияқты бағалау парақтарын әр оқушыға тарату арқылы кері байланыс алдым. Әр сыныппен сабақ өткізгенде әр оқушыға аса көңіл бөліп,ең алдымен эмоциональды қарым-қатынас орнатуға тырыстым, себебі оқушының сабаққа деген ынта-ықыласы мен қызығушылығы мұғалімнің сыныпта орнатқан атмосферасына тікелей байланысты.
Педагогикалық практиканың бірінші аптасында сабақ кезеңдерін уақыт бойынша ұйымдастыруда қиындық туды. Практика барысында өзімді оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай алатын, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, теориялық білімі,жауапкершілігі мол, тәртіпті тұлға ретінде ұстадым. Әр сабаққа үлкен жауапкершілікпен дайындалып,оқушылардың білім деңгейлеріне сай тапсырмалар дайындауға тырыстым. Жүктелген міндеттер мен бекітілген тапсырмаларды өз деңгейінде,талапқа сай,толық орындадым. Қорытындылай келе, 09.01-11.02.2023ж аралығында өткен педагогикалық практикадан жаңа бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар даярлауды,оқушылармен жұмыс жасау арқылы әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,оқушыларды бағалап, Kundelik.kz - электронды күнделік толтыруды, сынып жетекшісі ретінде оқушыларға мінездеме жазуды, ата-аналар жиналысында хаттама толтыруды үйрендім.
Күні: ___________
Нуртаева Ақмарал Ануарханқызы __________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет