І. Жарықтың поляризациясы. Жоспар



бет3/5
Дата25.04.2024
өлшемі69.94 Kb.
#499798
1   2   3   4   5
stud.kz-9364

Керр эффектісі – электр өрісінің әсерінен заттың оптикалық анизатропиясы - заттардағы молекулалардың түрлі бағыттарда әртүрлі поляризацияланғыштығымен түсіндіріледі. Кәдімгі және кәдімгі емес сәулелердің сындыру көрсеткіштерінің айырымы:
nе - nо = B λo E2
мұндағы вакуумдағы жарық толқынының ұзындығы, электр өрісінің кернеулігі, В – заттың табиғатына жарықтың толқын ұзындығына және температурасына байланысты Керр тұрақтысы.






15 – сурет


Кейбір оптикалық активті деп аталатын заттар, поляризация жазықтығын айналдыру қабілетіне ие болады. Поляризация жазықтығының бұру бұрышы былай анықталады:


φ=а*d
мұндағы, d - зат қабатының қалыңдығы, а – меншікті айналу бұрышы. Бұл кезде d~λо-2 - бұл Био заңы. Ерітінді үшін бұрышы ерітінді концентрациясына с байланысты:
φ =а*с*d

16 - сурет


Егер айқасқан Р поляризатор мен А анализатор арасына оптикалық актив заты орналастырса, онда анализатордың көру аймағы жарықтанады.

ІІ. Жылулық сәулелену құбылысы.


Кванттық оптика – жарықтың кванттық қасиеттері байқалатын құбылыстарды зерттеумен айналысатын оптика бөлімі.
Зат құрамына енетін электр зарядтарының тербелісі затта энергияның жоғалуымен жүретін электромагниттік сәулелену тудырады.
Егер сәуле шығару ұзақтығы жарық тербелісінің периодынан анағұрлым артық болса, онда сәуле шығарудың екі түрі болуы мүмкін:

  1. жылулық сәуле шығару

  2. люминесценция.

Дене – сәулену жүйесінің тепе-теңдік күйі деп, дене мен сәуле шығару арасында энергияның таралуы әр толқын ұзындығы үшін тұрақты болып қалатын күйді айтады.
Сәуле шығарудың бірден –бір түрі, сәуле шығаратын денемен тепе-теңдікте бола алатын жылулық сәуле шығару, яғни дененің қызған кезіндегі жарқырауы болып табылады.
Люменисценция тепе-теңдікте болмайтын сәуле шығару, берілген температурада дененің жылулық сәуле шығару ұзақтығы тербеліс периодынан үлкен болатын сәуле шығару ұзақтығы тербеліс периодынан үлкен болатын сәуле шығару.
Жылулық сәуле шағыру заттардың атомдары мен молекулаларының жылулық қозғалысының энергиясы есбінен болатын және ОК жоғары температурада барлық денелерге тән қасиет.
Тепе- теңдіктегі жылулық сәуле шығару деп дененің бірлік уақыт ішінде қанша энергия шығарса, сонша энергияны жұтатындығын айтады.

  1. Жылулық сәулеленудің инетенсивтігін оның қуаты арқылы сипаттауға болады. Сәлеленіп тұрған дене бетінің аудан бірлігінен барлық бағытта шығатын сәулелену қуатын дененің интегралдық энергетикалық жарқырау деп атайды.

Дененің энергетикалық жарқырауының электрлік тығыздығы Rvt - жиіліктің бірлік енінің аралығында дененің бірлік бетінің ауданынан шығатын сәулелену қуаты, сәуле шығарудың сандық сипаттамасы болып табылады.

R V,T=

dWk,v + dv dv

Оның өлшем бірлігі – джоульды квадрат метрге бөлгенге тең.
Сәуле шығарғыштық қабілетін толқын ұзындығының функциясы ретінде көрсетуге болады, яғни λ=, онда

R V,T=

R λ,T

dv

=

R λ,T

λ2 C










V бойынша интегралдау энергетикалық жарқырауды береді:









R T=



R V,Tdv



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет