І. Жұмыстың сипаттамасы



бет4/4
Дата25.11.2022
өлшемі108.38 Kb.
#465755
1   2   3   4
х- Нина 6 + х—»—
Мынадай теңдеу құрамыз: х+(6 +х) =20, бұдан х=7,
сондықтан биші жігіттердің саны : 20-7 = 13.
3.11.​ ЕСЕП. «Теңіздегі барлау»
Эскадра құрамында жүзіп келе жатқан барлаушыға (барлаушы корабльге) теңіздің эскадра жүзіп келе жатқан бағытындағы 70 миль ауданын тексеріп шығу тапсырылған. Эскадраның жылдамдығы сағатына 35 миль, барлаушының жылдамдығы сағатына 70 миль. Барлаушының қанша уақыттан соң эскадраға қайта оралып келетіндігін анықтау қажет.
ШЕШУІ: Ізделінді сағат санын х арқылы белгілейік. Осы уақытта эскадра 35х миль, ал барлаушы корабль 70х миль жүзіп үлгереді. Барлаушы алға қарай 70 миль және осы жолдың жартысындай жолды кері қарай жүзді, эскадра осы жолдың қалған бөлігін жүзді. Бұлардың екеуі топтасып 70х + 35х жол жүзді, бұл жол 2 • 70 мильге тең. Осыдан мынадай теңдеу құрамыз: .
70х-+35х = 140,
бұдан

сағат шығады. Барлаушы эскадраға 1 сағ. 20 минуттан соң қайтып оралды.
2- Е С Е П
Барлаушы кеме эскадраның жүзу бағытымен оның алдын барлауға бұйрық алған. Осы кеменің 3 сағаттан соң эскадраға қайтып оралуы қажет. Егер барлаушы кеменің жылдамдығы 60 узел, ал эскадраның жылдамдығы 40 узел болса, барлаушы кеме эскадраны қалдырып кеткен соң қанша уақыт өткенде кері қайтуға тиіс болған?
ШЕ ШУ I: Барлаушы кеме х сағат өткен соң кері қайтуға тиіс болсын; демек, ол эскадрадан х сағат алыстай түсті, ал оған қарай 3 — х сағат жүзді. Барлық корабльдер бір бағытта топтасып жүзіп келе жатқанда, барлаушы кеме х сағатта эскадрадан өздерінің жүзіп үлгерген жолдарының айырмасындай қашықтыққа алыстап үлгереді, яғни 60х — 40х = 20х қашықтыққа алыстайды.
Барлаушы кері қайтқанда эскадраға қарай 60(3—х) қашықтыққа, ал эскадраңың езі 40(3—х) қашықтыққа жузеді. Бұлардың екеуі 10х жолды топтасып жүзді. Сондықтан
60(3-х)+40(3-х)=20х
Бұдан х= .
Барлаушы кеме эскадраны қалдырып кеткенінен кейін 2 сағ 30 минут өткен соң жүзу бағытын кері бағытта езгеотуі қажет.
3.12.​ ЕСЕ П. «Велодромда»
Велодромның айналма жолымен екі велосипедші бір қалыпты жылдамдықпен жүріп келеді. Егер олар қарама-қарсы бағытта жүретін болса , онда әрбір 10 секунд сайын бір-бірімен кездесетін болған; ал екеуі бір бағытта жүретін болса , онда олардың біреуі екіншісін әрбір 170 секунд сайын қуып жетіп отыратын болған. Егер айналма жолдың ұзындығы 170 м болса, әрбір велосипедшінің жылдамдығы қандай болған?
Ш ЕШУ I: Егер бірінші велосипедшінің жылдамдығы х болса, онда ол 10 секундта 10х метр жүреді. Екінші велосипедші бұған қарама-қарсы жүргенде, бір кездесуден екінші кездесуге дейін жолдың қалған бөлігін, яғни 170―10х метр жүреді. Егер екінші велосипедшінің жылдамдығы 58 у болса, онда бұл жол 10у метр болады; сөйтіп,
170— 10х=10у.
Егер де велосипедшілер бірінің соңынан бірі жүретін болса, онда 170 секундта бірінші велосипедші 170х метр, ал екінші — 170у метр жүреді. Егер бірінші велосипедші екіншіден жылдам жүретін болса, онда бір кездесуден екінщі кездесуге дейін ол, екінші велосипедшіге қарағанда, бір айналым жолды артық жүріп үлгереді, яғни
170х-170у=170.
Бұл теңдеулерді ықшамдағаннан соң мынау шығады:
х + у=17, х-у=1,
бұдан х = 9, у= 8 (секундына метр есебімен)
 
Қорытынды.
Әр түрлі теңдеулерді шешуді жүзеге асыруда есептеудің тәсілдерін көрсеттім.
Бұл жұмыста біріншіден, теңдеулердің шығару жолдары көрсетіледі.
Екіншіден, ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығарудағы қиыншылықтар, олардың алатын орны көрсетіледі.
 Үшіншіден, теңдеулерді шығарудағы есептеудің тәсілдері қарастырылады.
 Қазақ халқының математикалық білімінің тамыры терең. Ол қазіргі тілмен алғанда санаудың әртүрлі жүйесін, мәселен үштік пайдаланған. Қазақтың қара есебі өмір қажеттілігінен туындаған. Қазақ халқының тәрбиесінің математикалық астары да түрліше.
Олар: 1. Жұмбақ есеп
2. Өлең есеп
3. Ертегі есеп
Бұл есептерді дұрыс теңдеу құру арқылы шығарсақ, қателеспейміз деп ойлаймын. Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық есептер үлгілері- тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де маңызын жоймаған халықтың ұлттық мұрасын тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру – біздің де асыл борышымыз. Сондықтан халқымыздың ауыз әдебиетінде, ертегілерде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт-дәстүрінде оқушылардың ақыл-ой зердесін тәрбиелеуде ұлттық мазмұнды есептер шығарудың маңызы зор.
Әр баланың мақсаты – өзінің білім деңгейін көтеру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, іздену. Осы мақсатты іске асыру барысындағы міндетім сол тақырыпты игерумен қатар, кең ауқымды есептерді шешуді зерттеу, ойлау қабілетімді машықтыру.
Бұны іске асырудың бір жолы қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу. Ойлау барысында менің дербес жұмыс істеу мүмкіндігім, көңіл қоя білу қабілетім дамыды. Математиканың сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын, ойлау элементтерімен өрнектеген зертеу жұмысы қызықты, әрі ұтымды. Зерттеу барысында жүргізілетін жұмыстар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап, танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысы менің зор ынтамды тудырды, білгенімді тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетеледі
Сондықтанда бұл шығармашылық жұмыс келешекте менің жолдастарыма өз білімдерін тереңдетуіне көмектесетіне сенімдімін.
 
 
 
 
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты 8«Б» сынып оқушысы Рысбайқызы Жаннаның «Математикалық сауаттылыққа берілген есептердің шешу жолдары және олардың өмірде, тұрмыста қолдану» атты ғылыми жұмысына
Пікір.
Ғылымилық жұмыс кіріспе, зерттеу бөлімі және қорытынды бөлімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде теңдеу ұғымы туралы түсінікті, мысалдың шығарылу жолын көрсеткен. Негізгі бөлімінде теңдеулердің қолданылуын, мысалдар арқылы қазақтың байырғы есептерін теңдеу құру арқылы шығарылу жолын толық зерттеген. Жаннаның ғылыми еңбекті жазу барысында қазіргі уақытта математикалық теңдеулерді білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын екенін түсіне отырып, бүгінгі күні ғылыми – технологияның дамуына байланысты адамзат баласы ой және дене еңбегін жеңілдететін техникалық құрылғылардың түр-түрін ойлап табудың бәрі адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері екендігіне көз жеткізді. Осы орайда жан-жақты математикалық әдебиеттерден мәліметтер жинақтады.
Рысбайқызы Жанна былтырғы оқу жылынан бастап, тақырып аясында ізденіс жұмыстарын жүргізді.
Математиканың сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын, ойлау элементтерімен өрнектеген зерттеу жұмысында оқушының жұмыс істеу мүмкіндігі, көңіл қоя білу қабілеті дамыды. Бұл зерттеу жұмысы математика пәнінде кездесетін қиыншылықтардан мүдірмей өтуге және есеп шығарудың жылдамдығын арттыруға көмектеседі.
Белгілі бір жаңа шешу әдістерін меңгеру үшін жан-жақты білім керек.
Көп оқып, ізденудің нәтижесінде есепті жеңіл әрі шапшаң шешуге үйренеді.
Оқушы өзінің ғылыми ізденісінде тақырыпты өзінің құрастырған жоспары бойынша толық талданған.
Бұл ғылыми жағынан да, нақты шығарған есептермен үйлесім тапқан. Өз ойын нақты көрсете білген.
Рысбайқызы Жаннаның еңбегі келешек жас ұрпаққа әсері көп деп білемін.
Математика ғылымы - ғылымдардың негізі екенін түсінген Жанна оқушыма қанаты талмай, биікке самғап, жоғарыдан көріне бер демекпін.
 
 
 
 
Пікір жазған:
«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі,
«Ақпараттық жүйелеу және модельдеу» кафедрасының доценті,
физика-математика ғылымдарының кандидаты: А.Б.Иманбаева
 
 
 
Абстракт
Бұл жұмыста математикалық теңдеудің өмірмен байланысы туралы баяндалады. Өмірлік мысалдарды қарастыра отырып, оның шешу жолдары көрсетілген. Бұл жұмыс оқушылардың математика пәніне ынтасын, қызығушылығын арттырады.
 
 
Абстракт
В этой работе говорится о том, что математические уравнение связаны с жизнью. Раскрыты пути его решение через рассмотрение жизненных примеров. Данная работа повышает интерес к предмету «математика».
 
 
Abstract
In this work reports about mathematical equation and its connection with our life. Looking after vital examples we show ways of decision. This work improves the students interests and enthusiasm.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қолданылған әдебиеттер.
1. Глеман М, Варга Т. Вероятность в играх и развлечениях.- М,
Просвещение, 1979.
2. Тарасов Л.В. Элементы и приложения теории вероятностей в школе. –
М,1996.
3. Математика және физика журналдары
4. С. Ерубаев «Қазақтың байырғы есептері»
5. Ж.А.Елшебай «Зерек» Алматы 1991ж.
6. Т.А.Алдамуратова. Математика 5-сынып
7. П.Я.Депман, Н.Я.Виленкин За старницами учебника математики. М:»Просвещение» 1989г.
8. Математика в школе. Рубрика «Математический календарь» 1985г.
 
 
 



 
Скачано с www.znanio.ru


















Начало формы
Введите ваш email *
Скачать материал
Конец формы
Вверх

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет