«Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ» Жуырда Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту-дың оқытушы- профессорлары мен студенттерінің қатысуымен мәжіліс залда «Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ»



Дата03.07.2016
өлшемі17.52 Kb.
#175175
«Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ»

Жуырда Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың оқытушы- профессорлары мен студенттерінің қатысуымен мәжіліс залда «Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ» атты шара өтті. Аталмыш құқықтық кездесу ҚР Әділет министрлігінің «Әділет кеңес береді» атты республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған болатын. Тәрбие жөніндегі проректор Г.Ә. Сәрсенбекова кездесуге жиналған университет студенттері, оқытушы-эдвайзерлер, институт дирекциялары және тәрбие жұмысы департаменті өкілдеріне келген қонақтарды таныстырып, университетте құқықтық тәрбие бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Әрі қарай кездесуді жүргізген Алматы қ. Әділет департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі С.Ж. Якупбаева ҚР Әділет министрлігінің Алматы қ. бойынша құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен құрылған ақпараттық-насихаттау тобының мүшелерімен таныстырды. Олардың ішінде – Алматы қ. Әділет департаменті мен аудандық Әділет басқармаларының басшылары мен мамандары және Адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатаның, Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың, Сот сараптама институтының, т.б. өкілдері. Заңгерлер залдан қойылған азаматтық хал актілеріне, зияткерлік құқық, жер кодексіне, т.б. байланысты сұрақтарға жауап берді.

ТЖД

«Где нет права, там нет ни свободы, ни демократии»

Недавно в конференц-зале КазНТУ имени К.И. Сатпаева состоялось мероприятие на тему «Где нет права, там нет ни свободы, ни демократии». Данная правовая встреча прошла в рамках республиканской акции «Советует юстиция», организованной Министерством юстиции РК. Проректор по воспитательной работе Г.А. Сарсенбекова, представляя собравшимся студентам, преподавателям-эдвайзерам, представителям дирекции институтов и ДВР гостей, отметила что в университете проводится большая работа по правовому воспитанию.



Модератор встречи – руководитель пресс-службы Департамента юстиции г. Алматы С.Ж. Якупбаева ознакомила присутствующих с членами информационно-пропагандистской группы, сформированной из сотрудников структурных подразделений Министерства юстиции по г. Алматы. В частности, это руководители и специалисты районных управлений и департамента юстиции г. Алматы, а также представители Коллегии адвокатов, Нотариальной палаты, Института судебной экспертизы, Центра по недвижимости и др. Юристы-правоведы ответили на все вопросы об интеллектуальной собственности, по земельному праву, об актах гражданского состояния и др., заданные из зала.

ДВР

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет