І. кіріспе. 2011-2012 ОҚу жылындағы атқарылған тәрбие жұмысының барысына талдау



Дата13.06.2016
өлшемі295.74 Kb.
#133766
І. КІРІСПЕ. 2011-2012 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ТӘРБИЕ

ЖҰМЫСЫНЫҢ БАРЫСЫНА ТАЛДАУ
2011-2012 оқу жылында тәрбие үрдісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үздіксіз білім беру жүйесіндегі Т ә р б и е Т ұ ж ы р ы м д а м а с ы н ы ң төмендегі б а ғ ы т т а р ы бойынша жүзеге асырылды.
- АЗАМАТТЫҚ – ПАТРИОТТЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ПОЛИМӘДЕНИЕТТІК

ТӘРБИЕ

- РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ

- ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

- ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ МЕН ӨЗІН - ӨЗІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТТІЛІГІН

ҚАЛЫПТАСТЫРУ

- ӘЛЕУМЕТТІК – МӘНДІ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

- КОММУНИКАТИВТІ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

- ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

- ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

- ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

- ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

- КӘСІБИ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘРБИЕ

- ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
Тәрбие жұмыстарының оқу жылы барысында жүзеге асырылуына сандық және сапалық талдау жасалынды.
Талдауға мынадай өлшемдер алынды:

1.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің педагогикалық мүмкіндігі.

2.Әлеуметтік статусы бар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік жағдайына талдау. (Қамқоршылықтағы, қорғаншылықтағы және патронаттық тәрбиедегі)

3.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ерекше контингентіне талдау жасау. («қатер», «тәуекел» тобындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер).

4.Сыныптардың рейтингі.

5. Өткен оқу жылындағы атқарылған тәрбиелік шаралардың мазмұнына талдау-есеп.

6.Ата-аналармен байланыс барысы.

7.Тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша орындалу көрсеткіші.




1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің педагогикалық МҮМКІНДІГІ
2011-2012 оқу жылында тәрбие субьектілерінен 35 сынып жетекшісі, 2 педагог-психолог, 1 әлеуметтік педагог, 1 тәлімгер, 1 мектеп-гимназияға бекітілген учаскелік полиция инспекторы, 2 аяжан, 1 алғашқы АӘД мұғалімі, 2 кітапханашы жұмыс атқарды.

Сынып жетекшілерінің біліктілік деңгейі: Жоғары санатты – 1, І санатты – 9, ІІ санатты – 7, разрядтағы – 6.
Оқу жылы барысында сынып сағаттарына еніп талдау жасалынды.

Р/с

Сынып жетекшінің

аты-жөні

Сыныбы

Балы

1

2

3

4

1)

Ләззат Күзімбетова

1 «А»

4,3

2)

Гүлдәурен Түкібаева

1 «Ә»

3,7

3)

Салтанат Қалышева

1 «Б»

2,9

4)

Ақмарал Қыстаубаева

2 «А»

4,4

5)

Баян Маханбетова

2 «Ә»

3,0

6)

Рәйла Ахметова

2 «Б»

4,1

7)

Ұлжан Қаппарова

3 «А»

4,4

8)

Ділда Алшынбаева

3 «Ә»

4,5

9)

Гүлжім Рысбай

3 «Б»

3,1

10)

Гүлшара Миянова

3 «В»

2,7

11)

Гүлжаһан Әйтімова

4 «А»

4,3

12)

Тұрғанай Рыспамбетова

4 «Ә»

4,0

13)

Шолпан Омарова

4 «Б»

4,1

14)

Жаңыл Қалкөзова

5 «А»

4,1

15)

Эльмира Полатова

5 «Ә»

3,9

16)

Айзат Құлтай

5 «Б»

3,0

17)

Рзахия Әділбаева

6 «А»

4,5

18)

Гүлжайна Жорабекова

6 «Ә»

3,9

19)

Айгүл Мәдиева

6 «Б»

3,8

20)

Сәуле Әлиева

6 «В»

4,2

21)

Нұрсәуле Өсербаева

7 «А»

4,4

22)

Сандуғаш Ахметова

7 «Ә»

4,2

23)

Ғалия Қожамқұлова

7 «Б»

3,2



2. 2011-2012 оқу жылындағы әлеуметтік статусы бар білім алушылардың КОНТИНГЕНТІ
Мектеп-гимназиядағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер контингентінің әлеуметтік жағдайына сараптама жасалынды. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 0,3 %-ы тұл жетім (3 білім алушы – қорғаншылықта, 1 білім алушы – патронаттық тәрбиеде), 3,5 %-ы жартылай жетім (33 білім алушы), 4,7 %-ы толық емес (45 білім алушы), 37,1 %-ы көп балалы (350 білім алушы)



Р/с

Мекеме атауы

қамқор-шылықта

қорғаншылықта

сыныбы

патронаттық тәрбиеде

сыныбы

1

2

3

4

5

6

7

1)

«№ 45

«Ақ Орда» мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі



жоқ

3 оқушы

1 оқушы

Шәдібек Аңсаған

6 «В»

Шахмұратова Ақжан

9 «А»

Шәдібек Жандос

4 «А»

Нурманова Алина

3 «А»

Барлығы:

4 оқушы


2.1. № 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы бойынша қорғаншылыққа

және патронаттық тәрбиеге алынған

білім алушылар жайына талдау 2011-2012 оқу жылы

Жетім білім алушылар саны

Көп балалы білім алушы саны

Жартылай жетім білім алушы саны

Толық емес білім алушы саны

Қамқоршылықта

Қорғаншы-лықта

Патронаттық тәрбиеде

1

2

3

4

5

6

33


45

жоқ

3

1

350



2.2. № 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы бойынша 16-23 жас аралығындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуы, білім алулары жайына талдау 2011-2012 оқу жылы
Қамқоршылық тәрбиедегі Дарханқызы Қызжібек 2009-2010 оқу

жылында мектеп-гимназияны бітіріп, Қорқыт ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік Университетінің (Қызылорда облысы,

Қызылорда қаласы) студенті атанды.


Қорғаншылық тәрбиедегі Қойшыбай Сырым 2008-2009 оқу жылында

мектеп-гимназия есебінен шығып, Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды

республикалық жоғары әскери мектебінің (Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы) тәрбиеленушісі атанды.
Қорғаншылық тәрбиедегі Қойшыбай Гүлім 2010-2011 оқу жылында

мектеп-гимназия есебінен шығып, Әл-Фараби атындағы қазақ

Ұлттық Университетінің (Алматы облысы, Алматы қаласы) студенті атанды.
Қорғаншылық тәрбиедегі Сейдахан Нұрболат 2010-2011 оқу жылында

мектеп-гимназия есебінен шығып, С.Асфендияров атындағы қазақ

Ұлттық медицина Университетінің (Алматы облысы, Алматы қаласы) студенті атанды.

3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ерекше контингенті

(«қатер», «тәуекел» тобындағы білім алушылар).
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер контингентінің ерекше бақылаудағы топтарымен жұмысқа сараптама жасау қорытындысы ( «қатер», «тәуекел» тобындағы білім алушылар).

2011-2012 оқу жылы барысында аудандық ішкі істер бөлімі аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшеде профилактикалық есепте 1-7 сынып білім алушылары болған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар мектеп-гимназия мұғалімдері мен полиция қызметкерлерінің бірлескен патрульдік рейдттері, ерекше бақылауды қажет ететін білім алушылардың ата-аналары немесе олардың орнындағы заңды өкілдерімен тығыз байланыста болу, әлеуметтік педагогтің білім алушының үйіне әлеуметтік талдау жасап, актілеу, қорытынды сараптама беру, психологтардың түрлі әдістеме негізінде сауалнама алып, қорытынды беру түрінде жүзеге асырылды.


3.1. «Қатер», «тәуекел» тобындағы білім алушылармен жүргізілетін

жұмыс бағыттары














2011-2012 оқу жылында мектеп-гимназияда өзінің іс-әрекетімен оқу-тәрбиесі процесіне кедергілер, қиындықтар келтіріп, «қатер» категориясына жатқызылған 5 «А» сынып білім алушы Серік Еркебұланмен, өзінің сабаққа қатысу көрсеткішінің төмендігімен және себепсіз үйге қайтпау, кешігіп келу фактілерімен бақылауға алынып, «қатер» категориясына жатқызылған 5 «Б» сынып білім алушы Тойбек Мұратпен, өзінің аутодиструктивті мінез-құлқымен көзге түсіп бақылауға сынып жетекшісінің жазбаша өтініші негізінде алынып, «тәуекел» категориясына жатқызылған 7 «Ә» сынып білім алушысы Бөлегенов Аянмен біріккен өзара ықпал ету жұмыстары олармен бірқатар алдын-алу, ата-анасы немесе олардың орнындағы заңды өкілдерімен бірлескен тығыз байланыс орнату, әлеуметтік педагог пен психологтің аталған білім алушылардың үйлеріне барып, әлеуметтік карта түзу, акт жасау, қорытындысымен мектеп-гимназия әкімшілігіне ақпарат беру, психологиялық кеңес беру жұмыстарын үйлестіру түрінде және өз іс-әрекетімен «қадағалаусыз қалу» категориясына жатқызылған Серік Еркебұланды Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның қарауына ұсыну және белгілі бір шешімдердің қабылдануына ықпал етуді сұрау формаларында жүзеге асырылды. Аталған білім алушылардың барлығына ақпараттар банкі түзілген, әлеуметтік педагогқа және психолог пен сынып жетекшілеріне атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен қорытындылары негізінде нұсқаулықтар беріліп, жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.



1. Серік Еркебұлан.

Серік Еркебұлан толық емес отбасының тәрбиеленушісіне жатады, яғни, ата-анасы ажырасқан және анасы Ахан Аягөз тиісті органдардың шешімімен заңды өкілі ретінде бекітілген. Білім алушының аталған топқа ену себебі, білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелеріне және білім беру саласындағы заңнамаларға қайшы келетін өзге де теріс іс-әрекеттерімен (үйден қашып кетіп, сабаққа себепсіз келмей қою) тікелей байланысты болып отыр.

Проблема: білім алушыға ата-анасы тарапынан ұдайы бақылау жоқ.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі: Серік Еркебұланның мәселесі Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның қарауына ұсынылып, комиссия басшылығы мен мүшелері тарапынан нақты ықпал ету шаралары жасалып, ата-анасына нақты талаптар қойылып, бақылауға алу ұсынылды, талаптар орындалмаған жағдайда, ата-ана құқығынан айырып, баланы девиантты мінез-құлқы бар білім алушылармен жұмыс жүргізетін ұйымға жіберу шешімі қабылданатындығы ескертілді.

1. Тойбек Мұрат.

Тойбек Мұрат жартылай жетім категориясының тәрбиеленушісіне жатады, яғни, әкесі қайтыс болған. Заңды өкілі: Ерімбетова Дариха. Білім алушының аталған топқа ену себебі, білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелеріне және білім беру саласындағы заңнамаларға қайшы келетін өзге де теріс іс-әрекеттерімен (сабаққа себепсіз келмей қою, сабаққа тұрақты кешігіп келу) тікелей байланысты болып отыр.

Проблема: білім алушыға ата-анасы тарапынан ұдайы бақылау жоқ.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі: Тойбек Мұрат мектеп-гимназия әкімшілігі мен бөлімшелерінің (психолог, учаскелік полиция инспекторы, әлеуметтік педагог) тікелей бақылауында.

1. Бөлегенов Аян.

Бөлегенов Аян толыққанды отбасының білім алушысы. Заңды өкілдері: Нұржанов Айбек, Нұржанова Ләйла. Білім алушының аталған топқа ену себебі, денсаулығына байланысты сабақтан көп қалу, тұйық мінезділік, аутодиструктивті мінез-құлық (суицидалды мінез көрсету) тікелей байланысты болып отыр.

Проблема: білім алушының ішкі қайшылығы, ортада алаңдаушылық тудырар тұйық мінезділік.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі: Бөлегенов Аян мектеп-гимназия әкімшілігі мен бөлімшелерінің (психолог, учаскелік полиция инспекторы, әлеуметтік педагог) тікелей бақылауында. Әлеуметтік педагог үйіне барып, әлеуметтік картасын жасап, 2012 жылдың 28 наурызында № 1 «45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы бойынша білім алушының отбасының үй-тұрмыс жағдайына жасалған тексеру» актісінің қорытындысымен ата-анасын таныстырып, психолог Аянмен жүргізілген зерттеудің қорытындысымен баланың бойындағы агрессиялық мінез-құлықтың төмендігін жазып, ата-анаға кеңес беру жұмыстарын үйлестірді.

4. Сыныптар рейтингі

Сыныптардың рейтингін бағалау төмендегі кестедегі белгіленген параметрлер бойынша бағаланып жүргізілді.




  • Сабаққа қатысу көрсеткіші (себепті, себепсіз категориясы бойынша);

  • Оқушы формасын сақтау;

  • Күнделік жағдайына бақылау жасау;

  • «Айдың үздік оқушысын» анықтау;

  • «Айдың үздік сыныбын» анықтау;

  • «Аптаның үздік оқушысын» анықтау;

Оқу жылының барысында тоқсан сайын түрлі бағамдар бойынша сыныптар рейтингі жасалып, ол Педагогикалық кеңесте таныстырылып отырды және оның қорытындысымен төмен деңгейін көрсеткен сыныптармен жұмыс ширатылды.

Жоспарланған тәрбие жұмыстары бойынша және тәрбие сағаттарын мерзімінде өтпеген сынып жетекшілеріне ескертулер берілді. Тәрбие сағаттарының өз уақытында өткізілемеуінің негізгі факторлары: тәрбие сағаттары сабақ кестесінде жетінші сабақ болғандықтан тәрбие сағатын өтуге қолайсыз және жекелеген сынып жетекшілерінің еңбек тәртібінің төмендігі де өз әсерін тигізбей қойған жоқ.

5. Өткен оқу жылындағы атқарылған тәрбиелік шаралардың мазмұнына талдау-есеп
Өткен 2011-2012 оқу жылында 1-7 сынып білім алушылары мен тәрбиеленушілері өздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланған тәрбиелік шараларына белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Әсіресе, төменгі және орта буын сынып білім алушыларының тәрбие беру бағыттары бойынша көзқарастары осы бағыттарға негізделген тапсырмалардың жазбаша мазмұндау, әңгімелеу, шығарма, сыныпаралық іс-шаралар, жобалар сияқты формаларда қатысулары арқылы деңгейлері байқалды.

1. Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру бағыты бойынша білім алушыларды гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруға және қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқықбұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру мақсаты негізінде бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2011 жылдың 1 қыркүйек күні «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында мектеп-гимназияның барлық деңгейдегі сынып жетекшілерінің ұйымдастыруларымен ашық сабақтар барлық деңгейдегі сыныптарда өткізіліп, тәуелсіз Қазақ елінің жиырма жыл бедерінде жүріп өткен жолы мен тарихын насихаттау арқылы білім алушылар бойындағы патриоттық сананы қалыптастыру, гуманизмге, мемлекеттің келешек өркендеп дамуына атсалысуға деген азаматтық позициясын қалыптастыруда ерекше мәні бар екендігіне талдау жасалды.

Мектеп-гимназияға бекітілген учаскелік полиция инспекторларының ұйымдастыруларымен әрбір айдың бастапқы аптасында «Құқық» күндері ұйымдастырылып, мақсаты ретінде қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқықбұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру көзделіп, қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқықбұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыруда аса маңызды мәні бар екендігіне баса назар аударылады. 2011 жылдың 24 қыркүйек күні 5-сыныптардың қатысуымен және сынып жетекшілері Ж.Калкөзова, М.Досымова, А.Құлтайлардың ұйымдастыруларымен «Ана тілің – арың бұл» тақырыбымен мазмұндау тәсілімен іс-шара ұйымдастырылып, білім алушыларды тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу, тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу миссиясы мақсат ретінде көзделіп, ана тілдің құдіреті мен оны білудің маңызын оқушыларға ұғындыруда, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және дамытуға бағдарлауда өзіндік маңызы зор шара болды.

2011 жылдың 8 қазанында 3-сыныптардың қатысуымен және сынып жетекшілері Ұ.Қаппарова, Д.Алшынбаевалардың ұйымдастыруларымен «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыбымен сыныпаралық іс-шарасы ұйымдастырылып, мақсаты ретінде ұстаздың-екінші ана екендігін түсіндіре отырып, ұстазымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу көзделіп, парасатты мамандық иелерін  тәрбиелеуде тиімді тұстарын айқындау жұмыстары жүргізілді.                       

2012 жылдың 12 сәуірі күні 4 сынып білім алушыларының қатысуымен және сынып жетекшілері Г.Әйтімова, Т.Рыспамбетова, Ш.Омаровалардың ұйымдастыруларымен «Менің  сыныбым – менің ұжымым» атты іс-шарасы сыныпаралық іс-шара әрі пікірталас әдісімен ұйымдастырылып, мақсаты ретінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерге адамгершілік тәрбие беру, олардың ұжымдық қарым-қатынасын нығайту, достықты насихаттау миссиясы көзделіп,


білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бірлік пен татулыққа баулу ісінде атқарар маңызы зор болды. Бұдан бөлек, 2012 жылдың 28 сәуірінде 6-сынып білім алушыларының қатысуымен және аталған сыныптардың сынып жетекшілері Р.Әділбаева, Г.Жорабекова, А.Мәдиева, С.Әлиевалардың ұйымдастыруларымен «Ұлттар бірлігі – татулық пен тұрақтылық қайнары» іс-шарасы мектепішілік конкурс әдісімен ұйымдастырылып, мақсаты ретінде білім алушыларға Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымда болуға тәрбиелеу миссиясы көзделіп, білім алушылар мен тәрбиеленушілер бойында ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруда маңызы зор шара болды. 2012 жыл 5 мамыры күні 5 сынып білім алушыларының қатысуымен және сынып жетекшілері Ж.Калкөзова, Э.Полатова, А.Құлтайлардың ұйымдастыруларымен «Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды» атты іс-шарасы сыныпаралық іс-шара әдісімен ұйымдастырылып, мақсаты ретінде Қазақстанның қаһарман батырлары туралы жан-жақты мағлұмат беру, Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру, елін, жерін, Отанын қорғауға, оны әрдайым сүюге тәрбиелеу, патриоттық  сезімдерін қалыптастыру миссиясы көзделіп, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге патриоттық тәрбие беруде маңызы зор жұмыс жасалды.

2. Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша адамдар арасындағы оңтайлы және эмоционалды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналатындығын, Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әсемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылып, бірқатар іс-қимыл шаралары жүзеге асырылды. 2011 жылдың 10 қыркүйек күні 7-сыныптардың қатысуымен және сынып жетекшілері Н.Өсербаева, С.Ахметова, Ғ.Қожамқұловалардың ұйымдастыруларымен «Қызға қырық үйден тиым» жобасы ұйымдастырылып, мақсаты ретінде отбасындағы қызға қатысты тәрбиелік тиымдарды, әдет-ғұрып белгілерін білуге үйрету, келешек жас ұрпақ тәрбиесіндегі қыз баланың болашақ ана ретіндегі ролінің маңызын түсіндіру көзделіп, әлеуметтік-тарихи ұлттық тәжірибені тарату арқылы жасөспірімдер бойында адамгершілік, рухани құндылықтарға басымдық беру арқылы тәрбие беру, бағдарлауда маңызы зор болды. Дәл осы жоба 2011 жылдың 15 қазанында 6-сыныптарымен де ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. 2011 жылдың 19 қарашасында мектеп-гимназияның 2-сыныптарының қатысуымен және сынып жетекшілері А.Қыстаубаева, Б.Маханбетова, Р.Ахметовалардың ұйымдастыруларымен «Өнеге отбасынан» сыныпаралық іс-шарасы ұйымдастырылып, мақсаты ретінде отбасы жарастығы, татулығы, сыйластығы туралы түсінік беру, адамға өмірде ең қымбат-отбасы екендігін ұғындыру, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу көзделіп, білім алушылар бойында отбасы сүйіспеншілігін сезінуді үйретуде, жақсылыққа жетелеуде, еңбектенуде, білім алуға көмектесуде, үлкендерді құрметтеуде және кішілерге қамқор болуға тәрбиелеуде қажеттілігі мол болып, іс-шара мақсатына жетті. Бұдан бөлек 2011 жылдың 3 желтоқсан күні мектеп-гимназияның 5-сыныптарының қатысуымен және сынып жетекшілері Ж.Калкөзова, М.Досымова, А.Құлтайлардың ұйымдастыруларымен «Әке – асқар тау, ана – ағып жатқан бұлақ, бала – жағадағы құрақ» тақырыбымен жазбаша мазмұндау тәсілімен іс-шара ұйымдастырылып, негізгі мақсат-миссия ретінде білім алушыларға отбасы тәрбиесінде әке-ана-бала үштігінің маңыздылығын түсіндіру көзделіп, білім алушылардың бойында отбасы сүйіспеншілігін сезінуді үйретуде, жақсылыққа жетелеуде, үлкендерді құрметтеуде және кішілерге қамқор болуға тәрбиелеуде
қажеттілігі мол болып, білім алушылардың мазмұндамаларында отбасы ролі, әке-ана, бала сияқты ұғымдарының негізгі байланысын ашып көрсетуде біршама жетістікке жеткен. Сонымен қатар, 2012 жылдың 20 сәуірі күні 7 сынып білім алушыларының қатысуымен және сынып жетекшілері Н.Өсербаева, С.Ахметова, Ғ.Қожамқұловалардың ұйымдастыруларымен «Отбасылық еңбек тәрбиесі қандай?» іс-шарасы шығарма жазу тәсілімен ұйымдастырылып, мақсаты ретінде халық педагогикасын оқу-тәрбие барысында қолдану, ата-ана, оқушы, ұстаз ұжымын ынтымақтастыру миссияся көзделіп, ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асырумен қатар, ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда  мәні мен мағынасы зор шара болды.

3. Әлеуметтік-мәнді және жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша білім алушылардың тұлғалық қасиетін (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін, шығармашылық пен дербес пікір білдіру деңгейін дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алуға үйрету, белсенді өмір ұстанымында болуға бағыттау бойынша тәрбие жұмыстары үйлестіріліп, алғышарттары жасалды.

2011 жылдың 17 қыркүйегінде 6-сыныптардың қатысуымен және сынып жетекшілері Р.Әділбаева, А.Мырзамбетовалардың ұйымдастыруларымен шығарма жазу тәсілімен «Сөз әдептілігі – мінез әдептілігі» шарасы ұйымдастырылып, мақсаты ретінде әдептілік туралы түсінік беру, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкендерді сыйлап, кішілерді құрметтей білуге үйрету, өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін әдепті, өнегелі, адамгершілікті тұлғаны тәрбиелеу көзделіп, әдептілік мәдениеттіліктің, адамгершіліктің белгісі, әдептілік өзімен-өзінің және айнала қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүре алуы, әдептілік адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының жалпы ережелері екендігін терең ұғынуға әсері мол, белсенді өмір ұстанымында болуға бағыттауда ықпалы зор шара болды.



Бұдан бөлек, 2011 жылдың 24 желтоқсан күні мектеп-гимназияның 6-сыныптарының қатысуымен және сынып жетекшілері А.Мәдиева, С.Әлиевалардың ұйымдаструларымен «Мен қоғамның бөлшегімін» тақырыбында жазбаша мазмұндау әдісімен іс-шара ұйымдастырылып, барлық 6-сынып білім алушылары қатыстырылып, мазмұндаудың негізгі мақсаты ретінде білім алушылардың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыруға баулу қағидасы көзделіп, білім алушылардың қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алуына, өзін сол қоғамның белсенді мүшесі ретіндегі өмір ұстанымында болуға ықпал жасалып, әрбір білім алушы өзін қоғамның мүшесі ретіндегі сезінетін іс-әрекеті төңірегінде пікір білдірген. Сонымен қатар, 2012 жылдың 18 ақпан күні мектеп-гимназия әлеуметтік педагогы Г.Дүйсенбиеваның ұйымдастыруымен және 5-7 сынып білім алушыларының қатысуларымен әлеуметтік педагогтың дәрісі лекция түрінде ұйымдастырылып, оқылып, лекция мақсаты ретінде әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі мен шығармашылықты, дербестікті дамыту миссиясы көзделіп, білім алушылардың бойында қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болу икем-дағдысын қалыптастыруға ықпал жасалды.

4. Еңбек және экономикалық тәрбие беру бағыты бойынша білім алушылардың өзіне өзі құрмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастыру және білім алушылардың жеке шеберлік белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасауларын, қажетті ресурстарды жұмылдыра білу қасиеттерін қалыптастыру, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздеу көзқарастарын қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар түзіліп, атқарылды. Атап айтқанда, 2011 жылдың 1 қазаны күні 4-сыныптардың қатысуымен және сынып жетекшілері Г.Әйтімова, Т.Рыспамбетова, Ш.Омаровалардың ұйымдастыруларымен шығарма жазу тәсілімен «Алтын шашақ әр басы, ақ меруертті алтын дән...» іс шарасы ұйымдастырылып, мақсаты ретінде білім алушыларға еңбек тәрбиесі туралы ұлағат сөздерді  түсіндіре отырып, ауылшаруашылық жұмыстарының ішіндегі ең қасиетті еңбектің тірі-нан өсіру екенін ойларына жеткізу, нанның - өмір өзегі екендігін түсіндіру, нанды қастерлей білуге, қарапайым еңбекті сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу көзделіп, нан болмаса бағаңның кетері бар,
нанмен ғана өмірдің өтері бар.
Жолда жатса егер бір үзім нан,
арланбай-ақ сен оны көтеріп ал!- демекші, білім алушыларға нанның қадірін, қасиетін ұғындыруда, еңбекқолыққа тәрбиелеу миссиясы көзделіп, білім алушылар бойында еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуде ерекше мәні зо шара болды. Бұдан бөлек, 2011 жылдың 15 желтоқсан күні мектеп-гимназияның 6-сынып білім алушыларының қатысуы және сынып жетекшілері Р.Әділбаева, А.Мырзамбетовалардың ұйымдаструымен «Ақша не үшін қажет?» тақырыбында жазбаша мазмұндау тәсілімен іс-шара ұйымдастырылып, шараның мақсаты ретінде білім алушылардың жеке өмірлік құндылықтарды түсіну, ақшаны қажетті ресурс ретіндегі маңызын дұрыс бағалау икем-дағдысын қалыптастыру көзделіп, білім алушылар бойында ақша түсінігін қалыптастыру, материалдық құндылықтарды бағалай білу қасиеттерін дұрыс қалыптастыру жұмысы жүргізілді.Сонымен қатар, 2012 жылдың 29 желтоқсан күні 7 сынып жетекшілері Н.Өсербаева, С.Ахметова, Ғ.Қожамқұловалардың ұйымдастыруларымен және 7 сынып білім алушыларының қатысуларымен «Менің отбасымның табысына қосар үлесім қандай?» жобасы жазбаша мазмұндау әдісімен іске асырылып, мақсаты ретінде білім алушылардың отбасындағы табысына өзінің қаншалықты үлес қоса алу, пікірін білдіре білулерін білу көзделіп, білім алушылар мен тәрбиеленушілер бойында еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарауға, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемділігін қалыптастыру жұмысы үйлестірілді. Бұдан бөлек, 2012 жылдың 19 мамыры күні 4-сынып білім алушылары мен 4 сынып жетекшілері Г.Әйтімова, Т.Рыспамбетова, Ш.Омаровалардың ұйымдастыруларымен «Үнемділік – ырыс, ысырапшылық – шығыс»
атты іс-шарасы жазбаша мазмұндау әдісімен үйлестіріліп, мақсаты ретінде білім алушыларға ұлттық құндылықтарды насихаттау ізімен экономикалық тәрбие беру миссиясы көзделіп, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді еңбекпен келетін әрбір материалдық құндылықтарға үнемшілдік көзқараста болуға баулу жұмысы жүргізілді.

5. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша білім алушыларға тәртіп қағидасын, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды түсіндіру және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға бағыттау мақсаты төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру барысында қойылды.

2011 жылдың 22 қазанында 5 сыныптардың қатысуымен және мектеп-гимназия психологі Ж.Ахметовтың ұйымдастыруымен «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбымен қарым-қатынасты дамыту тренингтері өткізіліп, білім алушылардың тәртіп қағидасын анықтау, шығармашылық ортада өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынас деңгейін ұйымдастыру мақсаты көзделіп, білім алушылардың қоршаған ортадағы шығармашылық іс-әрекет барысындағы өзінің дербестігін көрсетуде мәні айрықша болды.



6.Экологиялық тәрбие беру бағыты бойынша білім алушылардың бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін болжай білу қасиеттерін қалыптастыру және экологиялық тәрбиенің негізі алдымен қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейтін мақсат-міндеттер қойылып, біршама іс-қимыл шаралары атқарылды.

Атап айтар болсақ, 2011 жылдың 29 қазанында 3-сыныптардың қатысуымен және сынып жетекшілері Ұ.Қаппарова, Д.Алшынбаева, Г.Рысбай, Г.Мияновалардың ұйымдастыруларымен «Табиғат – асыл қазына»


тақырыбымен сыныпаралық іс-шарасы ұйымдастырылып, білім алушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу және қоршаған ортаны ластанудан сақтауға тәрбиелеу, Отанын қорғауға, ұлтжандылыққа білім деңгейлерін дамыту мақсаты көзделіп, білім алушыларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас үлгісін көрсетіп, оларды табиғатпен үндесе өмір сүруге баулуда шара өз мақсатына жетті.

Бұдан бөлек, 2012 жылдың 12 мамыры күні 3-сыныптардың білім алушыларының қатысуымен және сынып жетекшілері Г.Рысбай, Г.Мияновалардың ұйымдастыруларымен «Мен – табиғаттың бөлшегімін» атты іс-шарасы сыныпаралық іс-шара әдісімен ұйымдастырылып, мақсаты ретінде білім алушыларға олардың табиғаттың бір бөлшегі екендіктерін түсіндіру, табиғатты аялауға баулу білім алушылар мен тәрбиеленушілер бойында табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуы мен дамуын көздеу жұмысы жасалды.



7. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша білім алушылардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру және оны іске асыруға алдын-алушылық білімдерін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы екендігіне, сондай-ақ тәрбиеленушілерді сан алуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында арнайы мақсат қойылып, біршама іс-шаралар жүзеге асырылады.

2011 жылдың 5 қарашасында 7-сыныптардың қатысуымен және сынып жетекшілері Н.Өсербаева, С.Ахметова, Ғ.Қожамқұловалардың және мектеп-гимназия валеологы, мектеп-гимназия аяжандарының ұйымдастыруларымен «Темекі тартқаның - өзіңді  құртқаның» сыныпаралық іс-шарасы ұйымдастырылып, білім алушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту мақсаты көзделіп, білім алушылар арасында арасында  салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік беріп, зиянды әдеттен арылтуға, білім алушылар бойында психикалық тұрақтылықты қалыптастыруға септігін тигізуге қадамдар алғышарттар жасалды.



Бұдан бөлек, 2012 жылдың 24 наурызы күні 1-сыныптардың қатысуымен және сынып жетекшілері Л.Күзімбетова, Г.Түкібаева, С.Қалышевалардың ұйымдастыруларымен «Тіс пен қол күтімін сақтайық» атты іс-шарасы сыныпаралық іс-шара әдісімен ұйымдастырылып, мақсаты ретінде білім алушыларға салауатты өмір салтын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы тіс пен қол күтімінен басталатындығын түсіндіру миссиясы көзделіп, білім алушылар мен тәрбиеленушілер бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру жұмыстары үйлестірілді.

8.Эстетикалық тәрбие беру бағыты бойынша рухани-адамгершілік әсемдік арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыру, адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыра білу қасиеттерін дамыту көзделіп, бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2011 жылдың 12 қарашасында 1-сыныптардың қатысуымен және сынып жетекшілері Л.Күзімбетова, Г.Түкібаева, С.Қалышевалардың ұйымдастыруларымен «Адам сұлулығы неде?» тақырыбымен сұрақ-жауап әдісімен іс-шара ұйымдастырылып, білім алушылардың эстетикалық талғамын көтеру, берілген тақырыпты әр түрлі жақтардан қарастыру, ақыл, жігерінің толысып дамуына әсер ету мақсаты көзделіп, білім алушыларды рухани-адамгершілік әсемдік арқылы, ұлттық және адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыру жұмысы үйлестірілді. 2011 жылдың 10 желтоқсан күні мектеп-гимназияның 2-сынып білім алушыларының қатысуы және сынып жетекшілері А.Қыстаубаева, Б.Маханбетова, Р.Ахметовалардың ұйымдастыруларымен «Әсемдік дегеніміз не?» тақырыбымен сыныпаралық іс-шара ұйымдастырылып, шараның негізгі мақсаты ретінде білім алушыларға әсемдік, сұлулық деген ұғымдарды түсіндіру мақсаты қойылып, білім алушыларды рухани-адамгершілік әсемдік арқылы, ұлттық және адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастырудың алғышарттары жасалды. Сонымен қатар, 2012 жылдың 17 наурызы күні 7-сынып білім алушыларының қатысуымен және сынып жетекшілері Н.Өсербаева, С.Ахметова, Ғ.Қожамқұловалардың ұйымдастыруларымен «Қонақжай халықпыз» атты іс-шарасы ұйымдастырылып, мақсаты ретінде әдептілік пен қонақжайлылық туралы ұғымдарын кеңейтіп, халқымыздың асыл қасиеті – қонақжайлылық жайында, қонақтың түрлері, оларды күту дәстүлері, оқушылардың пікірін дұрыс қалыптастыру миссиясы көзделіп, білім алушылардың әдептілік пен қонақжайлылық туралы ұғымдарын кеңейтіп, халқымыздың асыл қасиеті – қонақжайлылық жайында, қонақтың түрлері, оларды күту дәстүлері, оқушылардың пікірін дұрыс қалыптастыру мақсаты қойылып, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге халқымыздың қонақжай салтында бар түсінік, пайымын ұғындыруда тәлім-тәрбиесі  мол іс-шарасы болды.

9. Интеллектуальды мәдениетті дамыту бағыты бойынша білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту мақсаты көзделіп, 2011 жылдың 21 қаңтары күні мектеп-гимназияның 2-сынып білім алушыларының қатысуымен және сынып жетекшілері А.Қыстаубаева, Б.Маханбетова, Р.Ахметова ұйымдастыруларымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сыныпаралық іс-шарасы ұйымдастырылып, мақсаты ретінде білім алушыларға тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру миссиясы көзделіп, іс-шаралар ұйымдастырылып, білім алушыларды халықтық мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, соларды ауызба-ауыз айта білуге үйрету, ойлау, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіруде  аса  пайдалылығымен ерекшеленген шара болды.

10. Рухани-адамгершілік тәрбиесі бағыты бойынша өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілген моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру мақсаты қойылып, біршама іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2011 жылдың 26 қараша күні 3-сынып білім алушыларының қатысуымен және сынып жетекшілері Г.Рысбай, Г.Мияновалардың ұйымдастыруларымен «Атадан қалған асыл сөз» атты сыныпаралық іс-шара ұйымдастырылып, мақсаты ретінде білім алушыларға сандарға байланысты айтылған қазақ нақыл сөздерін үйрете отырып, халықтық тәрбиені насихаттау жүргізіліп, атадан қалған ауызекі сөз мұрасын  кейінгі ұрпаққа қалдыру, оларды рухани тұрғыдан дұрыс тәрбиелеуге әсер ету, бағыттау жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, 2012 жылдың 10 наурызы күні 6-сынып білім алушыларының қатысуымен және сынып жетекшілері Р.Әділбаева, Г.Жорабековалардың ұйымдастыруларымен «Аталар сөзі – тәрбие беріктігінің негізі» атты іс-шарасы шығарма жазу әдісімен үйлестіріліп, мақсаты ретінде білім алушыларға ұлттық тәрбие алудың негізі аталардан қалған ұлағатты сөздермен тікелей байланыстылығын түсіндіру миссиясы көзделіп, білім алушыларға ұлттық тәрбие алудың негізі аталардан қалған ұлағатты сөздермен тікелей байланыстылығын түсіндіру миссиясы көзделіп, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойында әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілген моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. 11. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру бағыты бойынша өзін-өзі тану білім алушыларға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажеттігін түсіндіруге, өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің өзінің қабілеті мен әлеуетті мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылатындығын түсіндіру, өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болатындығын түсіндіру бағытында 2012 жылдың 14 қаңтары күні «Төзім мен табандылық: қасиет пе, қажеттілік пе?» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Бершімбаеваның ұйымдастыруымен 5- сыныптарға лекция өткізіліп, мақсаты ретінде білім алушылар мен тәрбиеленушілер бойында өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің өзінің қабілеті мен әлеуетті мүмкіндігін ашу мақсаты қойылып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзін-өзі тану нәтижесінде өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болу мүмкіндігі артатындығы айтылып, бағыттау жұмысы жүргізілді. Бұдан бөлек, 2012 жылдың 11 ақпан күні «Менің сыныбым» тақырыбымен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ж.Жақсыбаеваның ұйымдастыруымен 1-4- сынып білім алушыларына лекция өткізіліп, мақсаты ретінде білім алушылардың сыныптағы қарым-қатынасының дұрыс бағытталуына тәрбиелеу миссиясы көзделіп, өзін-өзі тану өзін дамытуда, жеке тұлғалық дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуетті мүмкіндігін ашуға ықпал ету жұмысы үйлестірілді.

12. Кәсіби-шығармашылық тәрбиесі бағыты бойынша білім алушылар бойында кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профильді, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуальды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайтыны түсіндірліп, бағыттауда 2012 жылдың 28 қаңтарында мектеп-гимназия «Дизайн» үйірмесінің жетекшісі А.Шәймерденнің «Сурет әлемінің сиқыры»
атты іс-шарасы 3 сыныптардың қатысуларымен ұйымдастырылып, бала қиялын дамыта отырып, эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу мақсаты қойылып, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді сурет әлеміндегі әрқилы сурет салу әдістеріне үйретуге, таланттарын шыңдауға көмегі зор шара болды.
6.Ата-аналармен байланыс барысы.
Оқу жылы барысында үш мектепішілік және жоспардан тыс ата-аналар жиналыстары, екі рет ата-аналар күні ұйымдастырылды. Сұранысты қажет ететін ата-аналарға психолог тарапынан кеңестер берілді. Сонымен қатар, оқу жылында мектеп-гимназия ата-аналарының қатысуымен құрылған Қамқоршылық кеңесі мектеп-гимназияның материалдық әлеуетін көтеруге, үздік білім алушыларға стипендия тағайындап, қолдау көрсетті. Дегенмен, ата-аналардың сынып ата-аналарының мектеп өміріне араласу белсенділігі орта деңгейде.





7.Тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша орындалу көрсеткіші.
2010-2011 оқу жылында үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының бағыттары бойынша жоспарланған тәрбие жұмыстарының орындалуына сандық талдау жасалды.


Тәрбие беру бағыттарының атауы мен реті

Орындалу көрсеткіші %

1

2

Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру

100

Рухани-адамгершілік тәрбиесі

100

Эстетикалық тәрбие беру

80

Экологиялық тәрбие беру

100

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

60

Еңбек және экономикалық тәрбие

90

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

70

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру

100

Кәсіби-шығармашылық тәрбиесі

60

Әлеуметтік-мәнді және жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру

90

Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру

80

Жеке оқушылармен жұмыс

100

Ата-аналармен жұмыс

100

Каникулдағы іс - шаралар

90


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет