І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары, түрлері ІІ. Балаларды оқуға тартудың жаңа заман әдістері. ІІІ. Балалармен жұмыс істейтін кітапханаларды негізі қызметтерін ақпараттық, білім-беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді пайдалану



бет3/4
Дата04.05.2024
өлшемі51.23 Kb.
#500559
1   2   3   4
)

Кітапханалық жұмыстың түрлері:
Кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда үлкен атқаратын жұмыс тәсілінің ең маңыздысы жүргізілетін көпшілік жұмыстар.
Кітапханада әрбір ұйымдастырылатын іс-шараны бастамас бұрын оны төмендегідей бірнеше басты кезеңдерге бөліп аламыз. Сөйтіп бағыттарды негізгі ала отырып іс-шаралар ұйымдастырылады.
1. Мақсаттылықты көздеу.
2. Жоспарлау.
3. Ұйымдастыру және даярлау.
4. Іс-шараны тікелей жүзеге асыру.
5. Күтілетін нәтижелер.
Бүгінде біздің оқырмандарымыздың өздері қабылдауына бағытталып жүргізілген іс-шаралар емес, керісінше олардың өзін белсенді түрде қатыстыратын іс-шаралар қызықтырады.
Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары :
І. Бибилиографиялық ақпараттандыру - оқырмандардың сұранысына сәйкес библиографиялық ақпаратпен жүйелі қамтамасыз ету.
ІІ. Оқырмандармен жұмыс - оқырмандардың сұранымы мен мүддесін қалыптастырып, қанағаттандыратын, зерттейтін, оқуына басшылық жасайтын және әдебиеттерді насихаттайтын кітапхананың негізгі жұмысы болып табылады.
ІІІ. Диагностикалық бағыт – жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, көрсеткішін анықтау арқылы нәтижені анықтау.
Кітап оқудың бес тәсілі:
1. Зер сала оқу. Мұндай оқу кезінде кітаппен әбден талдап танысылады да өзіндік ой тұжырымдалады.
2. Тез оқу. Бұл тәсіл кемеліне келіп жетіліп, кейде зер сала оқуға ұласады.
3. Таңдап оқу. Мәтінің кейбір бөлімдері таңдалып оқылатын тез оқудың бір түрі.
4. Алдын ала таныстық мақсатында кітапты қарап шығу. Жай көзге оқудың қарапайым түрі болып көрінетін бұл тәсілді көп адамдар меңгере алмайды.
5. Сканерлеу, яғни фамилияны, сөзді, фактіні іздеу мақсатымен тез шығу.
Жүргізілетін жұмыстың мақсаты – ұлттық рухани және интеллектуалды сілкінісінің қажетті құралы ретінде оқуға оқырмандарды тарту. Қойылған мақсатқа қол жеткізу мына міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады :
-Оқырманның өзін-өзі басқару арқылы әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы тәрбие жұмысында оқырманның жеке дамуын бақылау;
-Оқуға қабілеттілігінің ашылуына оңтайлы жағдай жасау ;
-Кітапханада қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқырманның өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;
Осы көрсетілген үш бағыт басшылыққа алына отырып, кітапханашының жұмыс жоспары шығады.

Жұмыс кезеңдері

Тақырыбы

Мақсаты

Әрекет

Танысу

Қош келдің, жас дос

Жаңа оқырманды кітап әлеміне тарту арқылы сапалы оқырман санын көбейту;

Қызығушылығын ояту, кітаптарды іріктеу

Іске асыру

Күш –білімде,
Білім- кітапта!

Оқушыға әдебиет таңдауға, мұғалімдерге –кәсіби өсуге мүмкіндік туғызу;

Не оқимын? Қалай оқимын? Неге оқимын?-
деген сауалдарға жауап .

Қолдану

Кітап –кемел келешек

Өз бетімен кітап оқуға, өзіңе керегін таба білетін оқырман іріктеу, оқырман қажетін қана-
ғаттандыру.



Оқырмандар қажетін қанағантандыру.

Дамыту

Оқитын ел –озық ел!

Білім беру жүйесінде ақпараттық, оқырмандық мәдениетті арттыру арқылы- білім сапасына ықпал ету.

Оқығанын іске асыру , дамытуға ақпараттық-энциклопедиялық бағдар құру.

Мектеп кітапханашысы – педагогика мен психология мәселелерін ұғатын әрбір жас оқырманның жүрегіне жол таба білетін маман. Осы орайда мектеп кітапханашыларына мектептегі кітапханалық қызметтің түрлі жолдары арқылы оқырмандарға нақты жол таба міндеті жүктеледі.


Жеке оқушымен жұмыс
-таңдауын тану;
-оқығанын жинақтау;
-жеке кітапханасын байыту;
-жан-жақты дамуы.
Нысанаға алыну себебі: оқушының көркем әдебиет оқуға қызығушылығының жоғары деңгейі
Оқушы бойындағы бейімділіктерді дамыту арқылы бағдар беру, отбасының оқуға құштарлығын арттыру;
Жұмыс бағыты :Ата-ана-Мектеп-Оқушы
Жұмыс түрлері:
-жеке әңгімелер;
-диагностика;
-ішке тарту;
-тренингтер;
-өзіндік ой сабағы;
-көз жеткізу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет