I-кјсіпорындаєы активтерді талдауы мен аудиттіѕ теориялыќ јдістемелік негізі



бет19/20
Дата19.05.2022
өлшемі0.62 Mb.
#457504
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Дип.-активтер-есебіне-талдау-мен-аудит

Қорытынды

Осы дипломдық жұмысты қорыта келе активтер есебіне талдау мен аудитті жүргенде кіріспеде көрсеткендей жоспарлау бойынша бөлімдер толық ашылды деп ойлаймын. Осыдан қорыта айтатын болсам: қандай бір ұйым және мекемелер табыс пен шығыссыз болуы мүмкін емес.


Аудиті кәсіпорынның іс-қызметінде де, мемлекеттік экономикасын басқарудың жалпы жүйесінде де өте зор мәнге ие болып келе жатыр. Өндіріс циклі шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуетінің өзгеше құрамдасы екенлігі белгілі, сондықтан әрбір кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен одан әрі экономикалық дамуы олардың есебінің дұрыстығына, тиімді қолдану мен кешенді бақылауына байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процесстерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барасында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Өндіріс тиімділігін талдау мен кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес, сондай-ақ белгілі бір экономика секторының әр түрлі салаларындағы дағдырыс жиілігінде, нарық конюнктурасы өзгергенде және бәсеке деңгейінің болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік жаңа тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді. Аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен мен шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Кез келген ұймның мақсаты максималды түрде пайда табу болып табылады. Ал сауда ұйымдарының негізгі табыстылығы өнімді, тауарларды сатудан өткізуден түседі. Енді міне мен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қызметін сипаттай қорыта айтсам, ол-қоғам бірінші кезекте қажет ететін тауарлырды сатып алады да, нарықта өткізеді. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің тауарларды біздің отандық өндірушілермен қатар шетелден де алады. Оның шетелмен үнемі болатын шаруашылық операцияларының негізінде отандық жабдықтаушылармен болатын операцияларға қарағанда біраз ерекшеліктері пайда болады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің баланс өтімділігі бар, бірақ дебиторлық берешектер уақытында қайтарылмаса қысқа мерзімді міндеттемелерін өтуге қиындық туғызу мүмкін. Сондықтан қолда бар ақша қаражаттарын дұрыс ұйымдастыру қажет деп осы дипломдық жұмысты қорытындылаймын. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балансты талдау кезінде өтімділігі жоқ болып шықты активтердің өтімді болып табылуына және қаржылық тұрақтылықты сақтауға шаралар қолдану қажет. Сондықтан осы сияқты талдау нәтижелерін дұрыс пайдалану үшін есептік көрсеткіштерге аудиттік тексеру мен талдау жасалады.
Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бөсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет. Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті кейде бизнестің қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпартаттармен қамтамасыз ету көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді қатан сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.
Экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға қырсыздықпен қарауға кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің атқарар рөлі ерекше. Борыштардың қайтарылуының жинақталған көрсеткіші айналымдылы ғы қаржы болып табылады. Активтердің өтімділік көрсеткіштері, нақты ақша қаражаттарының сипаттайтын жылдамдығы, яғни бұл да, сол айналымдағы, активтер сапалық және өтімділік көрсеткіші оның айналымдылығы болуы мүмкін. Аудитор кезеңнің соңындағы активтердің ең соңғы мәліметтеріне назар аударады. Қысқа мерзімді активтер айналым көрсеткіштері бернеше кезеңдердің сала бойынша орташа шартта қаралған мәліметтермен салыстырылады. Нақты айналымның шарттың жағдайы бойынша есептен шығарылғаны мен салыстыру сатып алушылардың уақтылы төлеу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Нақты айналымның шоттығыдан ауытқуы борышкерден қайтаруды талап етудің нашар жүргізілгендігін жауапты тұлғалардың жүргізген жұмыстарына қарамастан бұл сомаларды алудың қиынға түсуінің сатып алушының қаржысының тапшылығының салдарынан болуы мүмкін. Осымен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болашақта ұзақ және қысқа мерзімді активтерді ұлғайтуға қаржы мамандары тәжірибе алмасуды қажет етеді. Және де балансты өтімді деңгейге жеткізуге және қаржылық тұрақтылықты сақтауға қажетті шараларды қолдануды талап етеді. Әрине қысқа және ұзақ мерзімді активтердің рөлі көп екендігін білеміз, сондықтан да қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына көшумен байланысты шетелдік тәжірибелі жұмыстары мен ғылыми жетістіктерді пайдалану және білікті, білімді мамандармен қамтамасыз етуге назар аударса жөн болар. Дипломдық жұмыстың жоспарында көрсетілген қарастырылатын сұрақтар толық ашылды деп қорытындылауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет