ІІІ –«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС нің қаржылық жағдайын талдау мен аудиті
3.1. Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау.
Қаржылық тұрақтылығы бұл тәуекелдердің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні бұл қорлар мен шығындардың қалыптастыру көздерінен қамтамасыз етілу.
Нарық жағдыйында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен және тағы басқалар мен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық- техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік жағдайды жақсартуға және басқаруға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Қаржылық тұрақтылық- бұл табыстардың шығындардан асу тұрақтылығы, оларды жүзеге асыру тиімділігі жолымен кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін қолдану. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы қаржылық коэффициенттер жүйесімен сипатталады. Бұл коэффициенттердің талдауы оларды өткен жолмен салыстырғанда және олардың динамикасын оқуда қорытынды қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштің ең бір маңыздысы мынадай коэффициенттік көрсеткіштер табылады:
1 Тәуекелдік коэффициенті (меншіктік коэф.)- ол кәсіпорынның қызметін жүзеге асыру үшін авансталған барлық қаржылардың жалпы сомасы меншіктік қаржыларға үлесін көрсетеді. Ол кредиторларды қызықтырады. Бұл коэффициенттердің өсуі кәсіпорынның тәуелсіздігінің ұлғаюы туралы куәландырады және барлық.
2. Міндеттемелер меншікті қаражаттармен жабылу мүмкін. Бұл коэффициентің теориялық мәні (0,5-0,6)-тең.
3. Тәуелділік коэффициенті- бұл тартылған қаражаттардың барлық авансталған капиталға үлесін сипаттайды. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, оларды бақылайтын менеджерлердің де емес, меншікті компаниялардың да емес сыртқы қысымына ұруының потенциялды тәуекелділігі жоғары болады. Мынаны есте сақтаған жөн: тартылған капитал бойынша төленетін үрді бұл компаниялардың пайда зиянының жоғары болса, шығындарды соғұрлым жоғары болады.
4. Тартылған немес меншікті қаражаттардың сәйкестілік коэффициенті- бұл меншік қаражаттардың активіне салынған бір теңге кәсіпорынның қанша тартылған қаражат келетінен көрсетіледі.1:2
Бұл коэффициент тәжірибеде өте тұрақсыз. Себебі, берілген коэффициент есептеуде ағымдағы активтердің, тауарлық материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар айналым жылдамдығын толығырақ анықтаған жөн. Ағымдағы активтер мен дебиторлық қарыздардың жоғарлауы айналымдағы кезінде бұл коэффициенттер бірден асуы мүмкін.
5.Қаржыландыру коэффициенті- бұл меншікті және тартылған капиталдың қатынасын сипаттайды, активтердің қай бөлігі меншік қаражаттарының есебінен қаржыланатыны көрсетіледі.
6. Инвестициялау коэффициенті –бұл қандай деңгейде меншік қаражаты негізгі капиталды жабатынын көрсетеді (Қ>1).
7. Маневрлеу коэффициенті – бұл осы қаражаттардың еркін қолдануды үлкен немесе кіші рұқсат ететін мобильдік активтерге меншік қаражаттарының қай бөлігі салынғанын көрсетеді. Бұл коэффициенттің төменгі мәні қйын өтетін иммобильденген есептердің құндылығында меншік қаражаттардың белгілі бір бөлігі бекітілгенін көрсетеді. (>1=0,5).
8.Қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті =ұзақ мерзімді міндеттемелер/(меншік капитал+ ұзақ мерзімді міндеттемелер).
Кесте -12
Достарыңызбен бөлісу: |