10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығын.
Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коәффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көосетеді.
Алымындап сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде –кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:
К 0и.к = Д N
Д и +К и
Мұнда; Ди – және Ки – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.
Бұл коәффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзіиді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коәффициентімен салыстырған абзал.
11. Істегі капиталдың айналымдығын алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезендегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі.
K 0Ф.К. = Д N
Ф к
Мұнда: Фк – істегі капитал.
Бұл коэффициенттің мағнасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдығының баяулағанын немесе жылдамдағаннан көруге болады. Өзінің дамуына салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткіштерімен салыстырғанда бұл коэфициенттің алынған мағынасы кәсіпорынның сатудан түскен табысын (ақша) тікелкй әсер етпейтін инвестициялардан тазарған.
12. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманентті капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:
К 0пер/к = Д N
ПЕР/К
Мұнда: Пер/к - перманенттік капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент кәсіпорыннның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттремелерінің әсерін еске алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |