І. Негізгі бөлім Жоба технологиясының теориялық негіздері


Шетел тілі сабақтарында жоба әдісін қолдану



бет12/21
Дата01.03.2024
өлшемі322.5 Kb.
#493949
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Шетел тілі сабағында жоба әдісін қолдану

2. Шетел тілі сабақтарында жоба әдісін қолдану.



    1. Неміс тілі сабағында жоба технологиясын қолдануға арналған әдістемелік нұсқаулар

Жаңа педагогикалық технологияны оқу процесінде қолдану – балаларды шетел тіліне үйретуге ғана емес, оларды тәрбиелеуге де көмектеседі. Қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау деген сөз.


Сабақ процессінде оқушыларды оқыта отырып тәрбиелеуге, тәрбиелей отырып оқытуға ұмтылудың маңызы зор. Бұл орайда бірінші орынға еңбек тәрбиесін, патриоттық және адамгершілік тәрбиесін қойған жөн. Жұмыстың бұл бағытта табысты болуына жоба әдістемесі көмектеседі.
Іздене отырып материалдарды қолдану оқушыларды шетел тілінде қарым-қатынас жасауға үйретеді. Сондай – ақ күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі фактілерге жағдайларға қатысты сұхбаттарға әлеуметтік нақты жауап бере білуге дағдыландырады.
Сабақта жобалау әдісін қолдану өз бетнше жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады, сабақтан тыс кезде олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, өзін топбасшысы ретінде тануға, сынауға көмектеседі. Оқушыларда өзінің біліміне деген жауапкершілік пайда болып, оны ыңғайлы нақты әрекетте тиімді қолдану, ыңғайлап бейімдеу дағдысы қалыптасады.
Жобалау әдістемесімен оқыту кезінде оқушылар өздерне қажетті мәліметтерді өздері ізденіп табуға, әр түрлі түпнұсқаларды дұрыс және тиімді пайдалануға үйеренеді. Жоғарыда айтылып кеткендей оқытушы олардың тең дәрежелі серіктесі мен сұхбаттасына айналады. Бірігіп атқарған жұмыс ұжымды жұмылдырады, олардың өзара әрекеті, өзара түсінушілігі артады, тек өз ісіне, әрекетіне ғана жауап бермей, бүкіл топ үшін жауап беруге үйренеді. Әрбір оқушы өзінің жұмысының нәтижесін көрсету үшін өзі бастаған істі аяғына дейін жеткізуге тырысады.
Шетел тілін оқытудың негізінде оқу үрдісіне барлық қатысушыларының өзара тең және бірдей құқылығын көрсететін әдістемелік тұжырымдама, сондай-ақ оқу үрдісінің барлық компоненттерінің өзара келісушілік пен көпжақты динамикалық қатынастары тұрады.
Шетел тілін оқыту әрбір мұғалім мен оқушының жеке басына, белгілі бір топқа бағытталған болады. Оқушылар тілді меңгеру барысында атқарылатын жұмыстың сапалы және нәтижелі болуы, ең алдымен оның күш жігерімен, ұмтылысы мен ынтасына байланысты екенін түсінуге тиіс. Ортақ мақстақа бағытталған ынтымақтастық пен ортақ іс-әрекетке жетелеуге бағытталған, «мұғалім мен оқушы» қарым-қатынасы серіктестік тұрғыда болады.
Неміс тілі курсының мәнділік қызметінің мазмұнына орай, бұл пәнді жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып, оқытудың негізгі мақсаты мынадай болады:

  • оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қасиеттерін дамыту;

  • жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы ролінашып, табиғатқа көзқарасты бекіту, адамның дүниеге қатынасын, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне шетел тілінен берілетін түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктіліктер мен дағдылар оқушының бойында қалыптастыру.

Солардың бірі бағдарламада берілген шетел тілі курсы негізінен мынадай мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:

  • оқушылардың дүниетанымын дамыту, ондағы жеке тұлғаның орны мен ролі жайлы көзқарасты қалыптастыру;

  • олардың ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген саналы түрде ынтасын дамыту;

  • мәліметтерді түсінуді, білімдерді өз бетінше игеруді және қолдануды қалыптастыру;

  • қоршаған ортаға жеке тұлғалық қарым-қатынасты, технологияландырылған әлемде бағдар ала білуді, яғни білімді күнделікті өмірде жеке басы үшінмаңызды мәселелерді шешуге қолдануды үйрету;

  • жауапкершілікке, білімге және мәдениетке тәрбиелеу. (15)

Негізгі неміс тілі курсының бағдарламасы оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың практикалық әрекетіне үлкен мүмкіндіктер туғызады. Жаңа технологиялар, соның ішінде жоба технологиясы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, логикалық ой-өрісін дамытуға, тілдік материалдар негізінде сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын, байқаулар жүргізу мен эксперименттік тапсырмалар орындау іскерліктерін қалыптасыруға бағытталған.
Жоба технологиясы бойынша ұстаз өзі сабақ беріп жүрген пәнінің мазмұнын анықтап, оқушылардың еріксіз білу материалдарын сұрақ түрінде жазып, мақсаттарын анықтайды.
Бізде оқу үрдісінде болып жатқан өзгерстерден тыс қалмай, сабақтарымызда жаңа технологияларды қолданудамыз. Жаңа технологияда оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды. Бұл тапсырмалар төрт түрге бөлінеді:
а) репродуктивті;
б) алгоритмдік;
в) эвристикалық;
г) шығармашылық.
Репродуктивті деңгей – бұл бәріне бірдей білім негізінде берілетін тпсырмалар. Бұл деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдері мен оқулықтағы бар мәселелерге байланысты құралады. Сол үшін оқушы бұл деңгейдегі тапсырманы орындағанда көп ойланбай, тез жауап беруі тиіс.
Алгоритмдік деңгей- оқушы мұғалімнің түсіндіргені бойынша қабылданған жаңа материалды пайдаланып, тапсырманы алгоритм негізінде орындайды.
Эвристикалық деңгей – оқушы өзі ойланып, ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырманы орындағанда қисынды ойлау қабілеті қызмет атқарады.
Шығармашылық деңгей – оқушы өзінің белсенділігін көрсетеді. Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа ұмтылады. (30)
Шетел тілінің қазіргі курсының ғылыми-әдістемелік идеялары студенттің өз ойы, пікірі бойынша жұмыс істеуге үйретуді талап етеді. Ал бұрынғы әдістеме бойынша оқушы сабақ бекітуде, өткен сабақты қайталау кезінде сұрақтарға жауап беріп қана қоятын, ал қазір кейбір факторларды шетел тілінен алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алады.
Оқытушы оқушылардың зейінін пәнге деген ынта ықыласын белгілі бір сабаққа аудару және зейіннің тұрақтылығын қалыптастыру үшін арнайы шаралар қолдану қажет. Мұндай шараларға сабақ өткізудің түрлі әдістерін жатқызуға болады. Мұғалімнің әңгіімелеуі, тәжірибелерді көрсетуі, лабораториялық жұмыстар, оқулықпен және дидактикалық материалдармен өзіндік жұмыс, кино және диафильмдерді көрсету, оқушылардың хабары, сұрақ-жауап, тестік тапсырмалар, тағы сол сияқты әдістерді лайығына қарай кезектестіріп отыруы керек. Мұғалім түрлі тапсырмалар беріп, оқушылар тапсырмаларды қаншалықты деңгейде орындағанына қарап, өзіне-өзі баға береді. Яғни неміс тілі сабағында жоба технологиясы сабақтың сапасын жоғарылатады және пайдалы жақтарын көрсетіп береді.
Әрбір оқушы өз біліміне, психологиясына байланысты өзінің алдына қойған мақсатына шыдамдылықпен жетуін қалыптастырады. Әрбір тапсырма олардың тәртібі мен мінез-құлқына әсер етеді, бастаған ісін толық аяқтауға және жауапкершілікпен ізденуге, жұмыс істеуге ұмтылады. Сол үшін оқушыларды жаңа технология әдістері бойынша шетел тілі пәнін оқытудың мәні зор.
Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдысын қалыптастыру. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың сабаққа қызығуын арттыру, өздігімен білім алу құштарлығын таныту, сонымен қатар танымдық қабілетке жетелеу, олардың оқу еңбегін арттыру үшін дидактикалық материалдарды көбейту. Оқушыларды неміс тілі пәнінің негізінен алынатын эксперменттік жұмыстарды бақылау және оларды сипаттайтын негізгі заңдылықтарды айқындау жөніндегі тапсырмаларды орындауын бақылау. Осылайшы оқушының білім деңгейін саралау мақсатында қоланып жүрген «жаңа педагогикалық технология» әдістерін неміс тілі пәні сабақтарында да орынды қолданып отыру керек.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет