І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші жүздер) орналасу аумақтарын картаға белгілеңіз



Pdf көрінісі
бет26/65
Дата29.04.2024
өлшемі1.04 Mb.
#500125
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
Тарих билет жауаптары

 
3.Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші жүздер) орналасу аумақтарын картаға белгілеңіз. 
Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағыЖетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Шу, Талас өңірлері, 
Қаратау, Сырдрияның орта ағысы. 
Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы –Орталық, Шығыс Солтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы 
аймағы. 
Кіші жүз қазақтарының жері -бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. 
Жүздердің шығуы туралы деректер:Жүздердің шыққан уақыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде 
ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. 


Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін 
жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай одақтар құрған» 
Н.А.Аристовтың ойынша «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан»
В.В.Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға 
икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды» -деп септейді. 
11 –билет 
1. 
Қарлұқ қағанаты.(Территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы деректер). 
2. 
Ұлы Отан Соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениет, ғылым және ондағы келеңсіз 
жағдайлар. Е.Бекмаханов, М.Әуезов, Қ.Сәтпаевтің тағдырларын талдаңыз. 
3. 
Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығы 
неде?
Жауабы : 
1. 
Қарлұқ қағанаты.(Территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы деректер). 
Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. 
Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. VІІ ғасырдың 
басында Қытайдың «Таншу» әулетінің хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі, 
олардың құрамында бұлақ, жікіл, ташлық деген тайпалардың бар екендігі көрсетілген. 
Араб тарихшысы әл - Марвазидің хабарына қарағанда, қарлұқтардың құрамында 9 тайпа: үш жікіл, үш бескіл, 
бұлақ, көкеркін және тухси кірген. Сондай - ақ лазана мен фаракия рулары да аталған. 
«Күлтегін» жазуындағы «Қарлұқтарды қырып, басып алдық» деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түрік 
қағанатының құрамында да болғандығын білдіреді. Шамасы осы жеңістен кейін қарлұқтардың бір толқыны Жетісуға 
қарай жылжиды. Қарлұқтардың Жетісуға жылжудағы және бір себебі Ұйғыр қағанатынан жеңілуі еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет