І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»



Pdf көрінісі
бет50/65
Дата29.04.2024
өлшемі1.04 Mb.
#500125
түріҚұрамы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Тарих билет жауаптары

 
20- билет 


1. 
VI-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ойшылдарының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін талдаңыз (әл-
Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б.) 
2. 
1916 ж. көтерілістің алғышарттары, сипаты, көтерілістің негізгі ошақтары және маңызы. 
3. 
Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға көрсетіңіз. 
Жауабы: 
1. VI-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ойшылдарының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін
талдаңыз (әл-Фараби, М.Қашқари,
Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б.) 
Әбу Насыр әл-Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Философ, музыкант, 
математик ғалым дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озыө ойлы адамы болды. Ол философия, әлемтану, 
математика, физика, астрономия, ботаника, музыка т.б. ғылым саласынан 160-қа жуық трактаттар жазып, өшпес ғылыми 
мұра қалдырған. Аристотельдің еңбектерін зерделей отырып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», 
«Кемеңгерлік меруерті», «Бақытқа жету», «Ақындықтың мәні туралы» т.б.философиялқы туындылар жазған. Өз 
еңбектерінде адам дүниені және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен ақыл-ойы арқылы таниды деп түсіндереді.
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактаты ағылшынның атақты утописі Томас Мордың еңбегіне 
негіз болды.
Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари үш кітаптан тұратын «Түрік тілдерінің сөздігі» атты мәңгі өшпес мұра 
қалдырды. Бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралып шыққан. Атақты орыс ғалымы 
А.Н.Кононов Махмуд Қашғаридің бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түркі тілінің мәртебесін көтеріп, оның араб 
тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдеу болды дейді. Ал екінші бір түркі тілінің маманы Н.А.Баскаков Махмуд 
Қашғари өзінің бұл атақты еңбегін жазуда түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды деген 
пікірді айтады. Сондықтан өзінің деректілігі жағынан бұл ешбір баға жетпес еңбек болып табылады. 
Жүсіп Баласағұни Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы , ақын. Оның атақты «Құт негізі-білік» («Құтадғу 
білік») атты еңбегі ХІ ғасырға дейінгі түркі тілдес халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұндағы 
ғылыми еңбек. Бұл еңбек бүгінгі таңда да түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ. Бұл еңбегін Сүлеймен Арслан ханға 
сыйға тартқаны үшін Ұлы хас-хажип деген лауазым алады. 
Қожа Ахмет Ясауиден қалған мұра оның «Даналық кітабы»-«Диуани-и хикмет» болып табылады. Кітап түрік 
тілінде араб әліпбиімен жазылған. Бұл еңбек адамды даналыққа, имандылыққа, кішіпейілділікке ,адалдыққа шақырады. 
Шәкірттерінің бірі-ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата аталған Сүлеймен Бақырғани ақын халықты имандылыққа 
шақырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет