І нұсқа кемпірқосақ Сұрақ 1: кемпірқосақ



бет2/4
Дата24.09.2023
өлшемі223.63 Kb.
#478436
1   2   3   4
Тесттер Физикадан PISA есептері

ІІ нұсқа
ТЕРМОМЕТР

Термометр - дененіңзаттыңауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді қазіргі түріне 1723 жылы Фаренгейт келтірді және оны қалай істейтінін суреттеп берді. Басында ол да өз трубкаларын спиртпен толтырды, сосын барып сынапқа көшті. Өзінің шкаласында нөл деп ол қар мен нашатыр немесе ас тұзымен араласқандағы температураны алды. Ал судың қатуының бастауы деп 32° градусты, ал сау адамның денесінің температурасы ретінде ол 96° алды. Сосын ол судың қайнау температурасын анықтады, ол 212° тең болды. Мұздың еруі мен судың қайнау температурасын 1742 жылы Цельсий нақтылап көрсетті, бірақ басында ол 0°-ты қайнау, ал 100°-ты қату температурасы ретінде көрсетті.
Сұрақ 3: ТЕРМОМЕТР
Термометрдің жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген?
A Температураның артуына байланысты сұйықтың қысымының артуына негізделген
B Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген
C Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың массасының өзгеруіне негізделген
D Температураның өзгеруіне байланысты сұйықтың қысымының өзгеруіне негізделген

Сұрақ 4: ТЕРМОМЕТР


Суретте күн сәулесі түсіп тұрған 3 бірдей спиртті термометр кескінделген. Қай термометрдің көрсеткіші бірінші болып өзгереді?
1- термометр 2- термометр 3- термометр

(қызыл түсті спирт) (күлгін түсті спирт) (түссіз спирт)
A 1- термометрдің
B 2- термометрдің
C 3- термометрдің
D Үшеуінде бірдей
Сұрақ 5: ТЕРМОМЕТР
Термометрлердің түрлеріне байланысты төмендегі берілген пікірлер дұрыс па?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдаулардың әр қатарынан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз

Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Сынап және спирт термометрлерінің көрсетуі тек бір тірек нүктеге ғана сәйкес келеді

Иә/ Жоқ

Сынапты термометрмен мұқият болу керек, себебі сынап буы - үлы

Иә /Жоқ

Арктиканы зерттеушілер спиртті термометрлерді таңдап алады

Иә / Жоқ


Сұрақ 6: ТЕРМОМЕТР


Неліктен температураны арттырғанда газ бен сұйықтың көлемі ұлғаяды?
A Молекулалар саны артады
B Олардың молекулалары көбейеді
C Олардың молекулалары сирек соқтығысады
D Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет