И. Т. Распопов мақаласында болымды/болымсыз (растау/терістеу) (утверждение/отрицание) модалдігін қарастыра отырып, орыс тіліндегі


Жалпы мақұлдау/мақұлдамау модалділігі функционалды-семантикалық шағын өрісінің кіндік тұлғасы



бет2/4
Дата19.05.2022
өлшемі21.6 Kb.
#457343
1   2   3   4
Бар (1)

1. Жалпы мақұлдау/мақұлдамау модалділігі функционалды-семантикалық шағын өрісінің кіндік тұлғасы иә және жоқ әртарап сөздері болып табылады. Мысалы:
Рас болса, келінді қоя берді деп есіттік қой, осы.
Иә, қатындар сыйыспады (Ә.Нұрпейісов).
Ал сонан қараша іңген боталады да, үйге де береке келді десейші...
Иә, ерніміз аққа тиді. Балалар балыққа тойып оңып қалды (Ә.Нұрпейісов).
...бірақ бұларға сенуге болмайды.
Иә, бұлар бізді жек көреді (Ә.Нұрпейісов).
Бір қарағанда, иә (ие, е, я) сөзі сұраққа берілген жауап ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ, жоғарыдағы тілдік деректер көрсеткеніндей, сөйлемнің негізгі пропозициялық мағынасы жауап беріп қана қою емес, әңгімелесуші жақтың сөйлемінің дұрыстығын құптау, пікіріне қосылу болып табылады.

«Орыс және қазақ тілдерінің салғастырмалы грамматикасында» иә сөзін демеулік шылаудың қатарына жатқызады [Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. Редколлегия: Баскаков Н.А., Хасенова А.К., Исенгалиева В.А., Кордабаев Т.Р. Морфология. –Алматы: Наука, 1966. –460 с, 432-433-бб.]. Біздің ойымызша, иә сөзін мағыналық жағынан шылаулардың қатарына жатқызуға болмайды. Модалділікті грамматикалық мағыналардың бір түрі ретінде қарайтын болғандықтан, оны білдірудің тек грамматикалық құралдары ғана (аффикстер, көмекші сөздер, синтаксистік конструкциялар және т.б.) негізге алынуы тиіс. Сондықтан номинативті сөздер, өздерінің семантикасында едәуір модалдік реңк жатқанымен, модаль сөздер санатына кіре алмайды. Себебі бұлар модалді семантикалық өңдегі дербес мәнді сөз («знаменательное слово») ретінде лексикалық деңгейден әрі аса алмайды. Сондықтан полифункционалды (А.Ысқақовша: әр тарап) бар, жоқ сөздері, керек, тәрізді предикаттық есімдер өздерінің номинативтік қолданысында модаль сөздерге жатқызылмайды. Бұлар белгілі бір контекстік байланыста ғана функционалды-модалді сөз ретінде жұмсалына алады.




Жоқ сөзі арқылы білдірілген мақұлдамау мағынасының сөйленімде көбінесе себебі түсіндіріледі. Мысалы:
Бәсе, соның жөнін ұқтыршы. Шық үстінде қарабаялыштан басқа түйенің тісіне ілінетін не бар дейсің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет