I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Сабақтағы денеге түсетін салмақ



бет47/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Сабақтағы денеге түсетін салмақ

Мұғалім сабаққа даярлану барысында сабақ кезіндегі денеге түсетін


Салмақты ескереді. Мұндағы денеге түсетін салмақ дегеніміз – ол дене тәрбиесі сабағындағы оқушылардың жаттығулары орындау барысындағы оқушылардың жаттығулар орындау барысындағы физикалық күш – қуаттың денеге әсері.
Денеге түсетін салмақ жаттығулардың жасау ұзақтығы мен жаттығулардың жасалу ұзақтығы мен жаттығулардың санымен, олардың қайталануымен, уақыт және орындау шартымен анықталады. Сабақ кезіндегі денеге түсетін салмақ әр түрлі болады. Сондықтан мұғалім оны қадағалау керек. Оқушыларға дене жаттығуларын артық жасатуға болмайды. Себебі оқушыларды шаршатып еңбек қабілетін төмендетеді. Сонымен қатар дене жаттығуларын бәсіңдетуге де болмайды.
Мұғалім әр сабақта денеге түсетін салмақтың оқушылардың дене дамуына әсерін қадағалау қажет. Ол үшін дене жаттығуларын тиімді пайдалана білу, және де қай жаттығу оқушыларға қандай әсер беретінін білу керек. Дене жаттығуларының ағзаға әсерін анықтау үшін көптеген әдістер қолдануға болады. Мысалы, қан қысымын, дене температурасын, қан тамырларының соғуын өлшеу, қан құрамын анықтау, т.б. Аталған әдістерінің ішінен мұғалімдер көбіне оқушылардың қан тамырларының соғуын өлшеу әдісін қолданылады.
Сонымен қатар денеге түсетін салмақты анықтау үшін төмендегідей жеңіл әдісті қолдануға болады.
Жүгірмес бұрын оқушылар баяу жүгіреді, одан кейін жеңіл жаттығуларды орындайды. Жаттығу орындалғаннан кейін оқушылардың қан тамыры соғуын өлшейді. Әдіс қайталанады. 2 – 3 минут ішінде 2 – 3 рет өлшенеді. Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі көрсеткіштер салыстырылады. Егер оқушының қан тамырының қатты соғуы 2 – 3 минут ішінде бастапқы қалыпқа келмесе немесе керісінші бастапқы қалыптағыдан бәсеңдеп кетсе, одан бұл оқушыларға салмақтың көп түскені, не болмаса қан тамырларының қызметінің дұрыс емстігін анықтайды.
Бұл екеуінің қайсысы болмасын мұғалімнің назарында болу керек. Оқушылардың сыртқы бейнесіне қарап салмақтың қаншалықты түскенін аяқ – қолдарының дірілдеуінен, жүздеріндегі шаршағандығынан, белсенділіктерінің төмендеуінен, жаттығуларды орындау сапасының төмендеуін, т.б. сол сияқты белгілерден анықтауға болады. Бұл белгілердің барлығы оқушылардың денесіне түскен салмақтың артуымен анықталады. Мұндай жағдайда мұғалім жаттығудің көлемі мен орындау шартын жеңілдетуі немесе жаттығуларды тоқтатуы керек.
Денеге түсетін салмақты мұғалім сабақ жоспарын құрғанда анықтайды, ал салмақ кезінде оқушыларды бақылай отырып кей бір өзгерістер енгізуі мүмкін денеге салмақ негізгі бөлімінің ортасында түсу керек. Іс жүзінде денеге түсетін салмақтың бірдей жүруі мүмкін емес. Себебі, әр жаттығу сайын қысқс мерзімді демалыс болады және де барлық жаттығулар оқушыларға бірдей әсер бермейді. Сондықтан сабақ жоспарын құрғанда не денеге түсетін салмақты анықтағанда қимыл – қозғалыс ойындары, жаттығулар, жарыс тәрізді жаттығулардың бәрі жоғарғы салмақпен байланыстылығын есте сақтау қажет.
Денеге түсетін салмақты анықтаудың күрделігі – оқушылардың барлығы бір уақытта бірдей жаттығу орындағанымен, дене даярлығының әр түрлілігі болуы мүмкін. Дене даярлығы жоғары балаларға жеке тапсырма беріп, қосымша жаттығулармен айналыстыру керек. Ал дене даярлығы нашар балаларға тек жоспарланған жаттығуларды орындатумен шектелу керек.
Сабақтағы денеге түсетін салмақ былай анықталады:
а) жаттығулар саны мен ойын санының өзгермеуімен;
ә) жаттығуларды қайталау санының әр түрлілігімен;
б) жаттығуларды орындау барысындағы уақыттың ұлғаюымен кемуімен;
в) әр түрлі екпінмен орындауды қолданумен;
г) қозғалыс амплитудасының ұлғаюымен немесе кемуімен;
ғ) жаттығуларды орындаудың күрделенуі немесе жеңілденуімен;
д) жаттығуларды орындауда әр түрлі құралдарды қолданумен;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет