I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет40/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Шаңғымен жүру

Шаңғымен жүруге үйрету әдістері:



  1. Таяқсыз адымдап жүру;

  2. Таяқсыз сырғанап жүру;

  3. Таяқпен адымдап жүру;

  4. Таяқпен сырғанап жүру;

  5. Екі адымды ауыспалы жүріспен алға жылжу;

  6. Бір уақытта алға қарай жылжу.

40 - сурет

Шаңғымен сырғанауға үйретудің алғашқы әдістердің бірі – таяқсыз адамдап жүру болып табылады. Бұл әдісте оқушылар кезекпен шаңғының басын көтереді, аяқты өкшесін қарға тигізіп алға жылжиды. Алғашқы үйрету барысында қол еркін қозғалады, ал болашақта қолмен аяқ үйлесімділігін қатаң сақтау қажет ( оң аяқ – сол қол; сол аяқ – оң қол) (40 – сурет).


Таяқпен ауыспалы екі адым жасап жүруді үйретуде балалардың таяқтың салмағына бейімделуі, олардың дененің бойымен ілгері – кейінді сермеуді үйренуіне көмектеседі.
Оң аяқпен және сол жақтағы таяқпен серпінген кезде, сол аяқ тізеден бүгулі күйінде ілгері шығарылады да, дененің салмағы осыған ауысады, шаңғышы сол жақтағы шаңғымен сырғанайды; оң қолдағы таяқ бірден алға шығарылады. Серпінуден кейін оң аяқ толық түзуленеді, содан соң босаңсиды және тізеден бүгіледі, бұл кезде шаңғының артық ұштары қардан көтеріледі. Сол аяқтағы шаңғымен сырғанағанда алға шығарылған оң қолдағы таяқ сол аяқтың ұшымен бірдей етіпқарға қойылады; оң аяқ ілгері жылжиды. Ол сол аяқтың қатарына жеткенде, сол аяқпен серпіну, оң аяқтың қатарына жеткенде сол аяқпен серпіну басталады.
Сол аяқпен және оң қолдағы таяқпен серпінген кезде оң аяқ алға жылжиды да, оң аяқтағы шаңғы сырғанай бастайды, осымен бір уақыттың ішінде сол қолдағы таяқ алға шығарылады ( 41 – сурет).
Таяқтарды ілгері шығарған кезде екі қол шынтақтан
сәл бүгіліп, итергеннен кейін артқа қарай созылатыны
сонша, алақан түгел ашылады. Қозғалудың бұл саты-
сында таяқтарды бас бармақ пен сұқ қолдың арасына
ілмек бауы арқылы ұстайды. Таяқтарды қолмен онша
күш түсірмей итеріп, балалардың қозғалыстың ырғақты
тербелісін игеруіне бірте – бірте жету керек.
Адымдай жүру тәсілінде негізінен қол мен кеуде
қимылдайды. Екі аяқпен бірдей артқа қарай барынша
серпініп, қолдың басы тізеден төменірек түсірілуі
керек. Серпілген кезде кеуде алға еңкейіп, екі аяқ
тізеден бүгіледі. Серпілгеннен кейін бала қолын
жіберіп,
екі шаңғымен бірдей сырғанайды,
содан соң түзелунеді де, тағы да серпін
жасау үшін таяқтарды алға жіберіп, шаңғының бел ортасына таман тікбұрыш жасап, қарға тірейді. Адымдамай жүргенде дененің таза салмағы алға ауысады да өкшеге қарай түсіреді.
Осындай жүрісті үйрете отырып, балалардың тек қолмен ғана серпіліп қоймай, кеудесімен алға қарай батылырақ еңкейіп жүруін қадағалау қежет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет