Анықтама. X жиынында анықталған, ал мәндері Y жиынында болатын сандық функция деп ербір xєX санына бір ғана yєY санын сәйкес қоятын сәйкестікті айтады.
Сандық функцияны негізінен x→ (x), xєX немесе y = (x) түрінде белгілейміз. Сонда сандық X жиыны - функциясының анықталу облысы, ал (x) түріндегі барлық сандардан тұратын, мұндағы xєX, сандық Y жиыны -тің мәндерінің жиыны болып табылады.
Және де функциясының анықтау облысын D ( ) арқылы; ал оның мәндерінің жиының Е ( ) арқылы да белгілейді.
Тура пропорционалдық, оның қасиеттері және графигі
t – жаяу адамның қозғалыс уақыты, s – оның жүрген жолы және ол v км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалыста болсын делік. Сонда v тұрақты болғанда t-ның әрбір мәніне s-тің бір ғана мәні келеді және ол s= v ∙ t формуласымен есептеледі. Сондықтан s= v ∙ t формуласы, тура пропорционалдық, яғни s дегеніміз t-ға тура пропорционал, деп аталатын функцияны анықтап береді.
Анықтама. Тура пропорционалдық деп y=kx формуласыны, мұндағы, x тәуелсіз айнымалы, ал k 0 және kєR, көмегімен берілетін функцияны айтады.
Бұл формула айнымалы y-тің айнымалы x-ке тәуелділігін, яғни анымалы y-тің анымалы x-ке тура пропорционал екендігін анықтап береді, мұндағы k – пропорционалдық коэффициент.
Ал y=kx функциясының қасиеттері болады.
1. Оның анықталу облысы нақты сандардың R жиыны.
2. Оның графигі координаталардың басы арқылы өтетін түзу сызық, өйткені x=0, y=0 және k 0, kєR. Сонымен бірге, егер k>0 болса, онда түзу I және III координаталық ширектер ақылы өтеді, ал егер k<0 болса, онда II және IY координаталық ширектер арқылы өтеді. Графигі салу үшін бір ғана, мәселен нүктесін табу жеткілікті болып есептеледі.
№
|
Графиктердің орналасуы
|
Сипаттамасы
|
1
|
|
у = kх + b түзуінің Ох осімен қандай бұрыш жасайтыны k коэффициентіне тәуелді. Мысалы, егер k=1 болса, онда у = kх + b түзуі Ох осімен 45º-қа тең бұрыш жасайды, бұл у = х түзуі координаталық бұрыштардың биссектрисаларымен беттесетіне байланысты
|
2
|
|
Егер k>0 болса, онда у = kх + b түзудің Ох осіне көлбеу бұрышы сүйір; егер k<0 болса, онда доғал. Сондықтан, k коэффициентті түзудің бұрыштық коэффициенті деп атайды.
|
3
|
|
Суретте бұрыштық коэффициенттері әртүрлі және
b-нің мәні бірдей, 2-ге тең сызықтық функциялардың графиктері бейнеленген. Бұл графиктер нүктеде қиылысады
|
4
|
|
Суретте бұрыштық коэффициенттері бірдей және b-нің мәні әртүрлі сызықтық функциялардың графиктері бейнеленген. Бұл түзулер бір-біріне параллель.
|
Geogebra-ны және белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып «Графиктер және функциялар» тақырыбын оқыту әдісі жоғарыдағыдай сызбалар арқылы жүзеге асады.
0>0>
Достарыңызбен бөлісу: |